Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім ғазиз мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мұғалім ғазиз, мұғалім, сарқылмас менің бұлағым»

Барысы:

Жүргізуші-1: Құрметті аяулы ұстаздар! Сіздерді төл мерекеміз, ұстаздар мерекесімен құттықтаймыз. Ендеше «Мұғалім ғазиз, мұғалім, сарқылмас менің бұлағым» атты мерекелік дастарханымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші-2:

Ұстаз деген-жарық күні ғаламның

Ұстаз деген-анасы ол адамның

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін

Сен де одан адам болып жаралдың..

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен

Бар әлемге еңбегің еленген

Сенің бағың өрге қарай өрлесе

Ол да бірге қуанышқа кенелген

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында

Ол өзіңнің орындалған арманың-деп бүгінгі ұстаздар мерекесіне орай құттықтау сөзін мектеп директоры Т.Е.Аманғазыұлына береміз!

Жүргізуші-1:

Мұғалім, ғазиз мұғалім

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма

Арқаң деп сенің ұғамын

Мұғалім, ғазиз мұғалім

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұстаздар бүгін сіздерге

Арнайды саған бұл әнін-деп гуманитарлық бірлестік мұғалімдерінің орындауында «Ұстазым» әні.

Жүргізуші-2:

Ұстаз-деген жарық күні ғаламның

Ұстаз деген-анасы ол адамның

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін

Сенде одан адам болып жаралдың-деп келеі мерекелік құттықтау сөзді мектептің ардагер ұстаздарына береміз!

Жүргізуші-1:

Математикалық ойын:

Шарты: Бұл ойын музыка арқылы орындалады. Бірнеше ойыншы шығып би арқылы ауада сан (цифр) жазады.Ал көрермендер қандай сан жазылғанын табуы керек. Оңай есептерде жазуға болады. Мысалы: 2+5. Көрермендер тапқанша ойыншылар биін жалғастыра береді.

Жүргізуші-2:

Ұстаз мейірімі-Анамен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар-деп ортаға осы мектепте ұзақ жыл еңбек еткен, әлі де осы мектепте білім беретін ұстаздарымыз Есмұханова Шынар апай, Дүсіпов Темір ағай, Сүйесінова Айна апай, Абдрахманов Сембай ағай, Абдрахманов Ғалым ағай, Абдрахманова Рахима апай сіздерді жүрек жарды тілектеріңізбен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші-1:

Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Ұстаздар жанарына күлкі сыйлар

Мың бұрала билейтін жұлдызсыздар-дей келе ортаға «Өзбек биімен» Сарина Әсемгүл Саматқызы, Тлемісова Жанна Манасқызы, Кимерсенова Марина Кирмерсенқызы атты мектебіміздің мың бұралған бикештерімізді ортаға шақырамыз... Қарсы алыңыздар!!!

Жүргізуші-2:

МҰҒАЛІМ
Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен-ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.
Таныдың да мінезін әр баланың,
Ұштай түстің ұл-қыздың арман-әнін.
Шәкіртіңнің болашақ биігінің
Іргетасын алдымен сен қаладың.
Парыз жүктеп қыз бенен сенімі ұлдың,
Армандарын ақ қанат сен ұғындың.
Мұңайса да,қамықса бала жаны,
Шипагері екен деп сені білдім.
Болмысыңмен осындай дараландың,
Асқақтығын ұқтырып балаға ардың.
Сен өйткені осынау мамандықты
Жүрегіңмен әу баста қалап алдың.

Жүргізуші-1:

Болса кейде сабақ пен дәптерде мін,
Кейде ақталмай жатса да төккен терің.
Кешіріммен қарадың шәкіртіңе,
Жөн сілтедің,бірақ та жек көрмедің.
Ұстаз деген ұлық ат-сендегі есім,
Балғындардың бәрін де тең көресің.
Балалықпен күн сайын жүздесесің,
Тазалықпен бетпе-бет сен келесің.
Сәулесіне шомылып жүрек нұрдың,
Талай мәрте таңы атты түлек күннің.
Шығарып сап сапарға,сен солардың
Жақсы азамат болғанын тілеп тұрдың.

Жүргізуші-2:

-Олай болса құрметті ұстаздар мерекелік кешімізді әрімен қарай көңілді ойындармен жалғастырайық.

Ойын: «Мен істей аламын...» 10 ойыншы ортаға шықса, ортаға бутылка қойылады, және бутылка айналдырылады, бутылканың басы қай оыншыға қараса сол ойыншы шкатулканың ішіндегі тапсырманы орындайды. Шкатулканың ішінде қағаздар да қызықты тапсырмалар беріледі.Мысалы: Мен балет билей аламын десеңіз сол іс әрекетіңізді осы жерде көрсетіп бересіз.

Жүргізуші-1:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы

Өмірді алға қарай өрлететін,

Сендерде Ұлы Отанның болашағы

Жүргізуші-2:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған
Шапағаты шуақ шашқан ұстаздарым
Өздеріңнен бастау алар бар арман-дей отыра келесі ойынымызға кезек берейік.

Ойын: «Ұстаз әке» деп аталады.Ұстаз мектепте мұғалім, үйде ана, әке рөлін атқарады олай болса ортаға Ұстаз әкелермізді шақырайық: Елеусіз ағай және Нүркен ағай сіздерге тапсырма 1минут ішінде кішкентай сәбилерді киіндіріп, жаялығына орау тапсырылады. Және киіндіріп болған соң...бесік жырын айтып қолымыздағы сәбиді ұйықтатамыз. Қатысқандарыңызға көп рахмет!!!

Жүргізуші-1:

Жүректерге тәліммен із қалдырып,
Сен мыңдардың жүресің санасында.
Жүзіңде боп мейірімнің нұры басым,
Бала жанын байыппен ұғынасың.
Ізгілікті өмірдің ортасында
Қарапайым боп жүрген ұлы жансың.

Жүргізуші-2:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның
Ұстаз деген - анасы ол адамның
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін
Сен де одан адам болып жаралдың
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегін еленген
Сенің бағың өрге қарай өрлесе
Ол да бірге қуанышқа кенелген
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында
Ол өзінің орындалған арманың-дей отырып бүгінгі мерекелік дастарханымыздың концерттік бағдарламасын аяқтаймыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1369
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12