Материалдар / МҰҒАЛІМ БЕЙНЕСІНІҢ ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

МҰҒАЛІМ БЕЙНЕСІНІҢ ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2019
388
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МҰҒАЛІМ БЕЙНЕСІНІҢ ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ



Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет.

Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым – қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Педагогикалық шеберліктің қалыптасу мәселесі, оның мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастағы рөлі жайында педагогика мен психология саласында Ю.П.Азаров, Ю.К. Бабанский, Н.В.Кузьмин, С.Д.Смирнов, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель, Шкутин Л.А, Н.В. Александров жұмыстары, Н.В. Кухарев, А.В.Мудрик, А.В.Петровский, В.И.Слуцкий, П.И.Пидкасистый, Л.И.Рувинский, А.А.Гин, А.П.Чернявская, А.А.Калюжний, Н.В.Мирза, Т.П.Смолькина және басқа да ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары ашылып, зерттелді.

Жаңашыл-ұстаздардың Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, Ю.П.Фокин, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенковая және де басқалардың үлкен жаттығу тәжiрибесi «мұғалім–тәрбиеленуші» жүйесінде қарым-қатынастың тиімді болуына жоғарғы педагогикалық шеберлік әсер ететіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді[1].

Қазіргі таңда жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.

Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, оқушылардың қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады. Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.

Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Қарағанды қаласындағы бірнеше мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат етіп қойылған мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі мәселе - мұғалімдік мамандыққа қойылатын жасөспірімдердің талабын психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету және оны педагогикалық және әдістемелік жағынан алып талдау.

Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады. Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер кездеседі. Мұндайда баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеру керек[2].

Зерттеу барысында арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі топқа бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды.

Соның нәтижесінде оқушылар тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Оқушылар тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектер

 

Төртінші топтағы оқушылардың ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:

1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы;

2. Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі;

3. Мұғалімнің класс ұжымын басқарып,оған жетекшілік ете алуы;

4. Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.

Арнайы зерттеу нәтижелерін талдай отырып, мұғалім жайындағы оқушылардың пікірлерін топтастыра отырып қарастырылғанда мұғалімге тән 27 ұнамды сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшеліктердің бар екендігін атап көрсетуге болады. Сол оқушылардың мұғалімнің мінез-құлқы жайындағы ұнататын сапалары мен қарым-қатынас жасауда талап етілетін жағымды сипаттар мынадай:

Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер:

а) шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы;

ә) жасөспірімдер мен ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап, олардың пікірлерімен санасу;

б) оқушыларға сенім білдіру;

в) шәкірттердің бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай,жеке өзіне оңаша айтуы;

г) шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету;

ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету;

д) шәкірттердің жан дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп,үнемі сезімталдық көрсетуі; е) әрбір істе үнемі әділетті болуы;

ж) шәкірттердің табысы мен ықылас-ынтасын тез аңғарғыштығы;

з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.

Екінші топтағы сапаларға:

а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы;

ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы;

б)сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі;

в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы;

г) өз пәніне деген оқушылардың ықылас-ынтасын арттыра білуі;

ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз еру.

Үшінші топтағы сапалар:

а)қоғамдық ұйымдар мен кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі;

ә) оқушылардың белсенділігі мен дербестігін бағалап,балалардың бастамасын үнемі қолдауы;

б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы;

в) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;

г) балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі;

ғ) ұлдар ммен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы;

д) әрбір нәрсені істей білетін шебер ұстаз шәкірттеріне де көп нәрсе алатындығы.

Төртінші топтағы сапалар:

а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр сөйлейтіндігі;

ә) мінез-құлқының қарапайымдылығы;

б) өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.

Осындай топтастырып көрсетілген сапалар оқушылардың мұғалімдер жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен қарым-қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.

Бірінші топтағы ерекшеліктер:

-шәкірттерге немқұрайлы қарап, дара ерекшеліктермен санаспай, оларды балаға санайды;

-ақыл-есі жетілмеген деп санап,оқушыларға көбінесе ақыл айтады;

-оқушыларға сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді;

-оқушылардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен ескертулер жасайды;

-шәкірттерге дауыс көтере зекіп сөйлеп, олардың айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды;

-оқушылардың қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, атүсті жауап береді;

-шәкірттерінің көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды;

-кейбір оқушыларды ғана бөлектей көрсетіп, алалап, әділетсіздік білдіреді;

оқушылар бойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай, олардың қабілеті мен күш-жігерін жете бағаламайды;

-оқушылардың мінез-құлқынан үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.

Екінші топқа жататын кемшіліктер:

-оқу материалдарын оқулық шеңберінде ғана түсіндірумен шектеледі: ә)оқушылардың бағдарламадан тыс қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді;

-сабақты нақты түсіндіре алмайды;

-сабақты қызықсыз әрі жалаң өткізеді;

-оқу материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, оны түрлендіре отырып түсіндіруге жете мән бермейді;

-оқушыларға бір талабын орындатпай жатып екіншісін қойып, сабақтың берекесін алады.

Үшінші топқа жататын кемшіліктер:

-мектептегі және кластағы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуіне жеткілікті көңіл аудармайды, олармен қоян-қолтық араласып кетпейді;

-балалардың әлі жетерлік қоғамдық жұмыстарды өзі істеп,оқушыларға сенімсіздік білдіреді;

-оқушылардан тек өзінің ғана айтқанын орындауды талап етеді;

-класс ұжымына берген уәдесін дер кезінде орындамайды; г)балалардың көкейтесті мәселелеріне мән бермейді, олардың жеке басының істеріне араласпайды, өйткені мұндай істер оқушылардың өз жұмыстары деп санайды;

-ұлдар мен қыздар арасындағы жолдастық, достық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасу мерзімі ерте деген пікірде болады;

-қоғамдық жұмыстарды орындаудың жолын жете түсіне бермейді.

Төртінші топқа жатын кемшіліктер:

-ашуланшақ, күйгелек;

-тұйық, оқушылармен қарым-қатынасы салқын;

-жүріс-тұрысының бәрі асығыс, үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады.

Оқушылардың мұғалімдерге қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар үнемі ескеретін болуға тиіс. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді.Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар мен ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері.

Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!