Материалдар / Мұғалімнің шығармашлық іс –әрекеті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұғалімнің шығармашлық іс –әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2019
2145
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің шығармашлық іс –әрекеті

Шығармашылдық жағдайы мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі болып табылады. Ол тек қана белгілі бір қызмет үдерісінде ғана көрінеді. Басқаша жағдайда бұл жайында әңгіме болуы да мүмкін емес. Кәсіби қызметтің өзі педагогтың шығармашылдығын дамытуға көп мүмкіндік береді. Бірақ бұл тек іс – әрекет шығармашыл болған жағдайда ғана. Өз жұмысының шығармашыл табиғатын сезіне алғанда ғана ол жаңадан өсіп келе жатқан жас буынға нақты білім жиынтығын беруге жеңіл және ұжымдасының жаңашыл тәжірбиелерімен алмасу ретінде қарайды. Шығармашыл мұғалім шығармашыл емес мұғалімнен қандай қасиеттерімен ерекшеленеді? Ең әуелі мақсатына жетудің жолын біледі, өзінің қателіктерімен жұмыс жасай біледі, білім берумен тәрбиелеудің күнделікті тапсырмаларын ғылыми тұрғыда шешуге тырысады. Оны уақытша сәтсіздіктер қорқытпайды. Ол үнемі ізденіс үстінде болады.

Педагогтық қызметтің ең қызықты тұсы да осы шығармашылығында. Шығармашылдық жұмыстармен жұмыс жасауды күшейту барысында мұғалімнің өзінің мамандығына деген қызығушылығы арта түседі, өзіндік ойға ие болады және орташа жылдамдық жинайды. Бұндай мұғалім болашаққа сеніммен жұмыс жасайды; ол аяқ астынан туындаған педагогикалық тапсырмаларға есеңгіреп қалмайды, олардың бағасы мен орнын біледі. Мұғалім – зерттеуші өзінің алдына оқушыларды шығармашылыққа дайындаумен тығыз байланысты қиын психо-педагогикалық және әдістемелік тапсырмалар қоя алады. Тұлғаның кәсіби өсуіндеге маңызды орын алатыны оның адамгершілік – психологиялық қасиетіБұл барлық адамға қаншалықты тән болса, соншалықты белгілі бір тәжірбие алаңындағы негізгі маман үшін де соншалықты қажет. Әлеуметтік қоғамда белгілі бір қағидалар бар екенін, мұғалімнің жеке тұлғасы үшін қойылатын талаптар бар екендігін білудің өте қажетті екенін түсінуі керек. Олар қоғамның тарихи дамуында, оның нарықтық әдеттерінде, салт – дәстүрінде, жалпы қабылданған бағаларында айқын көрініп тұрады. Мұғалімнің рухани өсуінің бастауы оның құнды бағдар жасай білуі болып табылады. Не нәрсеге ұмтылатындығы, қызығушылымен қажеттілігі қаншалықты екенін білу арқылы тұлғаның мақсатқа жетуінің көріністерін байқап көруге болады.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің маңыздыларының бірі болып олардың барлығы үшін гуманистік психология болып табылады. Ол кімде болмасын өз бойынан қайталанбас тұлға екендігін және бойында құнды қасиеттер жатқандығын, қауіпсіз жағдайдың қажеттіліктер баспалдағына ие, сыйластықпен махаббатқа және т.б қарым – қатынастарға лайықтымын деген сенімдерін оята алады. Гуманистік психологияның басты қағидасының бірі ол баланы қандай болса да сол күйінде қабылдау, оған жағымды қарым – қатынас жасай білудегі шексіз, керемет махаббат. Бала өзін жақсы көретінін, оны қандай да бір келеңсіз іс – әрекеттері үшін жек көріп кетпей қабылдай алатынын білуі және ұғынуы тиіс. Ол тек сол жағдайда ғана өз – өзіне сенімді болады және жақсы жаққа қарай дамуға талпынады. Ал басқаша жағдайда ол кері бағытта тәрбиеленіп кетеді. Гуманистік мұғалім басқалардың жан дүниесін түсіне, сезіне білуге және түсінгендігін жеткізе білуге, оқушылармен қарым – қатынас барысында тек қана шынайы болуға, олармен бірігіп жұмыс жасау барысында барынша ашық болуға, өзінің бар болмысын көрсете білуге қабілетті болуы тиіс. Гуманист – мұғалімнің бұл қасиеттері оқушының дамуы жолындағы көмек беруінде дұрыс педагогикалық қалыпта болуына көмек береді.

Гуманистік психологияның құндылығы болып біріншіден оқушының ішкі жан – дүниесіне үңіле білу, тұлғаның оқу мен қарым – қатынасын дамыту барысында дұрыс бағдар беру; екіншіден, оқушымен қарым – қатынаста болудың жаңа әдістерімен түрін, құралдарын іздеу. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі баланың жеке басының дамуына орасан зор әсерін тигізеді. Мұғалім үнемі оқушының талап еткен қажеттілігін қамтамасыз ететін ақпараттар бастамасы болуы тиіс. Мұғалім тарапынан ақпарат игеруде қойылатын талап оқушының үлгерімімен анықталмауы тиіс. Нақты ақпаратқа деген қызығушылық оятудың маңызы өте зор. Сол мақсатта оқушы бойында өзіндік білім игере алу мен оны қабылдай алу қабілетін қалыптастыру қажет. Неміс педагогы А. Дистервег (1790-1866) : «Нашар мұғалім шындықты айтып , жеткізіп береді, ал жақсы мұғалім оны өзі іздеп табуына көмектеседі» - деп жазып кеткен екен. Осыған байланысты оқушы танымының әр түрлі уәждемесіне қарай мұғалімнің бағыт – бағдар беруінің қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Мұғалімнің кәсіби білім беруінің құрылымына қойылатын талаптар көп жоспарлы және ол қоғамның сұранысымен анықталады. Жүйеленген ақпараттың болуы – бұл мұғалімнің қарастыра бастауының ең алғашқы сатысы.

Жаңа білімге қойылатын талап оның кәсібилігінің дамуының негізі болып табылады. Әдістемелік шеберліктің жоғары деңгейі оның кәсібилігі жағынан ешқандай кері немесе артық сұрақ туындатпайтындығы және кәсіби жинақтың құрылымдық бірлігі ретінде өз орнын табатыны сөзсіз. Заманауи әлеуметтік – нарықтық жағдайда мұғалім абыройлы, барлығын тегіс қамти алатын, ақпараттың жан – жақтылығының жалғыз бастамасы емес. Ағылшын жазушысы Р. Олдингтон (1892-1962) : «Білу керектің барлығын үйретуге болмайды және мүмкін емес. Мұғалім тек қана бір нәрсені – бағыт - бағдыр беріп, жол көрсетуді жасай алады » - деп айтып кеткен екен.

Педагогпен оқушының арасындағы қарым – қатынас екпіні өзгеріске еніп, алға басушылықтар болып келеді. Заманауи оқушылардың арасында танымал және табысты болып тұрғаны өз ойын еркін айта алатындығымен, оқушылармен тіл табыса алатындығымен, ашықтығымен, белсенділігімен, зерделілігімен, нақтылығымен, жол тауып кете алатын жылдамдығымен көзге түсетін мұғалімдер. Осы қасиеттердің жиынтығы жеке тұлғаның әмбебаптығын анықтайды

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!