Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімнің кәсіби эмоциялық күйгелектену себептері және оның психикалық алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің кәсіби эмоциялық күйгелектену себептері және оның психикалық алдын алу,Эмоциялық шиеленісті азайтудың кейбір жылдам тәсілдерімен танысамыз. «Өзіңнің топ алдында абыржып қалуыңа жол берме»
Материалдың қысқаша нұсқасы
















Мұғалімнің кәсіби эмоциялық күйгелектену себептері және оның психикалық алдын алу





















Диханбаева Гүлжайнар Ерболқызы

8 Орта мектеп психологы










Мұғалімнің кәсіби эмоциялық күйгелектену себептері және оның психикалық алдын алу


 Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.

Функционалдық сауаттылық білім берудегі жаңа басымдықтарды айқындайды: алынған білімді өмірден практика жүзінде қолдануды, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, идеялар тудырып және іске асыруды, өзінің көзқарасын негіздей білуді қалыптастырады. Жеке тұлғаның функционалдық сапаларын белсенділік, шығармашылықпен ойлай білу, тосын шешім қабылдай білу, кәсіби жолын таңдай білу, өмірде өзін-өзі дамытып іске асыра білуді қалыптастырады.

Баланың өмірі ортаның күрделі ұйымдастырылған, әртүрлі формасы мен бағыттары бойынша ағыммен өтеді. Табиғатынан бұл орта әлеуметтік, өйткені ол баланың құрбыларымен, әр жастағы балалармен, педагогтармен, ата-аналармен, өзге ересектермен әртүрлі қарым-қатынас жүйесін ұсынады.

Мазмұны бойынша бұл орта эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық, тұрмыстық және т.б. болуы мүмкін. Бала өмірдің барлық жағына қатысты көптеген әртүрлі таңдаулар алдында болады: қалай оқу және ересектермен қандай қарым-қатынас құру, құрдастарымен қалай сөйлесу, қазіргі және өзге талаптарға, ережелерге қалай бағытталу, т.б. Көмекке өздерінің әлеуметтік, кәсіптік немесе жеке айқындамаларымен балаға әртүрлі қолдау бере алатын ересектер ұсынылады. Ең алдымен бұлар – педагог, ата-ана және психолог.

20 жыл мектепте істеп келе жатқан мұғалім эмоциялық күйгелектікке ұшырайды, ал 40 жылдан кейін мұғалімдердің барлығы эмоциялық күйгелектікке ұшырайтыны ежелден белгілі жайт. Мұғалімдердің тәрбиеленушілерімен қарым-қатынасында оларға әсер ететіні жалпыға мәлім. Бұл әсер ету көбіне педагогтің жеке басының қасиеттері мен сапаларына, оның кәсіби біліктілігіне байланысты болады. Көбінесе мұғалімдердің теріс әсерлерінің қалыптасу факторлары: балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімінің, оларға көңіл аударуының жеткіліксіздігі, олардың психологиясын, жасқа байланысты және жеке басының ерекшеліктерін түсінбеуі, педагогикалық қызметінің тиімділігі төмен, қиыншылығы жоғары болуы, психоэмоциялық жүктеме, кәсіби шаршау, осыдан келіп – эмоционалық оқшаулану мен агрессияның туындауы. Шынында да, мұғалімнің кәсіби және жеке басының қасиеттері өзара тығыз байланысты және өзара тәуелді. Және олар, өкінішке орай, балалардың эмоциялық жағдайымен де байланысты болады, яғни, күніне жүздеген балалар нені үйренетіні мұғалімнің көңіл күйіне, оның өзін-өзі ұстай алуына, жеке басының проблемаларын шеше алу қабілетіне тәуелді болады. Жеке адамның белгілі бір сапалары мен қасиеттері балаларда мазасыздық пайда болуына жанама немесе тікелей әсер етеді. Осындай балаларды кері кетушілікке, әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалуға алып келетін төмендегідей факторлар анықталған:

педагог тарапынан басым жағдай жасау немесе көзден таса қылмау арқылы жеке басының тынышсыздығы мен шамадан тыс бақылау тәртібі баланың әлеуметтік белсенділігін төмендетіп, оның субьект ретінде қалыптасуын қиындата түседі;

мұғалімдерде ауызша сөйлеу зияткерлігінің басым дамуы (олардың жұмыстарында ауызша білім беру және тәрбиелеудің басымдығы), тәртібі асқынып кеткен балаларда ауызша сөйлеу зияткерлігінің дамымағандығымен қайшылықты келуі баланың оқу әрекетінің нәтижесіне әсерін тигізеді;

өзіне-өзі дұрыс бағалай алмауы салдарынан болатын мұғалімдердің агрессиялық тәртібі балалардан санасыз түрде жауап әрекет тудыратынын білдіреді;

немқұрайлылық, сезімтал, қалыптасып болмаған және қорғансыз балаға салқын қатынас оның проблемаларын шешуге жәрдемдесе алмайды және жеке басының эмоциялық қарым-қатынасына кері әсер етеді;

педагогтің өзін дұрыс бағалай алмауы және саралауы аз «мені» мұғалімдер мен тәрбиешілердің өздерін өздері және өздерінің проблемасын дұрыс түсіне алмайтынын көрсетеді. Өзін дұрыс бағалай, дұрыс қабылдай алмайтын олар проблемасы бар балаларға да тиісінше көңілін бөле алмайтыны белгілі жайт, ал ондай балалар үшін өздерін айналадағы адамдардың қабылдауы мен мойындауы маңызды проблема болып саналады. Педагогтердің осындай көңіл күйінің тез өзгергіштігі, шаршағыштығы, ашуланшақтығы, батылсыздығы мен мазасыз шүбәланғыштығы, шамадан тыс өзін тежеп ұстауы, эмоциялық салқындығы, сондай-ақ сезімталдығының, ашықтығының, өзіне балалар назарын аударуының төмен деңгейде болуы сияқты жеке ерекшеліктері де балаларға кері әсерін тигізері сөзсіз. Қорытынды біреу: балаларға зиян келтірмес үшін, ең алдымен педагог өзін-өзі қолға алуы керек, өзінің эмоциялық проблемаларын, оның себептерін, күйзелістен шығу жолдарын табу, содан кейін ғана балалардың эмоциялық проблемалары себептері мен оларды түзету жолдарын іздестірген жөн.

Эмоциялық шиеленісті азайтудың кейбір жылдам тәсілдерімен танысайық

«Өзіңнің топ алдында абыржып қалуыңа жол берме»

  1. Қолдарыңды арқаңа айқастырып ұста. Жағымсыз эмоция мойында, желкеден төмен және иықта «өмір сүреді», сондықтан арқаны және қолды қатайтып, тартылып, иық пен қолды босаңсыт. Саусақтар ширығысын босаңсыт.

  2. Екі қолыңды алдыңа айқастырып ұста. Иық пен қолға күш салып керіл, босаңсы, саусақтарды сілкі (керілген кезде организм эндорфин – «бақыт гормонын» бөледі).

  3. Йога бойынша тыныс алу. Ширығыстан арылудың ең дұрысы йога бойынша тыныс алу. Орындыққа еркін отыр, көзіңді жұмып, тынысыңды тыңда: тыныш, жайлы. Схема бойынша 4+4+4 тыныс ал: төрт секунд – демді ішке тарту, төрт – тынысты тоқтату, төрт – демді шығару. Осылай үш рет істе, өзінің деміңді тыңдап, қалай өкпеде ауаның жиналғанын, сосын бүкіл денеңе саусақ ұшына дейін таралғанын, содан кейін өкпеңді қалай босатқанын бақыла. Басқа ой болмауы керек. Үзіліс аяқталды. Сен тынышталдың. Күлімсіре.

Эмоциялық күйзелістен құтылудың ең күшті әрі көбіне ұмыт қалып жататын құралы адамның өзінің санасы. Бастысы – бұл адамның өмір тамаша әрі ғажап екеніне сенуі; бізге ойлау, армандау, өзін-өзі жетілдіру үшін сана берілген; әдемілікті: табиғатты, сұлулықты, қолдан жасалған жәдігерлерді көру үшін көру қабілеті берілген; тамаша музыканы, құстардың сайрағанын, жапырақтың сыбдырын тыңдау үшін есту қабілеті берілген. Біз бірдеңе жасай аламыз, қозғаламыз, жақсы көреміз, аяқ басқан сайын өмір бізге сыйлайтын көптеген қуаныштарға бөлене аламыз. Сұрау тек біреу ғана: біз осының барлығын аңғарып, сезініп, қуана аламыз ба? Өкінішке орай, көпшілік адам күнделікті өмір тауқыметін уайымдауды әдетке айналдырып алған: олар қолайсыздықты трагедия дәрежесіне дейін көтереді (бұл әсіресе жаны нәзік мұғалімдерге тән), барлығын өткендегі көңілі қалушылық тұрғысынан бағалайды, реніші мен наразылығын ішіне жия береді, және бұдан алдымен өзі зардап шегеді. Әрбір адам шиеленісті жағдайдағы өз әрекетіне басшылық жасай алады. Күйзелістің себебіне көзжұмбайлық жасауға болмайды. Сізді толғандыратын мәселе мазаңызды алатындықтан, мұқият қарастыруды қажет етеді. Өзіңізге түсіністікпен қараңыз. Өзіңіздің күйзелістің қай сатысында жүргеніңізді тани білуге, мазасыздық неден пайда болатынын, мінез-құлқыңызда қандай сипаттар пайда болғанын, мазасыздық себептерін анықтауды үйреніңіз, эмоциялық ашуға жол бермеу әдістерін анықтаңыз. Кейде адам өзінің көңіл күйінің нашарлығын аңғармауы, содан кейін солай өмір сүруге дағдыланып кетуі мүмкін. Өзіңізге не болғанын, ішіңізде, айналаңызда не болып жатқанын түсінуді үйреніңіз.

       Сөзімді қорыта келе - Өмір неғұрлым ширығысты болған сайын, күйзеліс жүктемесі соғұрлым жоғары болады, адам үшін өзінің денсаулығына ақылды өмір салты арқылы саналы түрде әсер ету соншалықты өзекті болмақ. Өз өмірін оған деген көзқарасын өзгерту, оны ең құнды сый ретінде қабылдау арқылы ғана жақсартуға болады. Келеңсіздіктер, өмір қайшылықтары біздің санамызда өз құнынан артық орын алмауы тиіс. Әзіл-қалжыңмен өмір сүруді үйренген жөн. «Әзіл-қалжың – өмір тұзы, – деген К. Чапек. – Кім тұзды көп сіңірсе, сол ұзақ өмір сүреді». Қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі. Сондықтан шаршамай, талмай жұмыс жасайық!
















































Пайдаланылған әдебиеттер:

https://edu.mcfr.kz/article/2588-qqq-10-m12-06-12-2010-malmn-ksbi-emotsiyaly-kygelektenu-sebepter-jne-ony-psihikaly-aldyn-alu

https://solncesvet.ru/opublikovannyie-materialyi/bilim-beru-mazmnyin-zhaartu-zhadayyin/






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2021
381
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12