400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхит – тіршілік мекені Әбдіжәміл Нұрпейсов. «Қан мен тер»

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі және әдебиет пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті


Бөлім тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы

«Мұхит – тіршілік мекені»


Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Қан мен тер» романы. Адамзат тағдырының жыршысы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.1-тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау

10.3.5.1-қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау

10.4.5.1-тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер)

Сабақ мақсаттары

Барлығы тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

Көбі сөздерді дұрыс жазады.

Кейбірі қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді, сөздерді дұрыс жазады, шығарма туралы ақпарат береді, шағын мәтін құрайды.

Тілді мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология: алай-түлей, қақ жарып, түтігіп кетті, ығып кетті, дауыл, сең, бытшыт, жарылды, сергелдең, үсік шалған, жұлынған, жаны ашитын.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: балықшылар, суға түсу, қандай адам?

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану, жоғары деңгей дағдылары (талдау,жинақтау, бағалау)

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым ,айтылым

Мектеп құндылықтары

Еңбекссүйгіштік,әділеттілік

Пәнаралық байланыс

География, Қазақстан тарихы.

АКТ қолдану

Таныстырылым, аудиотаспа

Бастапқы білім

Шығарма туралы ақпарат береді. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады.


Жоспар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Жоспарланған іс-әрекеттер



Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Мадақтар бұрқасыны» тәсілін қолданады. Оқушылар 1-1,5 минутта бір парақ қағазға ұстазынан естігісі келетін мадақтарды жазады, көршісімен алмасып, бір-бірінің жазғандарын оқып береді.

Қызығушылық ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында шығарма бойынша ассоциограмма құрастыртады, ой шақыру сұрақтарын қояды: Иван Курностың сөзінен кейін балықшылар қандай шешімге келді? Балықшылардың шешіміне Еламан не себепті келісті? Еламан – қандай адам? (1-тапсырма).


Shape1

Еламан




Мәтіналды жұмыс. Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.


Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Салыстырмалы кесте. Шығарма кейіпкері мен суреттегі актер сомдаған кейіпкерді салыстырады (2-тапсырма).


Шығарма кейіпкері Еламан

Суреттегі Еламан




Топтық жұмыс. «Болжау» әдісі. «Қан мен тер» романынан берілген алғашқы екі үзіндінің негізгі оқиғаларын естеріне түсіреді, жоспар құрады, топтар оқиғаның өрбуі туралы өз ойларын айтады.

Дескриптор:

  • жаңа сөздерді үйренеді;

  • сөздік жұмысын жүргізеді;

  • салыстырмалы кесте толтырады;

  • мәтінге өзгеріс енгізеді.

«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады.

Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады.

Тренинг жазылған парақшалар, оқулық,

суреттер, ғаламтор ресурстары

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін «Дана үкілер» техникасын қолданады. Оқушыларға негізгі мәтінді оқытады, екі кейіпкерге сипаттама береді, жоспар құрады.

Дескриптор:

  • мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;

  • детальді ақпаратты анықтайды;

  • кейіпкерлерді салыстырады;

  • жоспар құрады.

Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс. «Не қиын, не оңай?» әдісі бойынша түсініктерін толықтырады.

Мәтінсоңы жұмыс. «Жинақтау кестесін» толтырады.

мәтіндегі тірек сөз

мәтіндегі тірек сөзбен байланысты сөз тіркесі

мәтіндегі тірек сөздің бұрыннан білетін басқа сөзбен тіркесуі

қақ жарылды

мұз қақ жарылды

ыдыс қақ жарылды, ...

Дескриптор:

  • мәтіндегі тірек сөзді табады;

  • мысалдар келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы білім алушылар өз сыңарын бағалайды.

Кері байланыс. «Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар тапсырма бойынша түсінгендерін бір сөзбен айтады.

Оқулық, аудиотаспа, ғаламтор ресурстары, А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер мен маркерлер, қызыл, жасыл, сары дөңгелектер

Сабақтың соңы

Айтылымға қатысты тапсырмаларды орындатады.

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/proza/lesson/19-abdizhamil-nurpejisov-qan-men-ter-trilogiyasy-1

«Қан мен тер» романының аудиокітабынан

10 минут үзінді тыңдайды, не туралы айтылғанын баяндайды, сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;

  • үзіндіні талдайды.

Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс. Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды?

Рефлексия. Ойтаразы. Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? Мұғалім оқушыларға кесте салынған А4 парағын таратып береді.


Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім





Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 7-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындау қажет екені түсіндіріледі.

Оқулық

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындалады).

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады?

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Сабақ барысында келесі сабағымда сыны не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
1432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі