Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия
Дандыбаева Гульзия Акимгалиевна
Мұғалім- мәртебелі мамандық . эссе
Бала бойына ата-анамен қатар ақыл-ой,адамгершілік,әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші –мұғалім.
Мұғалім –мамандық, ұстаздық- қасиет.Ұстаз болу –адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
Бәріміздің өмірімізде өшпестей із қалдырып,санамызды сәулелендіріп,ойымыз-
ды озық ететін ұстаз атты қастерлі де қасиетті тұлғаның ерекше еңбегі, қажыр- қайраты қандай құрметке болса да лайық.Адамдық диқаншысы адам бойына адамдықтың, адалдықтың дәнін сеуіп,соның өмірде дұрыс жолды таңдап, жақсы азамат болуына сүбелі үлесін қосады.
Ұстаз диқан сияқты.Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтқанда,өмір сүруге тәрбиелейді.
Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбайтын,шәкіртінің жанарына нұр, санасына ақыл қосып,өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткіз-сем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп Абай ғұлама айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екенін бәріміз мойындаймыз.
Менің осы мұғалімдікті таңдауымның мәнісі тереңде жатыр. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді»,-деп Мәлік Ғабдуллин айтқандай, өзімді оқытқан мұғалімдердің балаға деген ерекше ықыласы мен қамқорлығы, сүйіспеншілігі зор болды дей аламын,өйткені олардың әрқайсысы біздің жүрегіміздің төрінен сыйлы орын алған ұстаздар бар.
Өзім де талай шәкірттің балалық бал дәуренінің қызық пен қуанышқа толы болуына, білім көкжиегін кеңейтіп,саналы азамат болуына қатысып, олардың да, ата-ананың да, әріптестердің де алғысы мен құрметіне бөленіп жүргенім қуантады.
Осы жолда ата-аналармен, әріптестеріммен бірлесе алдыма келген әр шәкірт-тің білімге деген құштарлығын арттыра, шығармашылықты шыңдай жүріп, еселі еңбектің толағай табысы мен көңіл қуантарлық нәтижесін көріп келемін. Бұның бәрі де зор ізденіс пен үздіксіз еңбектің бал дәмі екенін білемін.
Қазіргі жаһандану дәуірінде мұғалімге жүктелер міндет те оңай емес екені белгілі. Ол міндет - жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, білімге ұмтылдыру,өмір сүруге дайындау.Еліміздің ертеңі - алдымызда отырған жас буын.Сол жас ұрпақты шығармашыл, ізденгіш,сыни ойлауға, оқығанын өмірде пайдалана алуға, қалай оқу керектігін жете түсіне білуге үйретуде мұғалімдер қауымына талмай ізденудің,тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйренудің керектігі айтпаса да түсінікті.
Ендеше, өмірде бала бақытын еселей түсетін ардақты мұғалімдік мамандығы менің мерейлі мақтанышым болып қала бермек. Жаңа қарқынмен, тамаша ой-пікір, тың көзқараспен алға ұмтылған барлық мұғалімдерге толағай табыс, шығармашылық еңбек тілеймін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалім - мәртебелі мамандық.
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия
Дандыбаева Гульзия Акимгалиевна
Мұғалім- мәртебелі мамандық . эссе
Бала бойына ата-анамен қатар ақыл-ой,адамгершілік,әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші –мұғалім.
Мұғалім –мамандық, ұстаздық- қасиет.Ұстаз болу –адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
Бәріміздің өмірімізде өшпестей із қалдырып,санамызды сәулелендіріп,ойымыз-
ды озық ететін ұстаз атты қастерлі де қасиетті тұлғаның ерекше еңбегі, қажыр- қайраты қандай құрметке болса да лайық.Адамдық диқаншысы адам бойына адамдықтың, адалдықтың дәнін сеуіп,соның өмірде дұрыс жолды таңдап, жақсы азамат болуына сүбелі үлесін қосады.
Ұстаз диқан сияқты.Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтқанда,өмір сүруге тәрбиелейді.
Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбайтын,шәкіртінің жанарына нұр, санасына ақыл қосып,өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткіз-сем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп Абай ғұлама айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екенін бәріміз мойындаймыз.
Менің осы мұғалімдікті таңдауымның мәнісі тереңде жатыр. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді»,-деп Мәлік Ғабдуллин айтқандай, өзімді оқытқан мұғалімдердің балаға деген ерекше ықыласы мен қамқорлығы, сүйіспеншілігі зор болды дей аламын,өйткені олардың әрқайсысы біздің жүрегіміздің төрінен сыйлы орын алған ұстаздар бар.
Өзім де талай шәкірттің балалық бал дәуренінің қызық пен қуанышқа толы болуына, білім көкжиегін кеңейтіп,саналы азамат болуына қатысып, олардың да, ата-ананың да, әріптестердің де алғысы мен құрметіне бөленіп жүргенім қуантады.
Осы жолда ата-аналармен, әріптестеріммен бірлесе алдыма келген әр шәкірт-тің білімге деген құштарлығын арттыра, шығармашылықты шыңдай жүріп, еселі еңбектің толағай табысы мен көңіл қуантарлық нәтижесін көріп келемін. Бұның бәрі де зор ізденіс пен үздіксіз еңбектің бал дәмі екенін білемін.
Қазіргі жаһандану дәуірінде мұғалімге жүктелер міндет те оңай емес екені белгілі. Ол міндет - жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, білімге ұмтылдыру,өмір сүруге дайындау.Еліміздің ертеңі - алдымызда отырған жас буын.Сол жас ұрпақты шығармашыл, ізденгіш,сыни ойлауға, оқығанын өмірде пайдалана алуға, қалай оқу керектігін жете түсіне білуге үйретуде мұғалімдер қауымына талмай ізденудің,тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйренудің керектігі айтпаса да түсінікті.
Ендеше, өмірде бала бақытын еселей түсетін ардақты мұғалімдік мамандығы менің мерейлі мақтанышым болып қала бермек. Жаңа қарқынмен, тамаша ой-пікір, тың көзқараспен алға ұмтылған барлық мұғалімдерге толағай табыс, шығармашылық еңбек тілеймін.
шағым қалдыра аласыз


