Мұғалім мықты мамандық эссе

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Мұғалім мықты мамандық эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе мұғалімдерге пайдалануға тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім- әлемдегі ең үздік мамандық

Эссе

Әлемде мыңдаған мамандық бар.Заманның ағымына сай жоғалып, немесе өзгеріп жатқан мамандықтар да аз емес. Ықылым заманнан келе жатқан мамандық -мұғалім мамандығы. Өлмейтін мамандықтың бірі. Себебі, қай заманда өмір сүрсеңде, адам баласына білім мен тәрбие керек. Мұғалім -әлемдегі ең үздік мамандық. Статаистикалық мәлімет көрсеткендей әлемнің жыл сайын 50% мұғалім мамандығына түседі екен. Мұғалім – ол баланың жүрегіне жолтауып, оның болашақта адами болмысының қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға. Сондықтан қазақ халқы ұстазды, мұғалімді құрмет тұтып қадірлеген. Қазақ—  өте мықты халық қой. Кез-келген ізгі ойды, жақсылықты, бүгінгі заманауи психологтар, айтып жүрген дүниелерді бір-екі ауыз сөзге сыйғызып жіберген. Бұл ұстазға деген үлкен құрметтің белгісі шығар. Енді сол ұлы мәртебесінен мұғалім  ешқашан  түспесе екен. Қазақ тарихында ұстазын ұлықтаған ұлағатты жандар өте көп. Oлардың басы сонау шығыс ғұламасы Әл-Фарабиден бастау алады. Oл Аристотельді ұстаз санаған. Өзіміздің киелі мекен Түркістанда жатқан Қожа Ахмет бабамыз да ұлы ұстазы Бәйдібек бабымызда ұлықтаған, кешегі өткен жыр алыбы Жамбылдың өзі Сүйінбайды пір тұтқан. Міне, біздің тарихта айта берсек ұстаз мәртебесін биіктеткен тағлымды тұлғалар көп. Енді сол үрдісті бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру, сол жолда жұмыс жасау басты мүдде мен мақсаттардың  бірі болуы тиіс. Себебі, мұғалім мәртебесі қашанда биікте тұратын — ұлы мәртебе!!  

Неге мұғалім мықты мамандық? Мұғалім болу тек білім ғана беру емес, тәлім тәрбиенің бастауы. Мықты мұғалім баланы тек білім беруге ғана емес өмір сүруге, өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға төзуге баулиды. Мықты мұғалімнен білім алған бала ер жеткенде ол да өз өмірін, мамандығын ұстаз болуға арнайды.

Сататистика бойынша Қазақстанда мектеп бітірген жас түлектер мұғалім болғысы келетіндігін айтқан. Оған басты себептердің бірі мұғалім мәртебесінің артқандығы. Қағаз бастылық деген дүниенің жойылып жатқандығы.

Қорыта айтқанда , адам өз өмірінің бастауын, өмір жолын ұстаз алдынан өтіп бастайды. Яғни, өмірдің алғашқы баспалдағы ұстаз алдынан басталады. Сондықтан, әрқашан мұғалім әлемдегі ең мықты мамандық. Мұғалім мандығы ешқашанда өз дәрежесін жоғалтпайды,жылдар өткен сайын биіктей бермек. Мұғалім мамандығы өзінің мықтылығынан айырлмау, өз дәрежесін жоғалытпау үшін, мұғалім өз дәрежесінде еңбектену керек. Мықты шәкірттердің, білімді ұрпақтың болуы, ұстазының мықты екенін білдіреді. Сол кезде әлемдегі мықты мамандық мұғалім екенін еңбек жемісінен білуге болады.



(320 сөз)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.00.2024
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі