«Зәки
Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ
ЭССЕ
«Мұғалімнің
бүгіні мен ертеңі»
Жаксыбаева
А.Ж.
2018-2019
оқу
жылы
Ұстаздық
жолымның бастау алғанына біраз уақыт
болыпты. Сондықтан да бұл өмір мен үшін
соншалық қызықты. Көзіме ыстық, көңіліме
жақын болып келеді. Менің бұл мамандықты
таңдауыма алғашқы ұстазымның еңбек
жолы әсер етті. Қазір сол кісінің жолын
жалғастырудамын.
Бала
күнімнен санама сіңген қоңырау үні. Бір
кездері сылдыры мен сыңғыры жарыса 45
минуттық білім сағатына шақырып тұратын.
Қазір де солай. Бірақ айырмашылығы, ол
кезде ұстаз алдында балғын жанары
мөлдіреген алаңсыз шәкірт едім, енді
міне мен де қиын да абыройлы еңбек
жолында жүрмін.
Мен
үшін ол ұстаз атына сай болу үлкен
мақсат. Ал жақсы ұстаз мектептің
жаны-жүрегі
Ұстаз
болу – жүректің батырлығы
Ұстаз
болу – сезімнің батырлығы
Ұстаз
болу – өмірдің күн шуағы
Азбайтұғын
адамның алтындығы
– деген өлең шумақтары ұстаз ұғымның
ұлылығын айқындап тұр. Ұстаз болу жүрек
жылығын, адамгершілік ұлылығын, сонымен
қатар мұғалімнің құзыреттігін қажет
етеді.
Мектеп
мұғалімі – ерекше тұлға. Өйткені, ол –
балалар мен үлкендер әлемнің арасындағы
сарапшы. Ол баланың психикалық құпияларын
жетік біле отырып, оны адал болуға
үйретеді.
Мектеп
мұғалімнің еңбегін өзінің мәнділігі
бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға
болмайды. Өйткені ол еңбектің нәтижесі
– адам. Мұғалімге отбасы мен қоғам ең
қымбаттысын, өз елінің азаматтарының
тағдырын, оның болашағын табыс еткен.
Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының,
жеткіншек ұрпақ қоғам мен мемлекеттің
тағдыры үшін білім беретіндігімен
сипатталады. Бүгінгі мұғалім еңбегінің
нәтижелері қандай болса, біздің ертеңгі
қоғамымыз дәл сондай болмақ. Әрбір адам
мен бүкіл халықтың тағдыры тәуелді, дәл
осындай өзге қызметті көзге елестету
қиын.
Мектеп
мұғаліміне қойылатын бірқатар қойылатын
алғашқы талап – педагогикалық
қабілеттіліктің болуы – оқушылармен
жұмыс жүргізуге бейімділіктен, балаларға
сүйіспеншіліктен, олармен қарым-қатынасқа
қанағаттанудан көрінетін тұлғалық
сапа.
Сонымен,
бүгінгі таңда мұғалім:
1.
Тәуекелшіл болуы керек. Қазіргі заманның
мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне
қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын
болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті
өзгелерге үлгі болып қана қоймай, мұғалім
ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді.
2.
Психолог болуы керек. Мұғалім тек білім
беріп қана қоймай, алдында отырған әр
шәкірттің психологиясын зерттеу керек.
Сыныптан бөлек, әр оқушымен жеке-жеке
жұмыс жасауы тиіс. Өйткені әркімнің
қабілеті әртүрлі. Ал топтық жұмыс кезінде
бірін кем, бірін артық көрмеуі тиіс.
3.
Білікті педагог болуы керек. Педагог
сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына
жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті,
сауатты педагог болуы керек. Шәкіртке
түрлі әдістер арқылы тәрбие, білім беру
ең маңызды дүние.
4.
Көшбасшы бола білуі тиіс. Бүгінгі таңда
мұғалімдерге тек қана сабақ беріп,
лекция оқумен шектелуі оқушыны
қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің
ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол
ортада көшбасшы болуы керек. Қоғамды
соңынан ертуге, ісіне берік әрі тиянақты
болғаны жөн. Көштің басын бастау қиын.
Дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің
талабы.
5.
Заманауи технологияны игерген маман
болуы керек. Классикалық кітаптың, қалам
мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны
шындық. Дегенмен кітаптың құндылығын
айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру
үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты
заманауи техниканы меңгеру керек. Соның
ішінде компьютердің ішкі жүйесін,
офистік бағдарламаларды, электронды
тақталарды игеру арқылы жаңа заманға
бейім жастардың көңілін алдандыра да,
сабақты қызықты өткізе де алады.
6.
Рухани бай болу керек. Қай елдің болмасын
мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан
рухани құндылыққа бай болу керек. Ол
сол елдің ұлттық болмысы мен табиғатын
бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке
тәрбиелеуге баулу керек. Ұстаздың жан
дүниесі рухани тәлімге толы болса,
шәкірттің де одан алар ілімі далаға
кетпейді.
7.
Әмбебап мұғалім. ХХІ ғасырдың кез келген
адам баласына қояр талабы осы. Дегенмен
әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші
мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда
маңыздырақ. Мұғалімнің әмбебаптығы
жан-жақты білімді, білікті, тартысқа
түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе
бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік
құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол
бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің,
бір елдің абыройы болар еді.
8.
Интеллигент. Мұғалімнің тағы бір қыры
өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын
бейнесіне дейін көрініп тұруы керек.
Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты
мәдениетті, интелегентті тұлға болуы
керек. Өйткені қазір қоғамда баладар
әр әрекеттен үлгі алуға асығады. Ал
көзін ашқан күннен бастап, үлкен өмірге
қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары –
мұғалім. Ендеше оның интеллектуалды
қабілеті аса маңызды.
Мұғалімнің
келешегі туралы сөз болғанда менің көз
алдыма өзгермелі қоғамға бейім, өз
қабілеттерін толық көрсете алатын, өзі
үшін де, өзгелер үшін де құнды жеке тұлға
тәрбиелейтін, ғылыми көзқарасы
қалыптасқан, жаңалықтар енгізуге даяр
мұғалім елестейді. Мен де осындай
білікті маман болатыныма сенемін және
сенім білдіремін.
Жас
маман: Жаксыбаева А.Ж.