Материалдар / Мұғалім-әлемдегі ең үздік мамандық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалім-әлемдегі ең үздік мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Портфолиоға жарамды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2024
496
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МҰҒАЛІМ-ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК МАМАНДЫҚ


Ұстаз!Осы сөзде қаншама даналық,ғұламалық,мейірім жатыр десеңізші.Ұстазды құрметтемеген,ұстазды ұлықтамаған ел кем шығар.«Ұстаз болу-жүректің батырлығы» деп Ғафу Қайырбеков айтқандай кез-келген тұлға ұстаз бола бермейді.Ұстаздық жолды таңдау-осы мамандықты жан-жүрегімен сезіну,сүю,ұрпақ тәрбиелеу,білім нәрімен сусындату.Менің мамандығым-әлемдегі ең үздік мамандық.

Біріншіден,мұғалім шәкірттерінің өміріне із қалдырады.Ол белгілі бір пәндер бойынша білім беріп қана қоймай,тәлімгер ,тіпті екінші ата-ана рөлін де атқарады.Мұғалім оқушыларды шабыттандырады,қолдап,жетістікке жету жолына бағыттайды.Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы «Әсемпаз болма әр неге,Өнерпаз болсаң арқалан,Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан»дегендей өскелең ұрпаққа өз жолын табуға,еліміздің тұтқасын берік ұстауға,ұлтжанды,елі мен жерін сүйетін патриот,Отанына адал қызмет ететін нағыз жеке тұлғаны тәрбиелейтінде ұстаз.

Ұстаздың алдынан дана да,ғалым да,ел басқаратын басшы да өткен.Ақын-жазушыларымыз да өз ұстаздарын еңбектеріне тарих етіп қалдырғандығы осы ұлы есімнің мәртебиесінің жоғары екендігінде.Әл-Фараби өз ұстазын қадірлегені соншалықты Аристотельдің үйіне жақындағанда атынан түсіп,жаяу жүреді екен.«Алты алаштың басы қосылса,төрдегі орын ұстаздікі!»дегендей ежелден-ақ ұстазға құрмет ерекше болған.

Екіншіден,мұғалім қоғамның дамуына күш-жігерін жұмсайды.Білім мен мәдениетті,құндылықтарды және мінез-құлық нормаларын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.Мұғалім тек білім беріп қана қоймай,сонымен қатар сыни ойлауды,төзімділікті,өзгермелі әлемге бейімделу қабілетін дамытуға көмектеседі.Ұстаздық қызмет-елге қызмет ету,еліміздің болашағының кемел болуына деген тер төгу.«Әр оқушы бір жұлдыз,жарқырауына жәрдем бер»демекші,ұстаз-жай ғана мамандық емес,ол болашақ ұрпақтың жұлдызын жағып,өмірден өз орынын табуға жол сілтейді.

Үшіншіден,ұстаз-шабыт пен даналықтың сарқылмас қайнар көзі.Оның тәжірибесі,білімі мен оқуға деген құштарлығы,оқушыларды білімге ұмтылуға,өзін-өзі жетілдіруге шабыттандырады.Мұғалімнің өзі үнемі оқу үрдісінде болады,оның білім алуға және дамуға деген ынтасы оның білім беруде теңдесі жоқ көшбасшы етеді.

«Тамшымен тас тесетін су тәрізді»деп Әл-Фараби айтқандай тама-тама тас тескен ұлт ұстазы болу-мәртебелі,әлемдегі ең үздік мұғалім-шәкірттің болашағын қалыптастыратын,шәкірт жүрегінен мәңгі орын алатын,әлемдегі ең жақсы мамандық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!