Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық жақтары
Саркулова Светлана Болатовна
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы орта мектебі,
Педагог - психологі
Кіріспе
Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, тәлім тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол еңбекшіл парасатты азаматы болуы керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан, қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай тарихи танымы мол, саяси – экономикалық және педагогикалық – психологиялық сауатты болуы тиіс. Елбасының білім және ғылым қызыметкерлеріне «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» дегені жоғарыдағы сөзімізді айғақтай түседі. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиетеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Психологиялық тұрғыда қарым-қатынас күрделі, жан-жақты процесс болғандықтан, ол үшін аспектіде (коммуникктивтік, интерактивтік және перцепттвтік) қарастырылады. Аталмыш үш аспектінің мазмұны адамдардың бір-бірін тануы, араласуы және хабар беріп, хабар алмасуы. Олай болса, біз өзіміздің шағын мақаламызда өз тәжірбиемізді пайдаланап отырып, педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық жағын сөз етпекпіз.
Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатыста мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушы мен, оқушы мұғаліммен тікелей және кері қарым-қатыныста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үдірісінде мұғалім үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші, т.б рөлді атқарса, оқушы – білімді алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы – сөз.
Мектеп оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірбиесіне байланысты деп атаймыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі, мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине қанша тәжірбиелі мұғалім болса да, балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай емес. [1.24-26]
II. Негізгі бөлім.
А) Қарым –қатынастың тәрбиелік ықпалы.
Оқушылармен дұрыс қарым – қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі:
1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым – қатынасқа тез түсіп отырады.
Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысылы, «Тыныш отыр», «Немене бәрін білесіңбе ?», «Сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзеп ал, сосын айтарсың», т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2. Оқу үрдісіне кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындары жасырын емес
Өйткені, уақытты пайдаланамын деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп оның ойымен , пікірімен санаспайды. Яғни, оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес.
Оқушылардың іс – әрекеттерін әділ бағаламау жие кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым – қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау – жанжал болып жатады.
Қарым – қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындықтарды жоюдың бірден – бір жолы:
-
Әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып қарым – қатынас орнату;
-
Мұғалім өзінің жағымсыз көңіл - күйінің болмауын қадағалау;
-
Қарым – қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау ;
-
Бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым – қатынас жасау;
-
Қарым – қатынаста дау – жанжалға жол бермеу;
-
Сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
-
Қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым –қатынас орнатып, олармен тіл табысу;
Оның бірден – бір жолы психологиялық ойындар, тренинктер, т.б;
-
Қарым – қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;
-
Қарым – қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу.
Қарым – қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым – қатынастың үш фукциясын орындайды. [2.32-34]
1. Мұғалім қарым – қатынаста оқушының әрі индивид, әрі жеке тұлға ретінде дамыту (психологиялық).
2.Оқушыны әлеуметтік ортаның, қоғамның мүшесі ретінде тәрбиелеу. (әлеуметтік).
3.Қарым – қатынас тек адамдар арасында ғана емес, қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтыру (инстументалды).
Қарым – қатынас адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі саласына
айналып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып өзара мәмеле қалыптасып дамиды. Қарым – қатынас дегеніміз – өзара пікір алысу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алмасу, қайғы – қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым –қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани әлем және ой – пікір, сана- сезім, мінез – құлық арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас – тартыс, қарама- қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады. Қарым – қатынастың қазіргі кездегі бір ерекшелігі: әр тұлғаның, мейлі балалары, мейлі ересектер болсын, мағұлмат байлығы болып өзара қарым – қатынас осы мағұлмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал. Бірлесіп бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын аса маңызды құрал – қарым – қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Тәжрибелі педагогтар солардың ішінде А. Личко, У. Блинков, И. Кон, т.б әке –шешесінің баламен қарым – қатынасында оның мінез - құлық ерекшеліктерін ескермеуінен келіспеушілік туындап, ол баланың психикалық кеселге ұшырауына: ашушаң, қырсықты, не болмаса ынжық, тартқыншақ, жасқаншақ қылықтардың қалыптасуына себеп болатынын эксперимент түрінде дәлелдеген. Осыған орай, олар отбасы қарым – қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді төмендегідей жіктейді:
- баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай балаға қамқорлық пен бақылаудың жетіспеушілігі гиперпротекция деп аталады.
- баланың жүріс-тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, жіберген қателіктеріне ескертулердің болмауы, тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен алаңғасарлық, қанағатсыздыққа, тез сынып қалатын жігерсіздікке әкеп соғады;
- тәрбиедегі қарама-қайшылық: әкесі бір сөз айтса, шешесі оған қарсы бір іс айтса, мұғалім олардың екеуінде жоққа шығарып, өз білгенін айтса, бала кімнін тілін аларын білмей, кімдікі дұрыс, кімнің айтқаны қате екенін ажырата алмай дал болады да, ақыры өз білгенін істеп кетеді. Сөйтіп, ол ешкімнін ақылын тыңдамайтын, ересектердің ой-пікірімен санаспайтын, тілазар болып өседі.
Сондықтан мұғалім, сынып жетекшісі, бүкіл педагогикалық ұжым бала бағытына нұқсан келтіретін ата-аналарды алып, отбасы ауанын жақсарту үшін олармен сақтандыру және тәрбие жұмыстарын дер кезінде жүргізіп, теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдарын тауып іске асырып отыру керек.
Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген кемеңгерлік тұжырымдамасы тәрбиенің негізгі отбасында қалатындығының тағы бір дәлелі. Ата-ананың тәлімі, өнегесімен ештеңе теңесе алмайды.
Баланың танымдық күшін қалыптастыру, баланы өз бетімен ізденуге баулу, танымдық, шығармашылық икемдіктерін дамыту және оған барлық оқушыны тартыуды жүзеге асыру – басты мықсатым. Менің өзекті мәселем – оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу
Бала ойынын ұйымдастыруда педагог оның мазмұнының тартымдылығына ғана емес, ойындағы ойындық және шындық қарым-қатынастарға назар аударғаны абзал.
Қарым-қатынас үдірісінде ойынның маңызын талқылау үшін балалар арасындағы қарым-қатынас проблемасын қалыптастыру қажет.
Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыртастыру. Жеке тұлға дегеніміз-адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабына түскен емес. Баланың ақылы, ой-сезімі мұғалімнің ерік – жігері, таусылмас мол қажыры мен сабыры, еңбекқорлығы арқасында жетіледі. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Ж. Аймауытұлы айтқандай, мұғалім балаларына селсоқ қараса, олардың жан – қуаттарын кемітіп, тәрбие де бере алмайды. Мұғалімнің жүріс – тұрысы, ақыл – ой, іс – әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Мектеп психологның негізгі жұмысы оқушымен, мектеп ұстаздарымен, ата – аналармен, әкімшілікпен байланысты болады. Әсіресе, соның ішінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас ең маңыздысы.
Оқушылардың жас еркешеліктеріне қарай қызымет ету, 5- сыныпқа өткенде орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде өте қажет. Бала 5-сыныпқа өткен кезінде оның психологиясында елеулі өзгешеліктері болады. Біріншіден оқу пәндері күрделене түседі, екіншіден, әр пәннің өз мұғалімі болады. Әр ұстазбен жеке қарым – қатынасқа түседі. Үшіншіден бұл жаста баланың оқудан гөрі достарымен қарым – қатынасы бірінші орынға шығады. Осындай орта буынға бейімделу кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы түсіністік, сенімді, адал, қарым – қатынас орнату үшін психодиагностикалық зерттеу жұргізудің пайдасы аса зор. Л. Көмекбаеваның «Жануарлар мектебі» әдістемесі арқылы оқушылардың мұғалімдермен қарым – қатынасында туындаған қиындықтарды анықтауға, бала бойында пайда болатын қиындықтарды шешуге болады. Диагностика қортындысы бойынша мониторинг жүргізіледі, диагностикалық карта жасалады.. Басқа да лекция, жаттығулар өткізіліп, оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін арттыруға, мазасыздықтан, қорқыныштан арылтуға болады. Мұғалімдермен жеклеген кеңестер өткізіп «Түймедағы гүлі» диагностикасы бойынша оқушылардың пәнге деген қарым – қатынасын зерттеуге болады, Оқушулардың қиналып жүрген пәндерінен көмек беруге болады. Ата- аналар мен мұғалімдерді шақырып, бірлескен жиналыс кезінде де көптеген көмектер беріледі, мысалы, ата-аналар математика, ағылшын, орыс тілінен көмек бере алмайтындықтарын ашық айтты. Сондықтан осындай мәселелерді ата – анамен бірлесе, бала ұстаздың, ата –анасының қамқорлығын сезсе, өзіне деген сенімділік қалыптасып, қоғамдық орта дұрыс, мәдениетті қарым-қатынас жасай алады деп ойлаймын.
Ғылыми жұмыс жазған өз ғұламамыз, «Шығыстың Аристотелі» атанған Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың халықтық педагогика саласындағы еңбектерінде адам атаулыны гуманистік ізгі қасиеттерге баулу мәселесі кеңінен сөз етілді.[3.13-15]
Ә) Қарым – қатынас жасай білу – үлкен өнер
«Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет. Бұл – бақыттың бастауы. Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңіл бөлуі қажет. Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық құрлысты жақсарту – барлығы да білімдікке байланысты» дейді ол. Дана бабамыздың «Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипаты» деген ұлағатты пікірін мойындай отырып, жас ұрпақты білім нәріне қандыру да, адамгершілік баулу да – педагогтің парызы. Халқымыздың кемеңгер ұлы Әуезов Мұхтар былай деген екен: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнеге, білетіндігінен... көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет». Жас буынды жақсылап тәрбиелеуді отбасынан бастап және оны мектептегі тәрбиемен ұштастыра отырып, ғұлама даналар айтқандай,қандай қасиеттердің қажет екенін балаға дер кезінде сіңіруіміз керек.
Балалардың бірін – бірі сыйлауы, үлгі тұтуы, бірін –бірі тыңдай білуі, өзара қарым-қатынас ережесін құрайды. Осы қарым-қатынас ережесі балалардың мінез-құлқының реттеушісі ретінде қызымет атқарады, баланың қоғамдағы мінезінің денгейін жоғары көтеріп, өзінің жеке мүддесі қоғам мүддесіне сай психологиялық дайындыққа бейімдеу керек.
Қарым-қатынас, ең алдымен, адам тану дегендей балалардың нәзіқ жүрегі мұғалімдердің өзін сүйетінін, түсінетінін, еркелігін көтеретінін сезіп-біліп қояды. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы педагогтік әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттердің көп жағдайда шешуші мән бар. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдауға болмайды. Ұстамдық, сабырлық, іскерлік дағдыға ұқсас болады. Сондықтан бұл қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы қажет.
Педагогтік әдепті жақсы ұстаған әр мұғалім оқушының жүрегіне жол тауып, сүйікті ұстазына айналмақ.
«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынас» деп А.Линкольн айтқандай, педагог өміріндегі ең тамаша нәрсе – онын оқушылармен қарым қатынысы. Мұғалімнің оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуы, оқу үдірісін тиімді ұйымдастырып, тәрбие мәселесін ұтымы әдіс-тәсілдерін қолданып, әрбір оқушының білім игеруде мақсатты деңгейді игеріп, алған білімдерін әрі қарай дамытуына мүмкіндіктер туғызады.
Бүгінгі таңда үлкен міндетіміз, мемлекетімізде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа терең білім беруге, ойлау, есте сақтау, өзін – өзі тану қабілеттерін дамытуға негізделген. Қарым –қатынас жасаудың бүгінгі күнде қуатты құралы бұл әлбетте тіл болып есептелінеді. Қарым – қатынас процесін анықтаудың күрделі проблемаларын жоғары сынып оқушылары жалғыз өзі шешпейді, әке – шешесімен, құрбы – құрдастарымен, мектеп психологымен және мұғалімдермен бірге олардың қолдауымен шешеді.Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым – қатынастары адамдардың тәрбие ықпалының маңызды жолдарының бірі. Жоғары сынып оқушыларының ұстаздарға қоятын талаптары әлде қандай жоғары және маңызды болады. «Адамдардың арасындағы қарым – қатынастың нығаюына нелер көмектеседі?» деген пікірге былай айтуға болады: сыйластық, сенім, кешірімді бола білу, адалдық, қарым – қатынас, тыңдай білу, екі жаққа да ұнамды шешім т. б., қызара білу, ұяла білу, ол адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет. [4.17-19]
Қарым-қатынасты бірнеше аспектілерге бөліп қарастыруға болады: мазмұны, мақсаты және құралдары.
Қарым-қатынас мазмұны – бір тірі ағзадан екіншісіне өзара түйісу жағдайында берілетін ақпарат. Бұл ақпараттар субьектің ішкі (эмоционалдық) жағдайы немесе сыртқы ортадағы қалыптасқан жағдайлар туралы боллуы мүмкін. Дегенмен, қарым-қатынас субьектілері адамдар болып табылғанда ғана, ақпарат мазмұны алуан түрлі болып келелі.
Қарым-қатынас мақсаты – «Қарым-қатынас актіне не үшін қатысады?» деген сұраққа жауап береді. Алғашқы аспектідегі қағида мұнда да сақталынады. Жануарлар әлемінде қарым-қатынас мақсаты олар үшін өзекті биологиялық қажеттіліктер шеңберінен шықпайды. Ал адамдар үшін сан алуан және жан-жақты бола отырып, әлеуметтік, мәдени, шығармашылық, танымдық, эстетикалық және тағы да басқа қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Қарым-қатынас құралдары – бір жанды ағзадан екіншісіне қарым-қатынас үдірісінде берілетін ақпараттардың түрлі шифрлер мен қайта өңдеулер, хабарлау, кодтау тәсілдері болып табылады. Ақпаратты кодтау – хабарлаудың бір тәсілі. Адамдар арасындағы ақпарат алмасу сезім мүшелері, сөйлеу және белгілеу жүйелері, жазу, техникалық және сақтау құүралдары арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың маңызды шарттары мыналар:
Қарым-қатынас болатын жағдайды дұрыс түсіне білу
↓
Сөйлейтін сөзді дұрыстап жоспарлап алу
↓
Қарым-қатынастың мәнін жеткізетін ұтымды құралдарды қолдану
↓
Кері байланысты бақылап отыру
Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау – адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық.
Деніңізді бос ұстап отырыңыз. Деміңізді мұрныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен «А» дыбысын айтыңыз – ол бүкіл денеңіздін сауығуына көмегін тигізеді.
«Е» - қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И» - миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға.
«О» - жүрегіңіз бен өкпеңізге
«У» - қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге.
«Х» - денеңіздін тазаруына.
«ХА» - көңіл-күйіңіздін көтерілуіне.
Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырыңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стреске шалдықпаудың алдына аламыз.[5.20-22]
Менің сүйікті ұстазыма тән...
Психологиялық тренинг
Мақсаты: Оқушылардың ұстаздарымен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Жоспары: 1.Ұйымдастыру
2. “Менің таңдауым” жаттығуы
3. “Гүл суретін сал” жаттығуы
Менің таңдауым
Психолог сабақ кестесіндегі пән аттарын ретімен атайды.Оқушылар өздері ұнататын бір немесе бірнеше ұстаз есімін гүл ортасына орналастырады. Гүл күлтелерге жазылған ұстазға тән қасиеттерден өздеріне керектісін таңдап алып, айналдырып қойып шығады.
Гүл суретін сал
Мені жақсы көреді
Кішіпейіл
Әділ
Менің ұстазым
Білімді
Мейірімді
Сыпайы
Қарым-қатынасқа түсіу мақсатында тілді мазмұнды және кедергесіз қолдану сөз сапаларына байланысты. Олар: сөз нақтылығы, сөз тазалығы, сөз жүйелігі, сөз мәнерлігі, сөз байлығы, сөз орындылығы. Бұл сөз сапалары педагогикалық қарым-қатынастың тиімді болуына маңызды роль атқарады.
Сөз нақтылығы – сөз мазмұны мен ақпарат мағынасының негізіне сәйкес келуі. Сөздің нақтылығы сөзді орынды, нақты, сөз мағынасына қарай, синоним, антоним, омоним сөздерді дұрыс қолдана алуға байланысты.Сөз нақтылығының маңызды шарты – лексикалық нормалардың сақталуында. Егер сөйлеуші қажетті ақпаратты субьектіге жеткізуде мағыналас сөздердің ішіндегі ең орындысын таңдаған кезде ғана, сөз нақтылығы көрініс берді.
Сөз тазалығы – әдеби тілден тыс сөздердің қолданылмауы, соның ішінде диалектік, кәсіби, жаргон сөздер және т.б.
Сөз жиелігі – ойлау компоненттерінің бөліктері мен сөйлеу компонентерінің мағынасының қатынасының көрінісі.
Сөз мәнерлігі – тіл мәнерінің бар мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде көрініс беретін сапа. Ол барлық денгейлердегі тіл бірліктерімен жасалына береді. Сонымен қатар, тілдің арнайы көркемдік қасиеттері болады (троптар, стилистикалық фигуралар), олар айтылған ойды, әсерлі, образды, эмоционалды етуге көмек береді.
Сөз байлығы – ақпаратты барынша әсерлі жеткізе алуға мүмкіндік беретін сөз бірліктерін еркін және кең қолдана алу.
Сөз орындылығы – тілдегі сөз бірліктерінін мақсатына, жағдайына, мағынасына сәскес қолданылады.
Бүгінгі тренингіміз осы қарым-қатынас жасай білу – үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.

Тренингтің мақсаты:
Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психологиялық саласына мәлімет беру.
Қажетті құралдар: суреттер, магнитафон, нақыл сөздер, тренинг ережесі, шар, маркер, ақ парақ.
Тренинг барысы:
Психологиялық бағыт беру (жайлы әуен ойнап тұрады )
-Сәлеметсіздер ме, балалар, қадірлі қонақтар! Қош келіпсіздер.
Әрбір адам – өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластыққа болғанына не жетсін?!
Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы.
-Ал, кәнеки құрметті қонақтар, барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл-күйімізді түсіріп көрейік. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар. Әрқайсымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түңереді, т.т. Табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, қағаз бетіне түсірейік.
Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жан-дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады есек артық емес. Ендеше, қарым-қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып, шеңбер жасайық. Қолдарымыздан ұстап атымыздың бас әріпін сын есіммен тіркестіріп айтамыз. Мысалы, қажырлы Қанат, көрікті Камшат, т.с.
Кейде отбасында, жүрген ортамызда, көпшілік орындарда түсінішпеушілік, кикілжің, ерегіс жағдайлармен бетпе-бет кездесіп қаламыз. Кикілжіннің неден шығатынын, кикілжінді, болдармау, одан шығу жолдары бар ма, сол тұрғыда жұмысымызды жалғастырайық. Ортаға 3 топ, әр топта 3 адамнан болу керек. Берілген тапсырма бойынша тапсырманы 2-3 минут ішінде топ мүшелері рөлдік ойынмен көрсетулері керек.
Ситуация:
а) Достар арасындағы кикілжің, шешулі жолын көрсет.
ә) Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік және одан шығудың қандай тиімді жолы бар?
б) Мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілік. Қандай оң шешім жасап, жол табуға болады? .[6.20-22]
Ойын-жаттығу «Жақын танысу».
Қонақтарға әр түсті шарлар таратылады. Түстері сәйкес келсе, жұп құрап ортаға вальс билейді. 2-3 минут уақыт ішінде біт-бірін жақын білу үшін жеке сұрақтармен жақынырақ тани түседі. Би аяақталған соң жұптарға сыңары туралы отырғандар жекелеген сұрақтар қояды. Кім дұрыс, ұтымды жауап берсе, сол жұп жеңіске жетеді.
Адамдар қарым-қатынаста кейбір қиыншылықтарға кездеседі. Қиын қарым-қатынас адамдардың өзара түсініспеушілік жағдайында шынайы байқалады. Адамдар арасындағы келіспеушілікті болдырмау үшін, екі жақ бір келісімге келуге тиіс. Соған байланысты тұрмыста болатын әр түрлі кикілжіңді жағдайлардан қалай шығуға болатынын ойланып, жауап беріп көрейік. (Ситуациялық жағдайлар бейнеленген суреттер көрсету)
Адамдармен қарым-қатынаста бет-әлпет, қас-қабақ, дауыс маңызды құрмет атқарады.
«Қонаққа тамақ бермес бұрын қабағыңды бер» деген даналық осы қағидаға негізделеді. Қонақжай, кеңпейіл халқымыз әр кез осы жайды ұстанған.
-
ортаға 7 адам шығып, берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңіл-күйді белгілейді.
Ситуация:
а) Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні.
ә) Ренжіп тұрған адамның бет-әлпеті.
б) Қайғылы адамның бет-жүзі.
в) Ашулы адамның бет-әлпетін бейнеле.
г) Таңдаған кейіп көрсету.
д) Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз