Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім –әлемдегі ең үздік мамандық

Ұстаздар-тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер,

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлі еткендер.

Қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынов атамыз «Адамдық диқаншысы» деп ұстазды жайдан-жай атамаған. Өйткені ол шәкіртінің бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін абзал жан. Ол-мәңгі нұрдың қызметшісі. Жас шыбықтың тамыры терең, жапырағы жайқалып, жемісі мол болуы үшін үлкен еңбек қажет, оны бағбан ұзақ күтеді. Ұстаз да осы бағбан тәрізді. Мектеп табалдырығын аттап келген күннен бастап оқушыларды өзіне баурап алып, мейірімі мен шапағатына бөлейді. Өз уақытының көбін шәкіртіне бөледі. Ол тек шәкіртін ғана емес, ұлтын, күллі адамзат баласын бақытқа жеткізу үшін еңбектенеді.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық…

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар,- деп ұрандаған, «дала қоңырауы» Ыбырай атамыздың білімге шақырған сөздері бүгінгі күнге дейін рухымызды нығайтып келеді. Ол ұлтымыздың ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырған ұстаз.

Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Мектеп  ұжымынан әрбір  ұстаздың  бойында  болатын  төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы  қасиеттерді  бойыма  сіңірдім. Мен  өзімнің  ұстаздарыммен  қатар  еңбек  етіп, баланың  бойына  ақыл білім  дәнін  сеуіп,  аялап,  көңілін  табуды,  алаламай  сүйе  білуді  үйрендім. 

Қазірде сынақтар оқушыларды дипрессияға жетелейтін болған. Шектен тыс сезімтал. Бір бақылаудан төмен баллдың өзі оларды абдыратады. Сол себепті мен сабақтарымда сайыстарды көп ұйымдастырамын. Әрі қызықты, әрі оқушы өзін-өзі қамшылайды, сынақтарға төзімді болады. Жеңіс, жеңіліс оларды есейтеді және бір артықшылығы оқушының дүниетанымы кеңейеді, оған қоса қарым-қатынас дағдысы да артады. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық. Әр жаңалықтың ұтымды жақтарын саралап ала білетін ұстаз — жеңімпаз! Не үшін дейсіз бе?
Бір сәттен кейін не болатынын болжай алмайтын, тосынсыйларға толы өмірдің куәгері болудамыз. Әлем сағаттап, санамыз қабылдап үлгермейтін, жарық тездігімен дамып келуде. Жақын он жыл бұрын жоғары білім жақсы өмірдің кепілі болса, бүгінгі таңда білімнің өзі жеткіліксіз. Жоғары интеллектпен қоса іскерлік, қарым-қатынас, көшбасшылық, эмоциялық интеллект талап етілуде. Бұл біліммен тәрбиенің ошағы — мектеп және ұстаздарды алдымен сынға алуда. Денсаулықты нығайтқан сияқты. Бұлшық еті әлсіз балаларды жүзуге береміз. Аяғы нәзік болса велосипед тебеді. Білім беруде де солай. Жақыннан таныстырып көруге, жақындауға қорықпау керек.
Осының бәріне бір уақытта үлгеру үшін терең білімділік пен бірге қайсарлық, өжеттілік қажет. Бүгінгі күннің қаһармандары деп мына жұмбақ өмірдің қайсар Ұстаздарын көрсетер едім. Себебі, бір уақыттың өзінде әрі ұстаз, әрі ана, әрі дос, әрі психолог. «Ұстаз» деген атқа ие болған адам бақытты адам деп білемін. Себебі, олар әрбір шәкірт тағдырына әсер етіп, әрқашан тірек болып шәкірт қасынан табылары сөзсіз. 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.00.2024
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12