Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхтар Шаханов “Компьютер басты жарты адамдар”

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Қазақ тілі. 10-сыныпқа арналған ашық сабақ. Мұхтар Шаханов “Компьютер басты жарты адамдар”
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар»



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік»

Мектеп: Иван Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тұрсын А.А.

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадағы оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздерді анықтап талдай алады


Кейбір оқушылар орындай алады: оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырып аясында қолданылған сөздер мен термин сөздерді өмірмен байланыстырып, өз ойын еркін жеткізе алады

Бағалау критерийі

1.Оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді;


2. Мәліметтерді анықтайды, салыстырады;


3.Ақпаратты түсінеді.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: өз ойын өмірмен байланыстырып, еркін жеткізе алады


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Техникалық санат, ғылыми өр талғам, ғаламдық ой, жалаң білім.


Құндылықтарға баулу

Жауапкершіл (топтың әр мүшесінің тапсырмаға жауапкершілікпен қарауы


Құрмет (әр топтың болжауына, ойына, пікіріне құрметпен қарауы, ұлттық құндылықтармызға деген құрмет).

Пәнаралық байланыс

Информатика, педогогика

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың барысы:

«Капитан» ойыны бойынша топқа бөлу. Жалпы сынып 2 топқа бөлінеді. Капитандар ортаға шығып, өздерінің командасын таңдайды.

1.Психологиялық ахуал орнату:

Сабақ тақырыбына қатысты суреттер.


2.Суреттерді көру арқылы жаңа тақырыпты анықтау.

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

4. Сөздікпен жұмыс

Ғылым – сала

Санат – қатар

Талғам – ұнамды көзқарас

Ғалам – бүкіл жер жүзі, әлем

Жалаң – жалаңқабат (жадағай)


Жаңа сөздерді дәптерлеріне жазып алады.




Сабақтың ортасы

Тапсырмамен жұмыс:

1-тапсырма. Айтылымға дайындық тапсырмасы
“Мен айтайын”.
Қазіргі таңда біздің өмірімізді компьютерсіз елестету мүмкін бе?
Біз қазіргі таңда компьютерсіз жұмыс жасай аламыз ба?
Сабақ барысында бұрынғыдай тек тақта мен борды пайдаланып жұмыс жүргізе аламыз ба?


Оқушылар білімдеріне сүйене отырып, білетін ақпараттарымен бөліседі және өз болжамдарын ұсынады.


2-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы

Оқушылар бейнежазбаға назар аударып, мұқият тыңдайды


https://www.youtube.com/watch?v=4y_ZcnZgqS4

Мұхтар Шаханов: Компьютербасты жарты адамдар


1) Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан

Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!

Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?

Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.


2) Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына,

Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?

Бұл қазаққа көз өткен бе,

Тілдің мұңын сөз еткенде

Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар...

Ұлтсыздардың бәрі - рухани мүгедектер, жартылар.


Екі топқа тыңдалған өлең шумақтарынан үзінді беріледі. Үзінді бойынша оқушылар «Балық қаңқасы (Фишбоун)» әдісі арқылы мәселені анықтайды, себебін көрсетеді. Дәлелдемелер мен фактілер келтіре отырып қорытынды шығарады.


3-тапсырма. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Топтық жұмыс
«Компьютерге тәуелділіктің салдары» тақырыбында кесте толтырыңдар.

Shape1

Қалыптастырушы бағалау



https://www.youtube.com/watch?v=4y_ZcnZgqS4


Сабақтың соңы

Рефлексия
“БІЛІМ АҒАШЫ”



Берілген сурет пен сөздерді қолданып, бүгінгі сабақтағы іс-әрекетіне рефлексия жасайды. Оқушылар себеттегі жасыл, қызыл, сары түсті жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген білім ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

Жасыл – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Сары – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Қызыл – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.


Үй тапсырмасы: "Өркениеттің адасуы" романын талдап келу.



Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау - сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді

Оқуды қадағалау

Сұрақ - жауап

Топтық бағалау

Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)

Сабақ бойынша рефлексия


Оқу мақсаттары шынайы әрі қолжетімді болды;

Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізе алды;

Сабақ барысында уақыт тиімді пайдаланылды



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.00.2021
7003
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12