Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит.

3-сабақ.

Бөлім:

8.4А Көбею

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар гаметофит және спорофиттерді ажыратып сипаттай алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Гаплоидты және диплоидты, митоз және мейоз, гаметалар және зигота

дегеніміз не? Олардың арасында қандай байланыс бар?


2. 6-параграфтағы материалдарды еске түсіріп, мүктер мен қырықжапырақтардың ерекшеліктерін

айтыңдар.


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1-тапсырма

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

1. «Спорофит» және «гаметофит» түсініктеріне анықтама береді.


2. Споралы өсімдіктерде жасушалардың қандай жолмен бөлінуінен гаметалар, ал қандай жолмен бөлінуінен споралар түзіледі?


3. Мынадай терминдерге анықтама береді: «спора», «гамета», «спорофит», «гаметофит».


4. Мүктерде қашан, қалай және қайда (қандай құрылымда) гаметалар

мен споралар түзілетінін түсіндіреді.


6. Қырықжапырақтарда қашан, қалай және қайда (қандай құрылымда)

гаметалар мен споралар түзілетінін түсіндіреді.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- анықтама береді;

-тапсырманы түсіндіреді


8-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері



2-тапсырма

Оқулықта берілген қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Неліктен жоғары сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігінің тіршілік

циклінде диплоидты саты болатынын түсіндіреді.


2. Қырықжапырақтәрізділердің өскіншесінің атқаратын қыз метін сипаттайды.


3. Жасушалар хромосомасының және оны түзушілер арасында қандай

байланыс бар екенін анықтайды. Мысалдар келтіре отырып дәлелдейді.


4. Қырықжапырақтәрізділер мен мүктерде споралар қайда түзілетінін салыстырады.


5. Мүктердің көбеюі қалай жүзеге асатынын сипаттайды.


Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

-Тапсырманы түсіндіреді.


8-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері


3-тапсырма.

Оқулықта берілген талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Жасушаларындағы хромосома жиынтығын, митоз, мейоз, спорангийлер, споралар, гаметалар, зигота, ұрықтану, өсінді, өскіншені көрсете

отырып, «мүктердің тіршілік циклінің» сызбасын сызады.


2. Жасушаларындағы хромосома жиынтығын, митоз, мейоз, спорангийлер, споралар, гаметалар, зигота, ұрықтану, өсінді, өскіншені

көрсете отырып «қырықжапырақтәрізділердің тіршілік циклінің»

сызбанұсқасын сызады.


3. Мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің көбеюіндегі айырмашылықтарын көрсетеді.


4. Мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің тіршілік циклі мен эволюциялық дамуының арасындағы байланысты анықтап, талдау

жасайды.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- Тапсырмаларды орындайды.

-сызба сызады



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2021
899
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі