400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім шығармашылығы туралы ой

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен өз мамандығымды ұнатамын, оқушыларымды да жақсы көремін. Олар да солай жауап беретін сияқты. Басқаша болуы мүмкін емес те. Мейлі олар менің жолымды қумай-ақ қойсын, мінсіз адам болмай-ақ қойсын, ең бастысы жақсы адам болып қалу. Біздің міндетіміз тек қана мұғалім болу емес, сонымен қатар оқушыларға дос бола білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Беркингалиев Фархат Сырымович


Теректі балалар- жасөспірімдер туризмі және экология орталығының I санатты туризм саласында қосымша білім беретін педагогы


Эссе

Мұғалім шығармашылығы туралы ой


Егер өмір алтын болса, зергері – мұғалім,
Егер өмір теңіз болса, гауһары – мұғалім.

Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім,
Егер өмір ақын болса, сөзі – мұғалім.


Шухрат


Он бес жыл. Біреуге аз, біреуге көп. Дәл басып айту қиын. Дегенмен, осы он бес жылда мен мектепте қызмет атқарып келемін. Бұл менің өмірімнің маңызды кезеңі.

Мектепте жасағаныма он бес жыл болды. Басқа мамандықты таңдауым мүмкін бе еді? Жоқ, әрине. Өз идеалым санайтын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жардем Қрымғалиұлы. Оның бар болмысы менің болашақ мамандығымды таңдауыма үлкен себепші болды. Және, одан басқа мамандықты таңдауым мүмкін емес еді. Менің таңдауым- ұстаздық.

Осы қысқа да болса ұзақ он бес жылдың ішінде көптеген оқушылармен жүзбе-жүз кездестім. Бірі мектеп қабырғасынан түлеп үлкен өмірге қанат қақса, енді бірі өмірді жаңа бастаған, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршін. Олар әртүрлі. Олармен жұмыс жасау әрі қиын, әрі қызық. Олардың болашақта қандай адам болары маған да қатысты екенін түсінемін. Сынаптай сусып өтіп жатқан өмірде қоғам да, заман талабы да, оқушылар да өзгеріп жатыр. Қазіргі тәрбиеленушілерімнің алғашқы оқушыларыммен салыстырғанда айырмашылығы бар екені байқалады. Бірақ оларға деген үлкендердің ілтипатының қаншалықты қажет екендігі әлі күнге сол қалпында.

Мен өз мамандығымды ұнатамын, оқушыларымды да жақсы көремін. Олар да солай жауап беретін сияқты. Басқаша болуы мүмкін емес те. Мейлі олар менің жолымды қумай-ақ қойсын, мінсіз адам болмай-ақ қойсын, ең бастысы жақсы адам болып қалу. Біздің міндетіміз тек қана мұғалім болу емес, сонымен қатар оқушыларға дос бола білу.

Абай атамыз: «бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата- анасы, ұстазы, және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады.» деген ойы ұстазға да ауыр салмақ салып тұр.

Себебі баланың үш мезгілі ұстазбен өтеді.

ХХI ғасырға оқушыларды қалай даярлаймыз, қалай оқытамыз, білімді қалай береміз, міне, осы сұрақтар мұғалімді күнде мазалап жүруі керек.
Бүгінгі таңда балаға білім беру күн өткен сайын қиындауда.

Мұғалім, оқушы ата-ана, осы үштік арасында орнаған байланыс құдды шыны секілді. Бала жанын түсіну қиын, жанұя жағдайлары әркелкі, көп жағдайда өмірдің өзі арнасынан шығып кеткен тәрізді.

Баланың білім алуға деген ынтасын ояту үшін оны қызықтыра білу керек.

Ол үшін мұғалімнің өзі күнде ізденіп оқушы үшін ашылмаған бір парақ болуы керек. Бұл ең маңыздысы.

Ең бастысы бала білімнің маңыздылығын түсінсе болды. Болашақта білім алуға деген оң көзқарастың қалыптасқаны маңызды.

Мендегі тілек еліміздің болашағын білімді де саналы ұрпақтың қолына табыстасақ деймін.

Әр адам үкілеп, әлпештеп өсірген ұл мен қызын мектепке жетектеп әкеліп, мұғалімге зор сенім артады. Үкілеген үміттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау - біздің борышымыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі