15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі . (3- сағат) Шығармадағы қасқыр мінезін суреттеудегі жазушы шеберлігі
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Дина Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінің
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Қарасаева Эльмира Тулешқызы
|
Сабақ тақырыбы: |
Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі . (3- сағат) Шығармадағы қасқыр мінезін суреттеудегі жазушы шеберлігі |
||||
|
Сілтеме: |
Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Қазақ әдебиеті” 7- сынып, Алматы, ”Атамұра” Авторы: Р. Құтқожина.Қ. Бітібаева. Қ. Жаманбаева |
||||
|
Жалпы мақсаты: |
Оқушыларға әңгіменің идеясын
жан – жақты талдай отырып ашу; |
||||
|
Әдіс- тәсілдер: |
«Мен сізді таныстырғым келеді», «Ортадағы қаламсап» ,«Жұптас-ойлан-талқыла» , «Гаухар иерархиясы», ресурспен жұмыс, «Ойланудың алты қалпағы» , «ойталқы» «Бір айналым сөйлем» |
||||
|
Күтілетін нәтиже |
Әңгіме идеясы негізінде қасқырдың сипатын жан-жақты аша біледі. Адамзаттың табиғатқа жасаған қиянатын түсінеді. Шағын топтарда жұмыстану арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру; Тапсырманы орындағында бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану; Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу; Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкндік туғызу. |
||||
|
Негізгі идеялар |
Табиғатты аялау Пікіралмасуда өз ойын еркін жеткізе білу. Адалдыққа , ізгілікке баулу |
||||
|
Дереккөздер |
«Көксерек» «Шал» кинофильмдері, ресурстар |
||||
|
Тапсырмалар Ұйымдастыру Ортадағы қаламсап Жұптас-ойлан-талқыла Білу, түсіну (топтық жұмыс) Қолдану (мәтінмен жұмыс) Талдау Сергіту сәті: Жинақтау Бағалау Рефлексия |
Сабақтың эпигафы: Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады. (Ш. Айтматов) «Мен сізді таныстырғым келеді...» тренингі . Басқа мектеп оқушысы болғандықтан танысып алу. Пазлдар арқылы топқа бөлемін . «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы топ басшысын сайлау. Сұрақ: І топ: «Көксерек» кімнің шығармасы? ІІ топ: «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқтал ІІІ топ: «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы неде? Тез жауап берген оқушы топтық лидері, демек топ басшысы болады. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Жұптас-ойлан талқыла Әр жұпқа тапсырма беріледі, соның негізінде жауаптарын әзірлейді. 1оқушы: мынау кім? -Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап соғады.Арашаламасаң әлдеқашан өлтіріп тастар еді. (Жұмаш) 2-жұп: мынау кім? -Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара! Қой, балам, енді мұны өлтіріп терісін алайық. (Әжесі) 3-жұп: мынау кім? -Іздегендеріңнің өзі- сол. Ел мен қосқа кезек тиеді. Бір кәпір сарқынды. Бәрін істеп жүрген сол. Енді , әттең дүние, соны бір ғана қолға берсе-ау! (Бейсембай) 4-жұп: мынау кім? -А, құдай!... А,құдай!... Я, сәт! Я, аруақ! Я, ақсарбас!... (Бейсембай) 5-жұп: мынау кім? -Қураған-ай, неңді алып ем?! Не жазып ем?... Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? (әжесі) 6-жұп: «Қай сәт бейнеленген?» Ін үстіне мүйіз тұяқтылар тасырлатып, дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірінің үстіне бірі келіп көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузынан екі аяқтылар жабырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды ( Адамдардың інге келген сәті) 7-жұп: «Қай сәт бейнеленген?» Жотадан жотаға жортты. Талай жерден қарауыл қарап, желге тұмсығын төсеп, алыстан тартқан бір иіспен жүріп отырып, бір қыстаудың желкесінен келіп шықты. Тау желкесіндегі бозқарағанды , қарлы адырдан арлы-берлі жүріп көп аңдыды. ( Көксеректің малды торуылдан жүрген кезі) 8-жұп: «Қай сәт бейнеленген?» Көксерек гүрілдеңкіреп, маңына көп дарытқысы келмей, әрлі-берлі ортқып , ашу шақырғысы келіп еді. Ақ қасқыр айнала қыңсылап, бұның ізін иіскеледі. Екеуін иістері табыстырды. Көксерек те айнала иіскеді. (Ұяласымен алғашқы табысуы) 9-жұп: «Қай сәт бейнеленген?» Үстіне гүрілдеген қасқыр төніп келгенде көзі бір ашылып, бір жұмылды. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген –білгені-сол. (Құрмаштың соңғы сәті) 10-жұп: «Қай сәт бейнеленген?» Көксерек те бағанадан қалыспған итке енді шын ойынды бастаған. Екеуі шапшысып тұрған бетте бірінен –бірі құлақ шекеден де, алқымынан да алғызбайтын болды. Алдыңғы аяқтарымен ұстасып тіресіп тұрып, сол сәтті аңдағанда екеуі де тез іс бітпейтінін ұққандай болды (Аққасқа мен Көксеректің арпалысқан кезі) б) Жаңа сабақты түсіндіру: Шығармадағы қасқыр мінезін суреттеудегі жазушы шеберлігі. «Гаухар иерархиясы» Ітоп: Қасқыр тіршілігін суреттеу ІІ топ: Қасқырлар ұясын адамдардың талқандауын суреттеу ІІІ топ: Көксерек портреті, биологиялық дамуы І топ тапсырмасы: Портрет дегеніміз не? Үзіндіде ненің портреті бейнеленген? Теңеуді табыңыз. ....... бойы қасқырдан кіші емес.Аяқтарының жуандық сомдығы да содан кем емес.Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітімі бар.Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түстес. Дене жүні ақ сарылау келген де, маңдайы шаңқиған ақ маңғал қасқа болатын.Екі көзі шатынап шарасынан шығып тұрғандай үлкен.Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз.Ашу да, ерлік те бір өзінде. Екі шекесі «торсықтай» деп аңыз қыларлық.Бұның да жотасы күлдіреуіштей.Құйрықтан ауыз омыртқаға шейін дөң сияқтанып, күдірленіп, дүңкиіп тұрады.Оның үстіне шеке мен мойын тұп-тұтас болып келіп, шеңбер төске қосылған.Алдыңғы жағы арыстан бейнесіндей. .... өте қабаған.Сіркесі су көтермейтін долы, ызалы.Сондықтан ауылға келгенде шынжырдан босамайды. ІІ топ тапсырмасы: Пейзаж дегеніміз не? Қасқырлар мекенін суреттеудегі жазушы шеберлігі неде? Эпитетті табыңыз. Қараадырдың қарағанды сайы елсіз.Айналада қабат –қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа бозқараған, тобылғы басқан. Сай бойында май айының салқын лебі сезіледі. Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қалың қараған жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің иісі келеді. Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында да терең құз жар бар.. Соның бас жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім-ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті. Бұрын итмұрын жанындағы кішкентай алаңда кісі кеңдігі сыйғандай үш үлкен ін болатын. Биыл жас топырағы жағасында дөңкиіп, тағы бір жаңа ін шыққан. ІІІ топ тапсырмасы: Берілген үзінділердегі көркемдегіш тәсілге теориялық анықтама бер. 1)Көқксерек қара аланы тамағынан қысып, буындырып тұрып-тұрып қоя берді де, жотасы үдірейіп, топтан шыға берді. 2)Қасқыр артына айналып тап бергенде, мөңкіп жүрген боздан бала аударылып құлап түсті. 3)Қораны өрт шыққандай, жер сілкінгендей дүр-дүр еткізіп келіп, қақ жарып шыққанда, аузына кем болса бір-екі батпан құйрық ілінбей қалмады. Ойланудың 6 қалпағы (еркін талқылау)
|
||||
|
Кейінгі тапсырмалар |
Қасқыр тақырыбында тереңірек білгің келсе ұлылардың үндестігіне назар аударып, Джек Лондон «Қасқыр» ,Ш. Айтматов « Жан пида» тақырыбындағы шығармаларын оқу . |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген