Тақырыбы
М.Шаханов өмірі мен
шығармашығы
Мақсаты:
Мұхтар Шахановтың өмірі туралы мағлұмат бере
отырып, ақынның шығармашылық зертханасына үңілу, автор
шығармашылығындағы тарихи оқиғалардың рөлін
баяндау.
Міндеттері:
Ақын шығармаларын игерте отырып
білімгерлерді ұлттық құндылықтарды бойыны сіңіруге , өз ұлтының
патриоты болуға тәрбиелеу.
Білімгерлердің дүниетанымын кеңейту, әдеби сөйлеу тілін
қалыптастыра отырып көркем сөйлеуге бейімдеу , ойлау қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың типі:
Іздендіру - зерттеу сабағы
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың формасы:
Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке
жұмыс
Сабақтың оқыту
технологиясы:
Оқу
мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақта пайдаланылатын
ресурстар:
Бейнебаян , кері байланыс парақшалары
(жүрекшелер) түрлі түсті маркер, постер , бағалау парақшалары,
әуен.
Пәнаралық байланыс:
Тарих , музыка, қазақ тілі
Күтілетін нәтиже
- М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығын
біледі
- «Ғашықтар ғаламаты» өлеңінің мазмұны мен
құрылымына талдау жасай алады
- «Танакөз» поэмасындағы ғашықтар
бейнесіндегі достық пен адалдықтың жырлануын ашып,
суреттейді.
- Кейіпкерлерге баға бере
алады
- Сөйлеу мәдениеті қалыптасады , өз бетінше
ізденіп шешім қабылдайды, өз пікірін
дәлелдейді.
- Өзін-өзі
бағайлайды.
- Топта бірлесіп, топтасып жұмыс
істейді.
Сабақ
кезеңдері
Ой
қозғау
Сабақтың
барысы
1. Ұйымдастыру
кезеңі
М.Шахановтың төрт өлең жолын
жинақтаған оқушылар «Ақындар» тобы, драмалық шығармасынан берілген
үзіндіні жинақтаған оқушылар «Өнертанушылар» тобы, ол туралы
айтылған ой пікірді жинақтаған топ «Зерттеушілер» тобы болып үш
топқа топтастырылады.
1. Қадыр Мырза Әли қандай
ақын ?
2. Ақынның көркем аударма
саласындағы еңбегі туралы не білесіз?
3. Қадыр Мырза Әлінің
өлеңіне жазылған қандай әндер бар?
5. Мақсат қою
кезеңі
Жаңа материалды түсіндіру
кезеңі
Өткізбеймін ешкімге
зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге
көлеңкемді
Заманымнан алғанша
үлесімді,
Тоқтатпаймын тағдырмен
күресімді.
Бұл сөз – ғасырдың ғаламат
ақыны Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері М.Шахановтың
ұстанымы, кредосы. Бүгінгі сабағымыз қазақтың біртуар ұлы, әлемге
аты әйгілі ақын, ұлт жанашыры, қоғам қайраткері, саясаткер осындай
жан – жақты өзіндік қырымен ерекшеленіп жүрген Мұхтар Шахановқа
арналмақ. М.Шаханов шығармашылығын кең ауқымда түсіндіру үшін,
оқушыларға алдын ала ақынның өмірі мен шығармаларын өз беттерінше
оқып іздену жұмыстары берілген./Тыңдайды,
ойланады./
Әр топқа ақпараттық
коммуникативті дерек көздерін пайдаланып (ұялы телефон арқылы
интернет желісіне кіруге мүмкіндік беру) «Ақындар» тобына
«М.Шаханов - ұлтжанды ақын» деген пікірді , «Өнертанушылар» тобына
«М.Шаханов- драматург ақын» деген пікірді, «Зерттеушілер» тобына
«Әлем таныған Мұхтар» деген пікірді дәлелдеу ұсынамын. Ал енді,
алдағы сыннан сүрінбей өтулеріңе Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру»
өлеңін сәттілік тілегі ретінде қабыл
алыңдар.
« Танымал
тұлғаларды тыңдаймыз»
«Жүрекжарды» бағдарламасында
М.Шахановтың сұқбатын және ол туралы айтқан Қ.Р. халық әртісі
Н.Нүсіпжановтың, Ш.Айтматовтың ой пікірлерін бейнебаяннан көрсету.
Бейнебаянды тамашалап болғаннан кейін сұрақтары оқушының жоғарыда
берген жауаптарына оларды тереңдету үшін төмендегі сұрақтар
қойылады
1. Неліктен М.Шаханов
шығармалары өміршең?
2. Неліктен Шыңғыс
Айтматов М.Шаханов туралы «Қазақ поэзиясында бұрын-соңды мұндай
қуатты дүниені кездестірген емеспін», -
дейді?
3. Неліктен М.Шаханов өз шығармаларында
тіл, діл, рухты жоғары бағалаған?
Г.
Сабақты бекіту
«Талантымен табындырған асқақ
ақын,
Ән
жырымен халқына болды жақын....»
Арқалы ақынды халыққа біртабан
жақындатқан оның әндері десек қателеспейміз. Бұл күнде Мұхановтың
жыр жинағын әндерінің легі басып озғандай. М.Шахановтың сырлы
өлеңдеріне жазылған әдемі әуендер де жетіп артылады. Ал сиқырлы
сөзді сазбен әрлеуден оның өзі де құр алақан қалған жоқ. Оған күміс
көмей әншілерді біріктерген ән кештеріне осы отырған біріміз куә
болып жүрміз. Вальстың королі атанған Шәмші әндеріне өлеңдері
ұйытқы болып, кешегі аға буын ағалар мен апалардың көңілдеріне
серпін беріп, саналарын селт еткізгені баршамызға
аян.
«Келешекке кемел хат» бүгінгі
сабақтан алған әсерлерін суреттеп ойтолғау
жазады.
Бағалау
Үй
тапсырмасы
«Әлемдегі бар жақсылық
махаббат арқылы келеді», «Достық қымбат өмірде», «Ғашықтық – азап,
азабы ғажап» тақырыбында эссе жазу.