400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімдердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етуде АКТ-ның ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің АКТ мүмкіндіктері туралы білімін кеңейту, оқыту процесінде АКТ-ны мақсатты қолдана білуге үйрету мақсатында өткізген коучинг жоспары. Және білім берудегі инновациялар туралы, https://bilimland.kz/ сайтының мүмкіндіктері туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучингттің тақырыбы:

Мұғалімдердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етуде АКТ-ның ролі

https://bilimland.kz/ сайтының мүмкіндіктері

Жалпы мақсаты

  • Мұғалімдердің АКТ мүмкіндіктері туралы білімін кеңейту, оқыту процесінде АКТ-ны мақсатты қолдана білуге үйрету

  • Білім берудегі инновациялар туралы, https://bilimland.kz/ сайтының мүмкіндіктері туралы білу

  • Бүгінгі білім беруді өзгерту және жетілдіру


Күтілетін нәтиже

  • АКТ пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтындығын түсінеді;

  • АКТ қолданудың жақсы жақтарын біледі;

  • https://bilimland.kz/ сайтының мүмкіндіктері туралы біледі

Түйінді идея

Оқу үрдісінде АКТ пайдалану оқушыларды шығармашылық әлеуетін белсендіреді, дүниетанымын кеңейтеді; оқушы ойы, уәжі жинақталады, компьютермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.

Материалдар және ресурстар

Интербелсенді тақта, Интернет, ноутбуктер, презентация

Коучинг сессияны өткізу кезеңдері

Коуч әрекеті

Мұғалім әрекеті

Уақыты

Сәлемдесу

Коучинг тақырыбы және оның мақсатымен таныстыру


1 минут

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Психологиялық ахуал туғызу үшін «Clock Buddies» тренинг жүргіземін.

1. Қолын ұстасу (Shake hands)

2. Арқасынан қағу (Tap the back)

3. Күлімдеу (Smile)

4. Қол сілтеу (Wave hands)

5. Қоз қысу (Wink)

6. Қомплимент сыйлау (Give a compliment)

7. Бір орында айналу (Rolling)

8. Массаж жасау (Give massage)

9. Арқамен сипасу (Rub the back)

10. Күлдіру (Make him smile)

11. Қол шапалақтау (clap your hands)

12. Орнында секіру (jump on one place)

Мұғалімдер сыныпта еркін қозғалады. Коуч уақытты айтқан кезде мұғалімдер сол уақытқа сәйкес әрекетті орындау керек.


4 минут

Топқа бөлу

І топ – сағ.1,4,7,10

ІІ топ – сағ. 2,5,8,11

ІІІ топ – сағ. 3,6,9,12

Қатысушы мұғалімдер 12-ге дейін саналады да слайдтағы сәйкес уақытпен 3 топқа бөлінеді

2 минут

«Өзіңіздің мұғалімдік іс-тәжірибеңіздегі АКТ қолдануыңыз туралы»


«Идеялар қоржыны»

Бұл жеке және топтық жұмыста әркім өз іс тәжірибесі мен білімін нығайтады, тақырып бойынша не білетіндігін, қатысушылардың не ойлайтындығын көрсетеді. қоржын суреті көрсетілген слайдта әр топ тақырып бойынша барлық білетін түсініктерін толықтырып жазып, қорғауы керек.

Өзіңіздің мұғалімдік іс-тәжірибеңіздегі АКТ сабақ үрдісінде қолдануыңыздан мысал келтіріңіз.


5 минут

Топтық жұмыс https://bilimland.kz/ сайтының мүмкіндіктерін пайдалану

Түйінді таныстырылым

  • әлемдегі ең үздік виртуалды зертхананы пайдалануға мүмкіндік береді

  • Оқу мен жаңа технологияларды тиімді ұштастырады

  • Арнайы көмекке зәру оқушылардың сапалы білім алуына жол ашады

Баршаға сапалы білім алуға тең жағдай жасайдыІ топ – ITest ҰБТ-ға сапалы дайындалу және сәтті тапсыру үшін виртуалды жаттықтырғышта тест тапсырады

ІІ топ – IMektep бастауыш сыныптарға арналған бөлікте ойынды тест орындайды

ІІІ топ – Виртуалды зертханада Симулятор жұмысын таныстырады

Мұғалімдер АКТ пайдалануда өздерінің іскери шеберліктерін танытады. BilimLand сайтымен жұмыс жасап үйренеді.

https://bilimland.kz/kk/home сайтының мүмкіншіліктерін пайдалану мақсатында мұғалімдер өз тобына берілген тапсырмаларды өздері орындап, кейін ортада коучингке қатысушуларға кезекпен көрсетіп, түсіндіру

18 минут

Сергіту сәті

BilimLand сайтында

«Көз. Жылқы. Ми» бейнесюжетті тамашалау.

BilimLand - Курстар – Видеотоптама – Білгір –

5 минут арасында

3 минут

«Құндылықтар спектрі»

Power Point бағдарламасында сілтемелер жасау, программасын жүктеп, орнатып Youtube-тен бейнематериалдар көшіріп алу

Мұғалімдер слайдтарға сілтемелер жасауды, бейнематериалдар көшіріп алуды, өңдеуді үйренеді

7 минут

Ой толғаныс

Әртүрлі пікірлерді талдау.

Жіптің бір жақ ұшына пайдалы, екінші жақ ұшына зиянды пікірлерді жапсырады.


Коуч тапсырмасы: Сабақ үрдісінде АКТ қолданудың «+» және «-» көрсетіңіздер

Пайдалы деген пікірлер көп пе, әлде зиянды деген пікірлер көп пе? Неліктен?Қандай қорытынды жасар едіңіз?

3 минут


Бағалау:

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтар таратылған стикерлерге коучинг туралы екі пікірін және бір ұсыныс жазады.

2 мин



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
522
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі