Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы.Дебат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы.Дебат

Материал туралы қысқаша түсінік
8-9-сыныптарға арналған дебат ойыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сам» «мектеп - бөбекжай» кешені» КММ-сі

















«Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы»

Дебат технологиясы (пікір-сайыс)





Дайындаған: ҚББП Айтқалиева Ақмоншақ

Күні: 25.01

























2022-2023 ж

Тақырыбы: «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы»

Дебат (пікір-талас)

Мақсаты: Өз ойы мен пікірі бар, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын, қабілетті де құзыретті тұлғаны тәрбиелеу. Оқушыларды жан - жақты ізденіс жұмыстарына баулу. Оқушыны көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз ойын жетік, толық жеткізуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға бағыттау, оқушылардың ой пікірін дамытып, дүние танымын арттыру мақсатында рухани адамгершілік тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап (ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру)

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар,мультимедиа құралдары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу (топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыу)

Бүгінгі біздің сарапшыларымыз:

1)Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасыры: Ж.Тилепиева

2)Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Нурова

ІІ. Тақырыппен жұмыс

1.Жүргізуші ашық пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырады: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,оқушылар сіздерге 8-9 сынып оқушылары арасындағы «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда,жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып,тасып,

Біреу ығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді таланттарға.

Бұл пікірталаста қатысушылар: «Жалын» тобы жақтаушы және «Болашақ» даттаушы тобы.

Пікірталасымыздың ережелерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыздың ережесі:

1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу.

2. Қарсыласыңды тыңдау, сыйлау.

3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.

4. Қарама - қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.

5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.

Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай топтың бірінші бастайтыны белгілі болады.

Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру. Әр топ лидерлерін,топ атын және топ спикерлерін таныстырады. Уақытыңыз 1 минут.

Жақтаушы жақтың спикерлері (Жалын тобы. 3 оқушыдан)

Даттаушы жақтың спикерлері (Болашақ тобы. 3 оқушыдан)

Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, мәліметтерді ортаға салады. Жақтаушы мен қарсы даттаушы жақтың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі,әр спикерге сөйлеуге

3 минуттан беріледі.

1. «Жалын» тобының спикері:

2. «Болашақ» тобының спикері:

3«Жалын» тобының спикері

4. «Болашақ» тобының спикері:

5. «Жалын» тобының спикері:

6. «Болашақ» тобының спикері:

Сұрақ-жауаптармен алмасады.

7. «Жалын» тобының спикері:

8. «Болашақ» тобының спикері:

ІІІ. Қорытынды.

1. Залда отырған қатысушыларға 2 түсті карточка таратылады. Жақтаушы жақты қолдайтындар «Жалын» карточкасын, даттаушы жақты қолдайтындар «Болашақ» карточкасын жәшікке салады.

2. Сарапшылар екі топтың сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.

3. Марапаттау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2023
925
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі