жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» хикаятының кейіпкерлері
|
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» хикаяның кейіпкерлері |
Мұғалімнің аты-жөні: Бакишева Куралай Сериккалиевна Күні: 10.04.2018ж. |
||||||||||
|
СЫНЫП: 6 «Ә» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау; жағдаятты шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру; білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну; оқушы қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, ойын нақты жеткізе білуге дағдыландыру; ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау; адамгершілікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу |
||||||||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; өзге топтарды тыңдауға үйретіледі. |
||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Ауыспалы мағынадағы сөздер, әңгіме құрылысы, әңгімені сатылай кешенді талдау, кейіпкерлер бейнесі |
||||||||||
|
Ресурстар |
АКТ, суреттер, топқа бөлуге арналған қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, көрініс, «Хикаят картасы», «Акроним», «Ақпаратты сүзу әдісі», «Әңгіме кестесі», «Сана-сая жолы» әдістері. Рефлексия, «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Білім қоржыны» |
||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, бейнелеу өнері, қазақ тілі. |
||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» хикаяттың құрылысы |
||||||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||||||
|
Басталуы Ұйымдастыру кезеңі 5 минут |
Сәлемдесу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Топқа бөлемін : «Кейіпкерлер» арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар билеттер алып, кейіпкерлердің аттары бойынша топқа бөлініп отырады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Көшбасшыға сөз беріледі. Көшбасшы сөзі: - Құрметті де, білімді менің сыныптастарым. Бүгін біз сабақта жетістіктерге жетеміз бе? «Жетеміз!» Біз тек бестік аламыз ба? «Аламыз!». Біз әрқашанда болашақ Қазақстанымыздың мақтан тұтар ұрпағы боламыз ба? «Боламыз!» яғни білімге деген құштарлыққа, күреске дайынбыз ба? «Дайынбыз!» С.Ж. Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. Берілген шығарманың оқушылар толықтай мазмұнын түсінеді және мазмұнына сай әдеби қысқа көрініс көрсете алады. |
1-топ: «Ахмет ата» 2-топ: «Дәуренбек» 3-топ: «Зигфрид» 4-топ «Басқарма» |
|||||||||
|
Жаңа білім 10 минут |
Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі туралы бейнеролик көрсетіледі. -Балалар, бейнероликтен не көріп отырсыңдар? - Соғыс жылдарындағы өмір. -Дұрыс айтасыңдар, ендеше біздің бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар? -Соғыс жылдарындағы өмір, балалар туралы. -Дұрыс, балалар, бүгінгі сабағымызда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өмірі, жетім балалар тағдыры туралы жазылған шығарманы қорытындылаймыз. -Тақтадан кімнің суретін көріп отырсыңдар? -Мұхтар Мағауин- жазушы. -Қандай шығармаларын білесіңдер? (Слайд көрсетіледі) Мұхтар Мұқанұлы Мағауин- тарихшы, жазушы, драматург, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты , Қазақстанның халық жазушысы ) |
АКТ, оқулық, түрлі-түсті маркерлер Топтық жұмысқа арналған ресурстар |
|||||||||
|
Ортасы 12 минут |
Қолдану Т.Ж. I топ “Хикаят картасы» әдісі бойынша сөйлейді. "Хикаяттар картасы" әдісі арқылы оқушылар әдеби шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды. II топ «Ақпаратты сүзу» әдісі арқылы оқушылар тарау мазмұнындағы тірек сөздерді анықтайды. Маңызды емес сөздер ыдысқа ағып кетеді, тек маңызды сөздер ғана "сүзгіде" қалады. III топ «Акроним әдісі» бойынша өлең құрастырады және кейіпкерлерге мінездеме береді. Оқушылар шығарма кейіпкерлері Ахмет ата мен Зигфридке сын есім арқылы мінездеме жазады, бейнесін ашу керек. Ойдың тұтастығын, мазмұнын айтып өту керек. Кейбір оқушылар шығарма желісіне қарай өлең шығарады. IV топ «Әңгіме кестесі» әдісі. Оқушылар шығармаға сатылай кешенді талдау жасайды: 1.Әңгіменің аты, авторы: М.Мағауин «Бір атаның балалары» 2.Тақырыбы: Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ ауылының өмірі, жетім балалар тағдыры, бауырмалдық, адамгершілік 3.Идеясы:Қазақ халқының бауырмалдық, адамгершілік қасиеттерін дәріптеу 4.Тәрбиелік мәні: Бауырмалдыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, ынтымаққа тәрбиелейді 5.Жанры: Проза, повесть
|
АКТ, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер А3 маркер Хикаят картасы Ақпаратты сүзу
Акроним
|
|||||||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 6 минут |
«Сана-сая жолы» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймыз. Оқушылар шығарма желісі бойынша кейіпкерлерге талдау жасап «Сана-сая» жолынан кейіпкер Ахмет шал мен Дәуренбекті өткізеді. Олардың бұрыс және дұрыс іс-әрекеттерін оқушылар жеке-жеке талдап айтады.
|
Тақырып бойынша түйген білімдерін айтады Интербелсенді тақта
|
|||||||||
|
Үй тапсырмасы 2-минут |
«Біз бейбіт елдің ұландарымыз» тақырыбында эссе жазу. |
Тақырып бойынша қорытынды ойларын жазады |
|||||||||
|
Бағалау 3 минут |
ҚБ жүзеге асыру «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» әдісі Топтық бағалау, топ басшысының бағалауы |
Бағалау парағы
|
|||||||||
|
Кері байланыс 2 минут |
«Білім қоржыны» кері байланыс
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады |
|||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||
|
|
|
|
|||||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген