«Мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін дамыту жолдары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін дамыту жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Сондықтан мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алматы облысы,

Іле ауданы Жапек батыр ауылы,

Есенгельдинова Ақайша Едігеқызы




«Мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін дамыту жолдары»

«Терең білім  тәуелсіздігіміздің тірегі,

ақыл-ой  азаттығымыздың алдаспаны»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің XXI ғасырдағы әлемдік аренадан алатын орны оның интеллектуалды әлеуетімен мамандардың біліктілік және шығармашылық шеберлік деңгейімен сипатталатыны белгілі болып отыр, яғни қоғамның кез келген мүшесінің танымдық деңгейі, кәсіби даярлығы және шығармашылық дамуы мемлекеттің тұтастай  дамуына тікелей ықпал  ететіні сөзсіз.

Өзін-өзі жүйелі түрде танып, дамытып отыратын, өзін-өзі белсенді тәрбиелеп отыратын ұстаз ғана өзгелерге тиімді көмек көрсетіп, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетіне ықпал ететін ахуалды қалыптастыра алады. Олай болмаған жағдайда оның балаларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру іс-әрекеті оның дербес тәжірибесімен бекітілмей тек баяндаушы сипатта болады. Қазіргі таңда ғылымда педагог тұлғасының, оның іс-әрекеті мен қарым-қатынасының құрылымындағы компоненттерді ажыратудың әртекті тұрғылары, оның кәсіби біліктілігінің ерекшеліктері мен қайталанбастығы туралы әрқилы көзқарастар қалыптасқан. Ол көзқарастарды келтіруге және талдауға мүмкіндігіміз болмағандықтан, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқытушылардың едәуір маңызды қасиеттері мен күйлерін, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын сипаттап өтуге тырысамыз. Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды:

Кәсіби-педагогикалық бағыттылық;

Кәсіби белсенділік;

Кәсіби білімдері мен іскерліктері;

Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;

Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі
және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа
тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Сондықтан мұғалімнің әрбір
сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы біліммен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Кәсіби мұғалім -  құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог , зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып
табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс- әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да
байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және
оқушыларға өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды көздейді.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Бәсекеге лайықты білімді де, намысшыл ұрпақ өсіріп, өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылу–басты міндетіміз”– деген болатын. Елбасымыз Қазақстан халқына жасаған жолдауында қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғанын,Қазақстан азаматтарының үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға керек екенін атап көрсетті. Егеменді еліміздегі нарықтық қатынастар мен ашық демократиялық қоғамды арттыруға арналған реформаның білім саласында да түбегейлі бет бұрыс әкелді. Менің ойымша соның нәтижесінде бүкіл әлемде білім беру жүйесінде қарқынды өзгерістер болып жатыр.Қазіргі таңдағы білім беру мен тәрбиедегі басты өзгеріс Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты педагогикалық-психологиялық негіздерін қарастыру болып табылады.Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп,адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі.Заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе болып тұр.Қазіргі жұмыс талабы жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде,білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде,яғни оқушының бұрыңғыдан да пәндік білімдерін, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Менің ойымша, қазіргі мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын арттыру және білімге деген құштарлығын ояту.Мұғалім сабақта жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып,балалардың ой-пікірін еркін айтқызып, ойларын қоштап және өзіне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызу қажет деп есептеймін.Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп, баланың тереңде жатқан ойын оятып, оқушыларды еркін сөйлетуге үйретеді.Әртүрлі әдістемелік тәсілдер пайдаланып, қабілеттері әртүрлі оқушылардың арасынан деңгейлері жоғары баланы анықтап, олармен дұрыс жұмыс жасау,олардың жан-жақты тануды үйренуін және шығармашылық деңгейін бақылап отыруы әрбір мұғалімнің міндеті.

Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бала кезден бастап ересек жасқа дейін адамның біліміне жасалған инвестициялар экономика және қоғам өміріне елеулі өзгерістер енгізетіндігі айтылған. Елбасы Н. Назарбаев халыққа жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған да болар. Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі - білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушылардың уәж дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек.

Бұны іске асыру үшін:
• сабақта оқу мақсаттарына сай түрлі әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану;
• әр оқушының сабақ процесіне белсене қатысуына жағдай жасау;
• оқытуда саралап және даралап оқытуды қолдану;
• бейімделушілік қабілеттерін, құрдастарымен және жеке жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту үшін тапсырмаларды нақты жасау керек.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-2017оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын  арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту.Заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі - мемлекеттік тіл, қарым - қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан - жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым - қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс - тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Критериалды бағалау қағидаттары тақырыптарында әріптестермен бірлескен білім ортасында жаңа бағдарламаны талдап, талқылап, тәжірибемен бөлісу арқылы кәсіби тұрғыдан шыңдала түсуімізге көп ықпалын тигізді. Егемен еліміздің болашақта өркениетті мемлекеттер қатарына қосылып, тәуелсіздіктің көк байрағын биік ұстауы мектеп партасында білім алып отырған жас ұрпақтың білімі мен ақыл-парасатына, іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты. Қазақстанды өзге дамушы мемлекеттерге үлгі болатын дәрежеге жеткізетін де
бүгінгі зерделі ұрпақ. Сондықтан әрбір баланың алаңсыз оқуына, әлемдік деңгейде білім алуына жағдай жасау – қазіргі заман мұғалімінің абыройлы міндеті.

Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияның озық жетістіктерін биологния сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады. Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, білімгерлердің бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым: 
1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру; 
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру; 
3. Зерттеу жұмысы мен талдау жасау дағдыларын үйрету; 
4. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу; 
5. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Жаңартылған білім мазмұнына сай ашық сабақтар соның ішінде сабақтасқан Lesson study сабақтарын бердім.Оқушыларды топқа бөлудің түр- түрімен танысып, бағалаудың бірнеше түрін сабақ үстінде қолдандым, сергіту сәті мен кері байланыс түрлерін де түрлендіре отырып, оқушылардың қызығушылығының артқан байқадым.Ойын түрлерін біршамасын қолданып сол арқылы оқу мақсатына жеткенімді байқау қиын болмады.Сұрақ қоюдың өзін түрлерінің көбіне өз қалауың бойынша өзгертуіме мүмкіншілік бар екенін байқап, ашық сұрақ пен жабық сұрақты айыра алып, қолымнан келгенше қолдандым, шығармашылыққа жақын дарынды балаларды байқап жұмыс істеуге мүмкіншілік алдым.Білмегенімді оқып келген әріптестерімнен сұрай отырып білімімді жетілдіруге талпындым. Күнделікті сабақтарды осы элементтерді қолданып сыныптың білім саппасының артқан байқадым, оқу мақсаттарының орындалғанын, С тобының балаларының В тобына жақындағағанын көріп қуандым.

Айта кетсем, 7-сыныптарға өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу – энергия көзі тақырбында алғашқы сабағым өтті. Сабақтың басында оқушылармен шеңбер құрып, хормен «сәттілік» ұранын айтудан бастадық. Оқушыларды суреттермен (күн, өсімдік , жануар) үш топқа бөліп алып, сол арқылы өткен оқу мақсатын еске түсірттім.Үй тапсырмасында «жасырын сұрақ» әдісі арқылы сұралып, смайликтермен қалыптастырушы бағалау жүргіздім. Оқушыларға проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың оқу мақсатын айқындатып алдым. Топтық жұмыс кезінде оқушылар алдымен өзара оқып, топ ішінде талқылап, постер қорғады. Постерді берілген дискрипторларға сүйене отырып жақсы орындап шықты. Оқушылар бұл тапсырманы топ арасында «бағдаршам» әдісімен бағалады. Тәжірибе кезеңінде «өсімдік бойындағы көмірқышқыл газының (СО 2) мөлшерін анықтау үшін зертханалық жұмыс жасалды. Нәтижесінде сол жұмыс арқылы өздері практикалық түрде тексеріп, сергіту сәтіне ұластырды. «Жұбыңды тап» әдісі арқылы адасқан әріптермен сөйлем құрастыра отырып, жұптық жұмыс орындады. Сабақтың соңында үй тапсырмасына ээсе жұмысын беріп, «нысана» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс жүргізіп, қорытындылап сабақты аяқтадым.

6 сыныпқа кезекті ашық сабағым ұзақ мерзімді жоспардың тірі және өлі табиғаттағы үдерістер бөлімінің «Тірі ағзаларға тән үдерістер» тақырыбында өтілді. 6.4.2.2 тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндірудегі оқу мақсаты бойынша сабақ мақсаты негізделіп қойылды. Қысқа мерзімді жоспарлауда сабақ басы, ортасы және сабақ соңында белсенді әдіс- тәсілдер қолданылды. Мұғалім көзделген оқу мақсаты бойынша сабақ басында оқушылармен психологиялық ахуал туғызуда «сәлемдесу» жаттығуын өтікізіп, 1,2,3 ке саналып топқа бөлінді. Өткен оқу мақсатын еске түсіруде оқушылар «1 минут» стратегиясына белсенді жауап беріп отырды. Жаңа оқу мақсатын айқындау үшін оқушыларға бейнеролик көрсете отырып «нені көрдіңіздер? , нені естідіңіздер?, нені сездіңіздер?» сұрақтарын қою арқылы анықталды. Мұғалімнің түсіндірмесінен кейін оқушылар « ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыста постер қорғауды ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс жасады. Топтық жұмысты дискриптор бойынша орындалғанын әр топ өзара ауызша кері байланыс беру арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізді. Әр тапсырма сайын мұғалім кері байланыс беріп отырды. Жұптық жұмыста «сәйкестендіру» тапсырмасын орындап, қалыптастырушы бағалау ретінде дайын жауап үлгісімен топ ішінде жұптар бірін-бірі бағалады. Сабақтың соңғы кезегінде «ақиқат пен жалған» ойынына жауап беру арқылы сабақты қорытындылады. Мұғалім ауызша мадақ сөздермен қалыптастырушы бағалау жүргізді. Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып қаншалықты меңгергендігі деңгейін талқылады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша жақсы түсінген тұстарын, қалыс қалған сұрақтары бойынша стикерге жазып, «идеялар себетіне» салып мұғалімге ұсынды. Қысқа мерзімді жоспарлау бойынша сабақ мақсаты толық айқындалды. Оқушылар өз бетімен еркін жұмыс жасай отырып, ашықтық, ынтымақтастық құндылықтарын жақсы игерді.

«Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» дегендей, Жаңартылған білім мазмұнының әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімді жақтары зор екеніне көз жеткіздім.

Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту – бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Осы мәселені шешу жолында оқушылардың сезімін, эмоцияға ықпал ету арқылы ынта-ықыласын, қызығушылығын күшейту қажет.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. 

бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге бет алуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады.Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, оның еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Әр оқушы – бір жұлдыз. Жарқырауына жәрдем беретін – мұғалімдер. Сондықтан әр ұстаз сол жұлдызды сөндіріп алмай, мәңгілік жағатын құдірет иесі болуы керек.

Құрметті әріптестер, Сіздерге жас ұрпаққа білім беру жолында табыс тілеймін. Сіздердің табыстарыңыз – елдің табысы, халықтың игілігі. Істеріңіз сәтті болсын! Еңбек жолдарыңызда аянбай, шығармашылықпен еңбек ететіндеріңізге мен сенемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2.Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастер-кластары. Алматы, 2014.

3.Республикалық ғылыми–әдістемелік журнал «Мұғалім шеберханасы» №4,  2012ж.

4.Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы /баптары бойынша түсіндірмелерімен/ және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжатта


5.К.З.Жақсылықова XXI ғасырдағы білім беру жүйесінің талаптары мен білім беру ұйымы басшысының құзіреттілігін дамыту мәселесі арасындағы байланыс



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.02.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі