Тақырып бойынша 11 материал табылды

"МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ РЕФЛЕКСИЯ ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ – ҮЗДІКСІЗ ДАМУ КЕПІЛІ "

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ РЕФЛЕКСИЯ ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ – ҮЗДІКСІЗ ДАМУ КЕПІЛІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ РЕФЛЕКСИЯ ТӘСІЛІН

ҚОЛДАНУ – ҮЗДІКСІЗ ДАМУ КЕПІЛІ

Американдық психолог Д.Дьюи бірлескен әрекет жағдайында басқа адамның сезімі мен абыройын құрметтеу, «менің пікірімнен басқа да пікір бар, ол да жария етілуі тиіс, ол пікірдің де өмір сүруге құқысы бар деген. Қазақтың ақыны О.Сүлейменов «Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды: 1) не біле аламын, 2) не істеуім керек, 3) үміт артарым не?» - яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, мәдениеті жоғары адам, өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс. Бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты оқушының жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі педагогикада «Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрету қажет!» деген ұстанымға негізделіп отыр. Мұғалімдердің белсенді белгілі бір бөлігін өз тәжірибелерін сыни тұрғыдан қайта қарап, өзі айналысып жүрген істерінің нәтижесінің мақсатқа сай орындалуын оймен зерттей білуге, өз кәсіби өмірбаянындағы салмақты жүктерді саналылықпен алмастыра алуға ынталандырады. «Бұл әрекеттегі менің мақсатым не?» - «Не жасауым керек?» - «Қалай?»- «Бұдан не шығады?» сұрақтарын өзіне үнемі қоя және оларға дұрыс жауап бере алатын мұғалімде кәсіби шығармашылық болатындығы сөзсіз. «Рефлексия» деген сөздің өзі «артқа қарау, көрсету» дегенді білдіретін «reflexio» деген көне латын сөзінен шыққан. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін - өзі тану, өз - өзіне есеп беру деген сөз[1]. Бұл адамның өз іс-әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы. Сондықтанда бүгінде білім алуда, адамның дамуының басқа да әрекет салаларында кеңінен қолданылып жүрген «рефлексия» ұғымы бізге өте маңызды. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Әдістік - бағдарлы оқыту жүйелерінен мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытатын жобалау-тудырушылық жүйеге өту-шығармашылық ортаны, кәсіби білімді тұлғаның жаратушылық болмысына негіздей отырып, оның өзін-өзі тудыруы, өзін-өзі жаратуы алдыңғы қатарға шығатын, өз шығармашылығының дамуына өзінің жеке жауапкершілігін сезінетін рефлексивті амал негізінде мүмкін болады. Аталмыш амалды қарастыру барысында мына идеяаларға жүгінуге болады: 1) мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту-оның өзін-өзі үрдісі, дамытудың технологиясын меңгеру, шығармашылық әрекет арқылы педагогикалық мәселелерді шешу, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудағы жеке траекториясын құрудың әдісі болып табылады; 2) рефлексивті тәсіл мұғалімнің тұлғалық-мәнді позициясына әсер ету, оның өз шығармашылығының нәтижесі арқылы ұсынылып отырған инновацияларға деген жауапкершілігін арттыру; 3) рефлексивті амал барысында мұғалімнің шығармашылық әлеуеті кез-келген субъект субъект қарым-қатынасының жетекшісі, негізі болып табылады [2]. Педагогтық қызметте орындайтын функцияларына байланысты рефлексия негізгі үш нысанда қарастырылады. Олар: жағдайлық, ретроспективті және перспективті рефлексия болып табылады. Жағдайлық рефлексия- «уәждеме» және өзін-өзі бағалау түрінде талдау жұмысында «осы жерде, қазір» рефлексиясы жүзеге асырылады. Ретроспективті рефлексия- жүзеге асырылған іс әрекеттен кейінгі, орын алған оқиғаларға талдау және бағалау қызмет атқарады. Мұғалім өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы, сәтсіздікті жеңу жолдарының себептерін анықтайды. Перспективті рефлексия - алдағы уақытқа жоспарлауда тиімді жолдарды қарастыруды қамтиды [3]. Д.Шонның «Рефлексиялаушы практик: «Кәсіпқойлар іс-әрекетте қалайша ойланады» деген еңбегінде: «Іс әрекеттегі толғаныс немесе іс барысындағы толғаныс және соның салдарынан өзгеріп жатқан жағдайға сай, әрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды, іс әрекеттен кейінгі толғаныс жүреді»,- деп көрсетеді[1]. Мысалы: сабақты өткізіп болғаннан кейін мұғалім қызметіндегі рефлексияға тоқталсақ: Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Демек, әр мұғалім өз іс әрекеті мен тәжірибесіне қатысты өзге адамдарды ортақ ету арқылы, бірқатар ойлар мен сұрақтар төңірегінде ойланып, шешу жолдарын қарастырады. Педагог қызметінің объектісі, оны басқару, ұйымдастыру объектісі оқушылардың қызметі болып табылады. Кез келген педагогикалық міндеттер – бұл оқушының қызметін басқару бойынша міндеттер. Мұғалім оқушының ішкі дүниесін көріп қана қоймай, түзетуге, оны дамытуға тиіс. Педагогикалық үдерісте рефлексия мынадай қызметтерді атқарады: - жобалау (педагогикалық үдеріске қатысушылардың қызметін жобалау) - ұйымдастырушылық (тиімді әдіс - тәсілдерді өзара іс қимыл нәтижесінде ұйымдастырушылық) -коммуникативтік (педагогикалық үдеріске қатысушылардың қарым- қатынастары) - уәждемелік (педагогикалық үдеріске қатысушылардың бірлескен нәтижелілігін анықтау) - түзетуші (іс – қимыл нәтижесіне өзгерістерді өзара енгізу). Мұғалім үшін: өз іс-әрекетіне рефлексия жасай отырып, оқушылар туралы диагностикалық зерттеу жүргізуді, қысқа және ұзақ мерзімді перспективалық жоспарлауды біледі, сабағына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеп, жетілдіру жолдарын қарастырады. Өзін-өзі бағалай отырып, оқушы жұмысының белсенді қызметінің нәтижесін жүзеге асыра біледі. Осылайша, мұғалім рефлексиялық басқару қызметін атқарады. Рефлексиялық басқару қызметі үш деңгейді қамтиды. Орындаушылық қызмет рефлексиясы: (нақты ұсыныстар мен кеңес беру жұмыстары, нұсқау беру). Іс - қимыл стратегиясын әзірлеу деңгейі (іс қимыл бағдарламасын таңдау және оқушылардың шешу дайындығы). Жасалған іс-қимыл стратегиясында бағдарламаны талдау, бағалау. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге салыстыру жасау) [3]. Сонымен рефлексия – көпқырлы, кіріккен сапа. Ол философияда-адам санасының өз әректеіне, өзіне бағытталуы; психологияда-субъектінің өзінің ішкі психикалық жағдайларын өзінің тануы, әлеуметтік психологияда -өзін ғана танып қоймай, өзін басқалар қалай бағалайды, өз позициясымен ол қалай үйлеседі турасында ойлануын білдіреді. Рефлексия – тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы , оның объект туралы білімін нақты әрекетпен байланыстыра алуы. Бұл сапаның барлық адамда болуы айналаны өзгертуге, өмірді мәнді етуге ықпал етеді. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлеріні




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2025
110
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11