400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімдер мен жастарды жігерлендірген Жолдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сонымен қатар Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы ел жастары үшін үлкен жаңалық болып табылады. Бұл дегеніміз осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп келе жатқан қамқорлықты одан әрі дамытып, тұтастай ұрпақ ісін жан-жақты қолдау. Осылайша жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналады. Президент тапсырмасынан кейін жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды жүзеге асыру арқылы үкімет ел болашағы үшін тағы да маңызды қадам жасайды деп сенемін. Ал, бұған дейін қолға алынған рухани жаңғыру бағдарламасы жас ұрпақ пен жастар үшін жасалатын негізгі жұмыстардың алғышарты болмақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімдер мен жастарды жігерлендірген Жолдау

Ел басшысының кезекті Жолдауы – бұл тарихи маңызды құжат қана емес, бұл ең алдымен тұрақты, дамыған мемлекет құру жолындағы жүйелі жоспарлы бағдарлама.

Елбасы Жолдауы – еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдардан бастап айқындаған даму бағытының нақты жалғасы. Бірінші кезекте қай уақытта да, әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық беріліп келеді. Бұл Жолдау өмір сапасын жоғарылатудың жаһандық стратегиясын таныстырады. Бұл кең ауқымды қамтыған тарихи құжаттың дәл қазір, әлемде геосаяси және экономикалық ахуал түйіні тарқатылмай тұрғанда қабылдануы біз үшін үлкен шешім болды. Сол арқылы Елбасы елді жаңа даму деңгейіне көтеріп, халықты бір мақсатқа біріктіретін өзінің көрегендігін, тарихи батылдығын байқатты.

Биылғы жылдың Жолдауы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен қазақстандықтардың әл-ауқатын әрі қарай арттыру бойынша міндеттерге арналған. Бұл нақты тәжірибелік істердің бағдарламасы, сөз жоқ, барлық қазақстандықтарға, соның ішінде бірінші кезекте, бізге, зиялы қауымның алдыңғы шебінде тұрған мұғалімдерге қатысты.Еліміздің тарихында алғашқы рет қабылданған «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң әрбір мұғалімнің әл-ауқатына тікелей қатысы бар нағыз тарихи оқиға болып табылады.

Бүгінгі білім беру жүйесіндегі барлық техникалық жаңалықтар жағдайында мұғалім тұлғасы білім беру үрдісінің негізгі түйіні болып табылады.Бұл зор жауапкершілік жүктейді, себебі білім берудің уақыт талабы мен заманауи экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін деңгейін қамтамасыз етуі тиіс тұлға – мұғалім. Елбасымыз білім берудің жаңа сапасына баса назар аударды. Біздер, мұғалімдер қауымы, Президент саясатын қолдаймыз. Біздің білім беру жүйеміз әлемдік стандарттарға сәйкес келіп, нақты жетістіктерге жететін әрі Қазақстанды жаңа деңгейге шығаратын заманауи ұрпақ тәрбиелеуі үшін түбегейлі өзгеру керек. Жаңа Жолдауда Ұлт көшбасшысы білім беру жүйесінің жақын арадағы мақсаттарын нақты көрсетіп, мұғалімдерге білім беру қызметтерін ұсынуда одан да жоғары көрсеткіштерге жету үшін бағдар берді.

Сонымен қатар Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы ел жастары үшін үлкен жаңалық болып табылады. Бұл дегеніміз осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп келе жатқан қамқорлықты одан әрі дамытып, тұтастай ұрпақ ісін жан-жақты қолдау. Осылайша жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналады. Президент тапсырмасынан кейін жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды жүзеге асыру арқылы үкімет ел болашағы үшін тағы да маңызды қадам жасайды деп сенемін. Ал, бұған дейін қолға алынған рухани жаңғыру бағдарламасы жас ұрпақ пен жастар үшін жасалатын негізгі жұмыстардың алғышарты болмақ.

Елбасы Жолдауы жаһандық сын-тегеуріндерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін анықтайды. Белгіленген міндеттерге қол жеткізуде бар күшті шоғырландыру халықтың өмір сүру деңгейін бірнеше есе арттырып, мемлекетті жаңа даму жолына шығара алады.

Осы жолдау мұғалімдер мен жастардың сенімін арттырып, рухын жігерлендіріп, бойға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ! Елбасының жетекшілігімен еліміздің алдағы жылдарға арналған барлық басым даму міндеттері табысты іске асатындығына сенімдіміз.

Щучинск қаласы №5 орта мектебі

тарих пәнінің мұғалімі Р.Абжанов

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі