400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхтар Шаханов өмірі, шығармашылығы. «Төрт ана» өлеңі мен «Отырар» поэмасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал конспект түрінде құрастырылған. Орыс сыныбында оқитын оқушыларға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұхтар Шаханов өмірі, шығармашылығы. «Төрт ана» өлеңі мен «Отырар» поэмасы.

Қазақстан мен Қырғызстанның халық ақыны, академик, отандық және шетелдік бірқатар академиялар мен университеттердің құрметті мүшесі, профессор, жалынды ақын, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, халқы сүйген азамат.

Өмір жолына қысқаша тоқталсақ, 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында туған.

Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты.

1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті.

Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 25-тен астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні» атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шықты.

Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері. Осы сыйлық бойынша М. Шаханов Орталық Азияның ең мейірімді адамы деп танылды. 2002 жылы «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А. Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген. «Тың және тыңайған жерлері үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 2000 жылы соңғы он жылдықта ең көп оқылатын ақын ретінде «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері атанды.

Мұхтар Шаханов халқын сүйген, жалынды патриот, қоғам қайраткері. Ол асқан жанашырлықпен Қазақстанның ғана емес, Орта Азияның рухани өміріне белсене араласып отырды. 1986 жылғы өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, тоталитарлық режимге қарсы шыққан қазақ жастарын қорғауға шықты.

Мұхтар поэзиясының ерекшелігі - оның адам жанына пайдалы рухани витамин секілді, халыққа қажеттілігі мен пайдалылығы және азаматтықты ақындықтан биік қоятындығы. Еңбекпен келген даңқ- ақын үшін үлкен бақ. Бірақ нағыз ақын қашанда халқы бақытты болғанда ғана өзін бақыттымын деп ойлайды.

Ақын болу оңай деймісің қарағым,

Аузында жүру бұл өзі сыздаған барлық жараның- деп, оның үзеңгілес ағасы Төлеген Айбергенов айтқандай М.Шаханов өз халқының барлық сыздаған жарасының аузында жүрген ақын.

М.Шаханов ең бірінші рет Арал теңізін қорғау туралы мәселе қозғады. Осы еңбегі үшін 1992 жылы Рио-де-Жанейрода барлық әлем басшылары жиналғанда қоршаған ортаны қорғау туралы БҰҰ Бағдарламасының сыйлығы беріліп, оның аты Құрмет кітабына жазылды.

Шығармамен жұмыс:


1-тапсырма. https://www.youtube.com/watch?v=veBGJU5amR0

«NUR TILEÝ». Мұхтар Шаханов

Мәтінді пайдаланып, хронологиялық кестені толтырыңыз.

№

Тапсырма

Ақпарат

1

Өмір жолы:


2

Оқыған мектебі:


3

Мамандығы:


4

Қызметтері:


5

Шығармалары:


6

Атағы:



2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. М.Шахановтың қандай өлеңдерін оқыдыңыз?............................................

2. Ол басқа қандай қызметтер атқарды?...........................................................

3. Еліміздегі қандай ең күрделі мәселесі туралы сөз қозғады?........................


3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, М. Шаханов туралы айтыңыз.


Халық ақыны, өмір жолы, қызметтер атқару, тілдерге аударылу, мәселе қозғау.


4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.

1. М.Шаханов одним из первых поднял свой голос в защиту Аральского моря, за что в 1992 году в Рио-де-Жанейро, где собрались главы государств мира, ему была присвоена премия Программы ООН по окружающей среде, а имя было занесено в Книгу почета.

2. Он - автор около тридцати поэтических книг, которые переведены более чем на 25 языков мира.

3. Известного казахстанского поэта Мухтара Шаханова давно знают и ценят в республике.

4. Книгами Мухтара зачитываются и многие жители республики Кыргызстан.

5. По инициативе Мухтара Шаханова в Кыргызстане создан международный элитарный клуб «XXI век и духовность».


5-тапсырма. https://www.youtube.com/watch?v=uCEh9O5oW5A

Отырар дастаны. Мұхтар Шаханов. Қазақша мультфильм.

Осы сілтеме бойынша бейне фильмді қарап, Отырар дастанының негізгі тақырыбы мен кейіпкерлері туралы әңгімелеу.

6-тапсырма. https://www.youtube.com/watch?v=uNaJRUhuT58

МҰХТАР ШАХАНОВ! " ТӨРТ АНА"


Төрт ана өлеңін жаттаңдар.



Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп тұрар, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.



Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?



Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ-жұлдызы жанбаған

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!




Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.


1. Төрт ана деген кім?


2. М. Шаханов қандай төрт ана туралы айтады?


3. Оларды неге құрметтеу керек?


4. Сен үшін төрт ана кім?


5. Егер сен өлең жазар болсаң бесінші ана қосар ма едің?









Сабақтың қорытындысы:






Shape1

....

....

..........

....

Төрт ана


















Кестені толтырыңыздар.

Shape2

?

?

?

?

?

?

Мұхтар Шаханов кім?























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
5 сәуір
1801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі