Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесіндегі «Алатау төріне» бөлімі

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесіндегі «Алатау төріне» бөлімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АҚСУКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ







Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесіндегі «Алатау төріне» бөлімі




Модуль/ пәні: Қазақ әдебиеті

Мамандык: 01120100 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Біліктілік: 3W01120101 - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі

Тобы: МДО-251

Күні: ___________

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (талдау, пікірлесу, шығармашылық жұмыс)






«КЕЛІСІЛДІ»

Директордың оқу – ісі жөніндегі

орынбасары_______Ш.Давлетова

«______»________2025

Орындаған:___________Р.Т.Надирханова




Ақсукент 2025

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 16



Модуль /пән атауы:Қазақ әдебиеті


1.Сабақтың тақырыбы: М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесіндегі «Алатау төріне» бөлімі


2.Сабақ түрі: Аралас сабақ (талдау, пікірлесу, шығармашылық жұмыс)


3.Сабақтың мақсаты, міндеттері: Студенттерге «Алатау төріне» бөлімінің мазмұнын, Қаныш Сәтбаевтың өмір жолындағы маңызды кезеңін түсіндіру.


4.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Қаныш Сәтбаевтың еңбекқорлығы мен отансүйгіштігін үлгі ету.


5.Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау, өз ойын еркін жеткізу және көркем мәтінді талдау дағдыларын дамыту.

 

6. Сабақты жабдықтау: Оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, слайдтар, суреттер, интерактивті тақта, плакаттар, романның үзіндісі, бейнематериал, бағалау парағы


6.Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Қазақ әдебиеті 10- сынып Алматы «Мектеп» 2019ж; 10-сынып,

Қасқабасов С, Әлмұханова Р, Раушанова Е, Қайырбай Қ Қазақ әдебиеті : жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбының жаратылыстану – математикалық бағытына арналған оқулық.-Алматы: Жазушы. 2019; 11- сыныбына арналған оқулық Орда, СДәрібаев, А.Сатылов


7. Сабақ бойынша рефлексия:

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Мен бүгін білдім...

Мен бүгін сезіндім...

Мен келесі сабақта білгім келеді...








  1. Үй тапсырмасы: «Қаныш Сәтбаев – ұлттың рухани асқары» тақырыбына постер дайындау.






Сабақтың барысы


Жоспарланған уақыт

Оқытушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


Сәлемдесу, топқа бөлу, білім алушыларды түгендеу, дәрісхана ішіндегі тазалық пен топтағы білім алушылардың сабаққа қатысымын қадағалау.

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер! Бүгін біз ұлы ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірінен сыр шертетін М. Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесіндегі «Алатау төріне» бөлімін талдаймыз.Сабақ бойы сіздермен бірге ғалымның жүріп өткен қиын да даңқты жолына көз жүгіртеміз, оның ұлтқа сіңірген еңбегін бағалаймыз.

Қауіпсіздік ережелерін қайталау

(5-10 мин)


Оқушылардың физикалық, психикалық және рухани денсаулығындағы ауытқушылықтармен немесе бұзылулармен қатар мектепке барғанда олар әртүрлі ТЖ-дың ықпалына тап болуы мүмкін: стихиялық апаттар: жер сілкінуі, дауыл, экстремалдық температура, сел; жұқпалы аурулар эпидемиялары, әсіресе карантиндік және аса қауіпті жұқпалар; техногенді ТЖ: өрт, жарылыс, қирау, химиялық улану, радиоактивтік ластану және т. б.; әлеуметтік ТЖ: қылмыс, терроризм, адамдарды кепілдікке алу, тұлғааралық жанжалдар, қару қолданылатын ұлтаралық жанжалдар. Оқушылар жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың, сырқаттанудың алдын алу үшін, денсаулықтарын сақтау және нығайту үшін жалпы беретін ұйымның жарғысын, қауіпсіздік техникаларының талаптарын, өрт қауіпсіздігін, жүріс-тұрыс ережелерін, жеке және оқу гигиенасын қатаң сақтауы; қарапайым қауіпсіздікті сақтауы тиіс. 

Үй тапсырма-сын сұрау (15 мин)

Студенттер “Қ.Сәтбаев” роман-эсесінің “Үлкен Жезқазған” бөлімі туралы қысқаша әңгімелеп береді.

Барабан әдісі” арқылы өтілген тақырыптар бойынша сұрақ-жауап:

Өткен сабақты қорытындылау

(5 мин)

Үлкен Жезқазған” – романның ең шынайы әрі әсерлі тарауларының бірі.
Бұл бөлімде жас ғалым Қаныш Сәтбаевтың геологиялық ізденістер жолындағы еңбегі, қиындыққа мойымауы, ел мен ғылым алдындағы жауапкершілігі суреттеледі.

Ол кезде Жезқазған – бос дала, сусыз, шөлейт аймақ болатын. Бірақ Қаныш Сәтбаев бұл жердің қойнауында ұлт болашағын сақтайтын байлық бар екенін дәлелдеді.

Жаңа сабақты түсіндіру

(40 мин)

Қызығушылықты ояту (10 минут)

Мұғалім сөзі: Алатау дегенде сіздердің көз алдыңызға не елестейді? (Студенттердің жауаптары тыңдалады)

Топтарға «Қаныш Сәтбаев кім?», «Ол не үшін ұлт мақтанышы?» деген сұрақтарға постер жасау тапсырмасы беріледі.

Мұғалімнің түсіндірмесі, бейнебаян көрсету:

«Алатау төріне» бөлімінде автор Қаныш Сәтбаевтың Алматыға, ғылым ордасына жол тартқан кезеңін суреттейді.

Қаныштың азан шақырылып қойған есімі Ғабдул Ғани. Анасы Алейманың Ғанием, Қанышым, Қанышым деп әркелеткен есімі ауылға тарап, кейін ғойын баласы, мектеп табалырғын аттағында жорналға есімі Қаныш болып жағылып кеткен. Мектептен кейін семейдегі муалимдар семинариясын тамамдаған ол, еңбек жолың ұстаздықтан бастап, СОТ орындаушысы қызметімен жалғастырады. Алаш ардақтыларының бірі Әлемхан Ермеков жас маманымен кезікпегенде, Қаныштың геолог болуы да неғайбұл еді. Талапты жігітті Әлемхан Том қаласына жетеліп, Таукен факультетіне оқуға түсіреді. Алайда, арада 2 жыл өткен соң, Том қаласының ылғалды ауарайынан өкпесіне суық тиіп, қан құсған Қаныш Баян ауылға өлім аузында жеткізледі. Дәрігерлер жас жігіттен үмітін үзген еді. Ауылға жетіп, үш-төрт ай сауымал ішкен Қаныш дертінен құлан таза айыққан. 20-ші ғасырдың басында, тәуелсіздікке талпынған Алаш үкіметі алдындағы, халық алдындағы жауапкершілікті көзі ашық Қаныш бөз бала кезінен сезінді. 1920-ші жылдардан бастап, Мектеп оқұлықтарын жазуға Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтырсынов, Жүсіппек Аймаутов секілді, зиялылар кіріскенде, алгебра оқулығын жазу жауапкершілігі Қанышқа жүктелді. Сөйтіп, 1924жылы небәрі 25 жасында Сәтбаев қазақтың алғашқы “Алгебра” оқулығын жазып шықты. Қаныш Имантайұлы жас кезінде әдемі әнде салған халықтың музикалық шығармаларында жинаған. Атақты геолог Александр Затеевичке 25 ән тапсырған. Ұлттық этнография ғылымының дамуына да Қ.Сәтбаев үлкен үлес қосты. Ш.Уәлиханов жазып алған “Ер Едіге” мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз арап, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясы негізінде қайтадан дайындаған. Қаныш Имантайұлының геология ғылымы жолында атқарған еңбегі бір төбе. Сәтбаевдің башылығымен Сарарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқыла Сарарқа аимағында қара түсті және сирет металлардың бұра жаңа кендер ашылды. Ол Қарығандыда металоргиялық завод салуда. Қостонай, Алтай темір және марганец. Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді.

Бекіту тапсырмалары:

Қаныш Сәтбаев кездескен тарихи тұлғалар кестесін толтырыңдар.

Романдағы тарихи тұлға

Романнан мысал

Қанышпен қандай байланысы болды














Сергіту сәті: “Қызықты, логикалық сұрақ-жауап”

  1. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? Ағашта өседі

  2. Құлақ не үшін керек? Очки тағу үшін

  3. Қай айда 28 күн бар? Барлық айда

  4. Тауық 1 аяғымен 3 кг, 2 аяғымен неше кг? 3 кг

  5. Біздікі болғанмен басқалар қолданады? Есім

  6. Ұзарған сайын қысқаратын нірсе? Өмір

  7. Лимонның жартысы неге ұқсайды? Лимон жартысына ұқсайды

  8. Кароль кімнің қасында тәжін шешеді? Шаш қиғанда

  9. Балықтар неліктен сөйлемейді? Су жұтып қояды

  10. Алма жегенде алмадағы құртты көруден жаман не бар? Құрттың жартысын жегенін көру

  11. Алфавиттың соңғы әріпі? Т

  12. Қазақстан мен Өзбекстан ортасында не бар? Мен бар

  13. Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды неге? Фотоға түсіреді

  14. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолмен кім тоқтата алады? Гаи

  15. Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? Ұзынағашта


Берілген тірек сөздерді пайдаланып, “Қаныш арманы” деген тақырыпта шағын шығарма жаз.

Денсаулық, оқу, ғылымды игеру, қазақ ғылымы, ұлттық ғылым, кен байлығы, жер қыртысы


Ситуациялық

сұрақтарға жауап беру;

(5-8 мин)


Сабақты қорытындылау

(3- 5мин)

«Алатау төріне шыққан Қаныш Сәтбаев – тек ғылымның шыңына емес, халық жүрегінің төріне көтерілген тұлға. Біз де білім мен еңбектің күшімен өз биігімізге жетейік.»

Рефлексия

(3 -5мин)


Аяқталмаған сөйлемдер” әдісі


Мен бүгін білдім...

Мен бүгін сезіндім...

Мен келесі сабақта білгім келеді...







Бағалау (3-5мин)

Студенттерді жеке-жеке бағалау

Үйге тапсырма

(2-5мин)

«Қаныш Сәтбаев – ұлттың рухани асқары» тақырыбына постер дайындау.





Дайындаған оқытушы ____________ Р.Т.Надирханова








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12