жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылығындағы әйелдер бейнесі
«Маяковский атындағы негізгі мектебі»КММ
Жобаның тақырыбы:
«Мұхтар Омарханұлы Әуезов әңгімелеріндегі әйел-ананың психологиялық портреті»
Жоба авторы: Мәдетханова Аяжан Асланқызы
Сыныбы: 9 сынып
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сләмова Жұлдыз Тұрғалиқызы

Салқынтөбе ауылы,2017 жыл
«Мұхтар Омарханұлы Әуезов әңгімелеріндегі әйел-ананың психологиялық портреті»
Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау»
Н.Ә. Назарбаев
Заманымыздың ұлы суреткері М.Әуезов – тарихта сирек кездесетін жан-жақты, терең білімді, парасатты, шын мәніндегі асқан талант иесі. Ұлы жазушы М.Әуезовтің көркем мұрасы – біздің төл әдебиетіміз, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістігі.Әлемге Ұлы ақыныз Абай шығармашылығы арқылы қазақ деген елдің, қазақ деген тілдің бар екенін мәшhүр еткен жазушы шығармашылығы кімді болмасын бейжай қалдырмайтыны сөзсіз! Жазушының асқан шеберлікпен жазылған әңгімелері мен повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына енді.
Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің алғашқы кезеңде /1919-1932/ жазылған шығармаларын қарастырудың ерекше мәні бар. Суреткердің бұл кезеңдегі шығармалары оның іздену, өсу жолынан, әдеби стилі мен творчествосының қалыптасуынан мол хабар береді. 1916-1917 жылдары қолына қалам алған М.Әуезов өз тұсындағы өзгерістерден еш бейтарап қала алмады. Патшалық құрылыстың құлап, елдің ескі отаршыл құрылысқа қарсы атой салуы жас қаламгерді әлеуметтік өмірге араластырды.
Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармаларының көлемдісі де, көркемі де прозаның әңгіме, повесть жанрларында жазылды. М.Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер («Қорғансыздың күні», «Жетім», «Жуандық», «Ескілік көлеңкесінде», «Кім кінәлі», «Барымта» т.б.) жазып, оларда ескі қазақ ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді, қоғам өмірінің, халық тіршілігінің терең қатпарларын, ішкі қайшылықтарын білгірлікпен суреттейді. Өмірдің ақиқат ағысын, типтік құбылыстарын зерттеу - жазушыға қазақ коғамының көкейкесті мәселелерін көтеруге мүмкіндік берді.
Жазушы шығармаларының негізгі ойы-қазақ қоғамының хал ахуалын неғұрлым шынайы суреттеп, оқырман қауымға ой тастау. Осы орайда жазушы әр әңгімесіне арқау етіп отыратын әйелдер образы арқылы сол заманның бейнесін танытады.
Жазушының шығармаларындағы әйел образы да осы аталған ойдан өрбиді.Жазушы өзінің кез келген әңгімесіне қырық жаны бар қазақ әйелінің образын шынайы суреттеп, тәнті еткізеді. Кейде тіптен жазушы шығармаларын оқи отырып, әйел затынан жаман дүние жоқтай сезінесің. Сол кезеңге жазушы шығармашылығы арқылы саяхат жасап, ұзақ ойға батасың. Ендігі кезекте шығармаларына тоқталып, әр шығармаға арқау болған әйел бейнесінің психологиясын зерделесек:
«Қорғансыздың күні» әңгімесі (1921ж.)
Шағын шығармада қоғам бойын жайлаған дерттің бір көрінісі зор көркемдік қуатпен ашылған. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлықка шыдамай, боранда үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді. «Қорғансыздын күні» өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. Әңгіменің құрылысы шымыр, көркемдік бояулары қанық, оқиғалары мен адам мінездері мейлінше шыншыл. Тағдырдың басына жазғанын әрең көтеріп жүрген пенделерді Ақан сияқты жауыздың жасаған іс-әрекеті одан бетер әлсіретіп жіберді. Оқып отырып іштей налисың, тап сол кезеңде болсам,осындай қорлыққа жол бермес едім деп ойға батасың. Аузын ашса көмейі көрінетін жандарға неге соншалық ауырпалықтар бірінің үстіне бірі жауып жатқанына қынжыласың... Осы шығармадағы Ғазизаның психологиялық жай –күйі адам айтқысыз жағдайда.. Қайғы жұтып отырған оның басына одан бетер азап, қайғы, мұң шоғырланды. Жүзі сабыраңқы тартып,пәктікке толы көздерін еріксіз қайғылы жаспен толтырған Ғазиза бейнесі адам түршігерлік. Жас тал шыбықтай бейнесі шыдамдылық деген жолдан кілт үзіліп түсіп, еріксіз тұла бойын қайғыға жеңдірмек. Анасымен кәрі әжесіне ауыртпалықты түсірмейін деп, өз өмірін сарп етті. Пәк сәби әкесінің мәйітінің жанына барып «менде амал жоқ, мен пәкпін» дегендей мәйіттің жанында көз жұмды. Әрине автор сол қоғамда бар дүниелерді оқырманға астарлы оймен жеткізді. Кінәсіз,пәк, адал Ғазиза шығармаға арқау болды. Ғазизаның тағдырын көз алдымызға елестете отырып, еріксіз көзге жас келеді.... Автор сүйікті кейіпкерлерін сипаттағанда олардың ажар-көркін сүйсіне суреттейді. Ғазиза қаратастың шеңгеліне түсті. Ары қорланған қыз басын ажалға байлайды. Өмірден өлімді артық санағандықтан емес. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген ежелгі қазақ халқының мінезін қанына сіңіргендіктен. Балалық жүзінде «Менде жазық жоқ, мен тазамын» — деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар еді.
Ең негізгісі «Қорғансыздың күнінде» қазақ прозасында тұңғыш рет өмір ағыстары мен қаһармандар мінезі тұтас бірлікте көрсетілді.
«Ескілік көлеңкесінде» әңгімесі
Әкесінің ескішіл тәрбиесінде болған байдың қызы Жәміш қайтыс болған анасының орнына шалға әйелдікке келісім береді. Өзінің шынайы махаббаты Қабыштан да шалды дұрыс көреді. Бірақ жігіт өзінің махабаты үшін күреседі. Дегенмен қаусаған кәрі шалды таңдағаны үшін жек көреді. Қарама-қарсы қос сезімді жігіт бойындағы психологиялық арпалыс кешірім мен өшпенділік сезімі шынайы түрде шебер суреттелген.Жәміш
«Кім кінәлі» әңгімесі
Автордың бұл шығармасы Ғазиза есімді қыздың тағдырын сөз етеді. Оқиға желісі бойынша Ғазиза әкесінің қалауымен Жақып есімді жігітке тұрмысқа шығуға мәжбүр болады.Дегенмен, Ғазизаның өзінің сүйген жігіті Ісләм еді. Қырсық мінезді, талапшыл, батыл қыз өз дегеніне жете алмай жазықсыз жапа шекті.Қыршын жас қыз өмірмен ерте қоштасы. Жастық оты лаулап тұрған Ғазиза қыздың өмірге құлшынысын су серкендей қып өшірген – әкесі еді.Жақыпқа деген еш сезімі жоқ Ғазиза,амалсыздан өзі сүймейтін жігітке барады.Сезімінің жоқтығын айтқан сайын соққыға жығылатын Ғазиза тағдыры аянышты.Тал шыбықтай бітімі еріксізден зұлымдық алдында иілгендей боп тұрады.Мөлдіреген әдемі,қарақаттай көздерінен өмірге деген құлшынысы сейіліп, ақыр аяғында дертке шалығып,жазықсыз жапа шеккен Ғазиза бақилық болады.Ғазизаның шығармадағы психологиялық ахуалы:қорғансыз, панасыз, шарасыз күйде, сүйеніші жоқ,азапты күйді бастан кешті.
«Кінәмшіл бойжеткен» әңгімесі
«Кінәмшіл бойжеткен» әңгімесінде Ғайша сынды трагедиялық пенденің басындағы кереғар қайшылығы жайып салынып, ақтау мен айыптау төрелігін оқырман пайымдауына қалдырады. Күйкі тірлігіне ашынған ызасы Ғайшаны ықылассыз өлімге жетелегенмен айнадағы мүләйім жүзі намысын жеңеді. Ғайша сылқым үлкен шарайнаның алдында ұзын қара қолаң шашын тарқатып жiберiп, тоты құстай сылап-сипанып, өзiне өзi сұқтана сүйсiнiп өзін өлімге қимайтынын аңғартады.Сұлу емес, кербез кермиық, такаппарлау ,көңiлшек қыз бастан кешкен оқиғаларынан да сабақ алар емес.
Ғайша тектен-тек айна
алдына келіп у ішкелі тұрған жоқ. Кейіпкердің сыртқы әлемі мен ішкі
әлеміндегі сәйкессіздіктің көрінісін аңдату байқалады. Бұрын да
махаббаттан тауы шағылған Ғайша Ғаббаспен арадағы суық әңгімеден
кейін, өзінің ары алдындағы айнаға қарап жауап
береді.
Ғайша бейсаналы түрде басынан өткен біраз нәрселерді ұмытып кетуге
тырысады. Ұмыту ең қатыгез әділетсіздік, сонымен бірге ең кереметі
өзіңді-өзің жұбату тәсілі екенін Ғайша сезінгендей. Жалғыздықты
сезінген, күйінген, өзін де өзгені де кінәлай отырып, өткен өмірін
өкінішпен еске алған Ғайша тәлкекке түскен күндеріне санасыз түрде,
ессіз қарсылық білдіреді. Бірақ құлазыған көңілі қанша арпалысқа
салса да, Ғайша өз болмысының тұтқынынан шыға алмайды. Қуанса да,
қайғырса да шынайы сезімді ұмытқан Ғайша өз санасымен өзін-өзі
ақтап алды. Жеңілтектеу мінезі оқырманды бірде алыстатса, бірде
еліктіріп алып кетеді. Сол сияқты Ғайша да ер азаматтарын еліктіре
өзіне қаратып,кейде олардан жалыққан кейіпті танытады.Өзін-өзі өлім
жазасынан азат еткен Ғайшаның әлі де алдамшы жұбаныштың жетегінде
өмірін өткізетінін ишаратпен
сездіреді.[127,]
«Оқыған азамат» әңгімесі
Жазушы қалаға келіп «мәдениетке үйрене» бастаған қазақ жастарының тұрмысына енген өзгерістерді, сонымен қатар жастар тәрбиесі, құлықтылық, ар-инабаттылық проблемларды алға тартады.
«Оқыған азамат» әңгімесінде Мейірхан деген жігіт қалада тұратын жолдасы Мақсұттың үйіне жедел шақырумен келді. Жолдасы қатты ауру үстінде жатыр екен... Күндер өтті. Мейірхан бұл үйге Мақсұт өлген соң көп соқпады. Бұрынғы жолдастарынан осы күнде бұл үйге келетіндер — Жұмағұл мен Ақай. Жұмағұлдың көздегені жас қаралы әйелді жұбатқан болып, оның көңілін өзіне бұрғызу. Бұл Жұмағұлға онша қиындықпен түспейді. Өйткені әйелдің «сырты қаралы болса, ішінде қаралы көңіл таусылған сияқты». Көп кешікпей Жұмағұл мен Қадиша жолдастарын үйлену тойларына шақырады. Сөйтіп жүргенде, Жұмағұл келіншегімен ауылға келеді. Бала мен әке, келін мен ене бір-бірін таниды... Бұларды соншалық тез жақындастырып жіберген себеп — дүниеқоңыздық деген дерт еді.Шығармадағы әйел образы үлгі аларлық емес.Махаббатына берік бола алмаған, сәбиінің арқасында күйеуінен қалған дүние мүлікке үміткерлік жасаған әйел кім-кімнен болсын жиіркеніштік сезімін оятпай қоймайды.«Сараңдыққа, қанағатсыздыққа келгенде жас келін кәрі енесінен асып түседі... Мінез бірлігі «жас-кәрі», «оқыған-оқымаған» деген айырмашылыққа қарамай-ақ, бұл адамдардың басын қосып, бірін-біріне үйлестіреді». Осылай Мұхтар Әуезов кейіпкерлерінің шынайы келбетін ашып береді. Тойымсыздық, ар-ұяттан бездіреді. Олар қаладағы Мақсұттың жалғыз қалған шешесінің үйі мен мүлігіне ауыз салады.
Бұл сұмдыққа шыдамаған сорлы кемпір бойы сіресіп, көзі жұмылып, жақтары тістеліп үзіліп кетеді. Жұмағұл мен Қадишаның мұраты орнына келеді.
Осы әңгімедегі Қадиша бейнесі балам, күйеуім деп қайғы жұтып отырған әйел бейнесіне кереғар.Тал шыбықтай иіліген бітімі бар жас келіншек отбасылық бақытынан гөрі дүниеқұмарлыққа, сараңдыққа жақын екенін аңғартады.Қайғыға толы жанары лезде Жұмағұлға тұрмысқа шыққалы сейіліп кетеді.Жанарынан тек материалдық құндылықтарға әуестігі бірден байқалады.Қарт енесіне аяушылық танытпастан іштен шыққан сәбиін өз пайдасына жұмсап, бар ойын іске асырады.
Мұхтар Әуезов «Оқыған азамат» деп әңгімесінің атын тырнақшаның ішіне алған. Жазушы әңгімесінде білім негізінде адамгершілік, ар-инабаттылық болмаса, елге пайдасы шамалы дегісі келеді.
«Үйлену» әңгімесі
Адал махаббат,жастық шақ , ессіз ғашықтық суреттелген бұл шығарманың басты кейіпкері-Байбосын хажының ерке қызы Жәмилә. Ерке, сылқым,ақылды бойжеткен ата-анасының қалауымен аттастырып қойған Қасым есімді жігітке тұрмысқа шықпай, өз қалауымен Оспанмен қалаға қашып кетеді. Бір-біріне ессіз ғашық болып қалған қос ғашық ешкімге қарамай, осындай іс-әрекетке бел буады.Өз бақыты үшін осындай шешімге барған Жәмилә қыз батыл да батыр қадам жасады.Оспанға деген ессіз ғашықтығы ел -жұрттың,ата-ананың ойынан биік тұрғандай көрінді. Жадыраңқы,сылқым,әзілқой жастық жалыны жалындаған қыз бейнесі осы шығармаға арқау болды.
«Қаралы сұлу»
Қарагөз -ширатылған нәзік,ұзын бойлы,қынай белді,толқынды қара шашы бар,тұңғиық қара көзді сұлу бойжеткен. Бұл бақытты Қарагөздің бұрыңғы болмысы еді...Ал қазірше?! Алты жыл қаралы, қайғылы күндерді басынан өткерген Қарагөз бейнесі- шығарманың негізі. Қарагөз қаралы тор бұлбұлындай,сансыз көп қайғылы күндерді басынан өткерген, болашақтан жаңа үміт, не болмаса жүдеу көңілін бір сағатқа болсын жадырататын кезін күтпейді.Жан дүниесін жаулаған қаралы бейнесі бет әлпетінен де анық байқалып тұр. Өмірге құлшынысы сөнген, ішіндегі құштарлық жалыны сейіліп, әбден үзілген. Қара бұлтты аспаннан жарық сәулесін тек жары төгер еді.Алыстағы сағымдай болған жар жеткізбей,белгісіздікке батып жоғалған.Оған дәлел алты жыл болды.
Маңайы тұлдыр болып,құлазыған жалғыздық жас сұлудың бір өзінің басында ғана қалды. Қарагөз қайғы ішінде кексе тартып,ұлғайып кеткендей болды.Іштегі жалын мен күрсінген жүзі Қарагөздің басқа тіршілікті талақ қылып ұмытқанын білдірді. Қарагөз қайғысы бір алуан ұзақ, мұңлы жыр болып,әлі кетіп барады.
Тұңғиық қара көздерінен сұлу ажар кеткен жоқ.Жас денесі әлі де уыздай аппақ,толық сау. Бірақ не керек, барлық ойы, барлық тілегі бір-ақ жерге шегенеледі.Қаралы күнге шейін тасқындап келген сезімді, тұсады, буды. Сонымен бірнеше жылдар өтті.
Қайратты тіршілік үшін жаралған жас дене мен тілек үшін қайнаған ыстық қан,шойын есікті тұтқын орнына қанағаттану қиын болды.
Қарагөз ол қиындықты тістеніп шыдап,басын жеңіп жүрсе де,кейбір кездерде таңды-таңға ұрғызатын азаптар болатын. Жас Қарагөздің бұл түндері көр азабындай қинау түні болатын.Әлдеғандай жыланша иірілген сезім толқындары тамыр –тамырын қуалап, өне бойын билеп кететін.
Барлық ұзақ қаралы күндерде ойлап өткен қайғы мен әлгі сияқты азаптар Қарагөздің мінезін де өзгерткен.Бұрынғысынан қаны бұзылғандай, тез ашуланып, тез жылап,тез күліп жіберетін күйіп жанғыштық пайда болды. Кейде жадырап отырған қабағы қазір шытынап түйіліп,болымсыз нәрсеге қиналып кетеді.Өкініп қайғырып,шыдамсыздықпен тұтанып,ұйқы-тұйқы боп қалады.
Түндей тұңғиық көздері енді ыстық жас үшін жаралғандай болды.
Қарагөз бейнесі тән азабын тартып жүрген қыздың сұлбасы. Қаралы күндердің,азапты күндердің тигізген қаралы бір бейнесі. Әңгіме соңында Қарагөз денесіндегі ойнақшыған жыландар енді қулана ойнақ салып,сол күйдің кінәлісі қылып жылқышы Болатты айыптайды... Осылайша Қарагөз бойындағы жыландар тыншығады..
Қорытынды
Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әйел-ана бейнесі кім-кімді болмасын бейжай қалдырмайтыны сөзссіз. Әр қилы заманда әртүрлі қиыншылықтарға төтеп беретін көнбіс әйел образы мақтауға тұрарлық жәйт болмақ. Әйелдер бейнесін, соның ішіндегі психологиялық ахуалын тамаша суреттеп, оқырман қауымға барынша шынайы жеткізген жазушыларымыздың бірі-Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
Жазушы шығармалары қазақ өмірінен алынған оқиғалар негізінде өрбиді.
Әуезов және қазақ халқы — айыруға көнбейтін, ажырағысыз ұғымдар. Осы заманғы қазақ тарихының жарты ғасыры көркем сөз кемеңгерінің көз алдында өтті. Ол өз мойнына ескі көшпелі әлемнің күйреуі алдындағы халық болмысының дәуірін тану мен зерделеу, біз кімбіз, жаңа өмірге қалай келдік, оған не ала келдік деген сауалдарды ой таразысынан өткізу сияқты ұланғайыр жауапкершілік жүктеді. Сондықтан да бүгінгі қазақ жастарының ұлы қаламгердің шығармаларынан алатын тағылымы аз емес.
Мұхтар Әуезов дүниежүзі әдебиетіне үлкен үлес қосқан, барлық халықтарға ортақ классик. Әрине, Мұхтардай ұлы тұлғаны бағалауға қандай эпитет, сипаттаманы алсақ та, жеткіліксіз.Оның халық даналығынан нәр алған, өмір өзенінің тұнығынан суарылған тағылымы мол, тартымды шығармалары қайталап оқыған сайын рухани дүниемізді байытып, баға жетпес жан азығы бола бермек.
Қазіргі кезеңде біз өз халқына өлмес туындыларын тарту еткен жазушымыздың есімін мақтанышпен айтамыз. Осындай рухани қазынасы бар, барлық адамзатқа дос ниетпен қарайтын қазақ халқын тамаша болашақ күтіп тұр деп айтқым келеді. Мұхтар Әуезов есімі қазақ әдебиетімен мәңгі бірге жасамақ.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Мұхтар мұрасы ( ғылыми мақалалар мен зерттеулер ) Алматы, «Қазақстан» 1997 жыл,
2.Мұхтар Әуезов туралы естеліктер Алматы, «Білім» 2004 жыл, 3.Мұхтар Әуезов: ұлттық болмыстың ұлы жыршысы Алматы, 1998 жыл,
4.Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері Алматы,«Қазақ университеті»1993 жыл
5.М.Әуезов әңгімелері Алматы «Жалын» баспасы 1987 жыл
6.М.Әуезов «Қорғансыздың күні» Әңгімелер мен повестер.Алматы;Атамұра 2002 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген