Материалдар / Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің әдіс – тәсілдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің әдіс – тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік қызметкерлер, бастауыш класс мұғалімдері, тәрбиешілер және т.б.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2021
441
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің әдіс – тәсілдері.

  Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің жолдары, тәсілдері

Мақсаты: Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, білімділік және біліктілік дағдыларын үйретудің жағдайын жасау; Баланың есте сақтау динамикасын анықтау ; Баланың психикалық даму деңгейін, ерекшелігін, психикалық дамудағы, мінез-құлқындағы ауытқушылығын анықтау.

Міндеттері: Сәйкес келетін деңгейінде психо-физиологиялық мүмкіндігін дамыту, артикулярдық аппаратын, фониматикалық есту қабілетін, қолының ұсақ бұлшық ет-терін ,қиымыл-қозғалысын шынықтыру.

Күтілетін нәтиже:Психо-физиологиялық мүмкіндігі дамиды. Өз-өзіне сенім артады, өзін-өзі бағалай білуге, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына жол ашады. Оқудағы негізгі қиындықтары жойылады. Жағымды мінез-құлық қалыптасады .

Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назарын аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында:«Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» жолдауында басты назарда болып, айтылды. Психологиялық тексеру –кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерінің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейтесті мәселелері жан-жақты қарастырылған. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Инклюзивті білім берудің 3 негізгі-жіберу, қатысу, қолдау жорамалдаған, менің көзқарасым түзетумен қолдаусыз жаппай мектептерде оқитын ақыл-ойы ауытқыған, ПДТ балалар т.б.,ТҚА, есту, көру, сөйдеу қабілеті бұзылған балалардың жалпы білім беру үрдісінде алдынала анықталады .Даму белсенділігі мүмкіндігінен айырылған балалармен арнайы(тұзету) коррекциялық жұмыстар.Аутиптік бала бейімдеу кезеңінде ата-анасымен үнемі байланыс жасаудың маңызы зор. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдруде. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, арнайы мектептерде білім алады. Балалар қоғамдық ортаға бейімделе бастайды, себебі мұғалімдер арнайы сабақтар өткізіп, үйірмелерге қатыстырып, баланың бойындағы икем дағдыларын анықтайды. Мұндай балалардан дарынды суретшілер, шебер қолдар, тоқу, макраме, бисермен жұмыс жасап, неше түрлі зергерлік бұйымдарды жасап жатқандары қаншама.Коррекциялық жұмыс түрлерін жүргізу барысында оқушы өзіне дос табады, еңбектенуге талпынады, қызығушылығы оянады, іскерлік қабілеті артады. Сол арқылы баланың өмірге құлшынысын,тұлғалық танымын арттыруға болады.

Даму мүмкіндігіне қарай мұғалім тапсырма бере отырып, балаға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, ата-аналарымен бірлесе отырып тәрбиелеу, оларды келешек қоғамдық орында өзін-өзі басқаруға ықпал жасайды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу өте қиын, қиын болса да мұғалім үздіксіз еңбек етуден жалықпайды.

Баланың танымдық және жеке көңіл-күйінің ауқымын терең психологиялық экспе-римент жүргізе отырып, бала бойындағы ерекшеліктерді анықтауға болады. Себебі, мұндай балалардың арасындағы дарынды балалар қоғамға бір пайдасын тигізетін қолынан шыққан түрлі зергерлік бұйымдарынан дайындалған көрмелер ұйымдастырылып, оларды жоғары дәрежеде бағалап, сатылым-сұранысына ие болып, шетел қонақтары өздеріне ескерткіш ретінде алып кетіп жатады. Бала әр түрлі психо-диагностикалық әдістерді пайдалана отырып анықтап, психологиялық қорытынды жасау Г.А.Цукерманның айтуынша:«Психологиялық түзету-дамыту жұмысы арқылы бойындағы даралық қабілеттерді қалыптастыру емес,жаңа әрекеттерге аяқ баса алатын интерпсихикалық кеңістік қалыптастыруы қажет.Яғни, ауытқушылық мінез-құлықты түзетуге, өзіне-өзі сенімділікті оятуға ықпал етеді».Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал етіп,жалпы психикасын жағынан ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету барысында оқушыларға ойын тренингтер,сауалнама, ойын -терапия өткізудің маңызы зор.

Зерттеушілер бойындағы дене кемістігі мен психикалық ауытқушылық белгілерін айқындап алғаннан кейін,түзету жұмысының мазмұнын,сөйлеу тілі мен ақыл-ой даму деңгейін тузетуге бағыттап, күнделікті жұмыстың түрін денгейіне қарай жоспарлап отыру қажет деп танимын.Ол үшін психолог жұмысы төмендегідей жүйеде жүргізілуі шарт деп білемін.

Психологтың жұмыс жүргізу жүйесі

1.Баланың психикалық дамуының ауытқу себебін анықтау;

2.Тұлғаның жеке интеллектуалдық дамуы ауытқуының-коррекциясын жүргізу,психологиялық көмек беру;

3.Барлық сұрақтарға шешу барысында әр жағдайдың ерекшелігін ескеріп, балалардың денсаулық,ар-намысына зиян тигізбеу;

4.Оқушыларды тексеруден өткізу психикалық және танымдық дамуындағы мүмкін болар кешеуілдеуді анықтау;

5. Әрбір балаға жекелеген қатынас жолдарын табу;

6. Баланың ой-өрісінің деңгейін анықтау.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бойындағы қарым-қабілетін ашу үшін олардың шығармашылық шеңберін бағдарлау қажет.Ол үшін төмендегі қағидаларды ескерген жөн деп білемін.

Танымдық қабілеттердің көлемін анықтау

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыту сабақтарын түрлендіріп өткізу.

Ойлау қабілеті,есту қабілеті,эмоцианалдық сезімдер,зейіннің тұрақтылығы,елестету қабілеті ,қабылдау,ой-өрісінің дамуы,сөйлеу қабілетін бағдарлау.

Сөйлеу тілінің қол саусақтарының қозғалысы арасында өзара байланыстылық бар зерттеуші М.М.Кольцова балалардың сөйлеу тілі қол саусақтарының импульсімен байланысты дамитындығын көрсетеді.

Түзету тапсырмалары балалардың игеру қиындығына қарай 3 кезеңге деңгейлеп бөлініп топтастырылды.

1. Деңгейлік жеңіл ойындарда басты назар мүгедек балалардың қол мен саусақ моторикасының қызметін жетілдіруге арналады.

2.Орта деңгейлік ойындар .Ойын мазмұны күрделеніп, қазақтың спорттық ойын түрлері(асық,бөшкедегі басқадыргы т.б) мен әдеп тәрбиелерімен балалардың ақыл-ойы мен сөйлеу тіліне,есте сақтауына арналады.

3.Жоғары деңгейлік ойындар.Қазақтың ұлттық ойындарымен қоса,спорттық тренажерлермен ойындар ұйымдастырылады.

Мыс:Орта деңгейлік ойындар арқылы,балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,ақыл-ойын,есте сақтау қабілетін арттыруға болады.

1)Түр-түсті ажырата білуін,заттарды танып ажырата білуін, зейіннің қажетті обьектіге тұрақтата алуын анықтау . Алма тұсі қандай? Қызыл,қатты ,тәтті,домалақ.

Лимон - қышқыл,сары. жұмсақ, сопақ Суретпен жұмыс жасау.

2)Он саусақ Неше қол бар ? 1 қолда5 саусақ.2 қолда болады 10саусақ

5+5 =10 екі қолда 10 саусақ 10-5=5бір қолда 5 саусақ .Саусақ жаттығуын жасаймыз.

Саусақтарға сипаттама бер. Бас бармақ,балалы үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек,кішкентай бөбек.

Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан- ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналауға болады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

3)Есте сақта. Бас бармақтан ортан терек ұзын болады,балан үйректен шылдыр шүмек қысқа

Көрнекілікпен жұмыс,суретте не жетіспейді?Ұқсастығын тап?













Мысық қалай дауыстайды ? Мысықтың атқаратын жұмысы ? Мысық туралы қандай ертегі білеміз?

Үйрек қалай дауыстайды? Үйрек қайда мекендейді,немен қоректенеді?

Үйрек туралы қандай ертегі білеміз ?

Ешкі қалай дауыстайды? Ешкі қандай жануарға жатады ?Ешкі туралы қандай ертегі білеміз? Қоян не жақсы көреді, қайда мекендейді,қоян туралы қандай ертегі білеміз?

Әтештің дауысын салайық, әтеш қандай құс,немен қоректенеді, қандай ертегі білеміз?

Сергіту сәті . Суреттегі кейіпкелердің даусын салу.

Ойын терапиясы арқылы ақыл-ойы кем балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.(Мысық пен тышқан ,ұсқынсыз үйрек,ешкі мен түлкі, мақтаншақ қоян, әтеш пен түлкі) үзінді ертегі терапиясын айту.

Ойын терапиясы - күрделі жұмыс.Ойын терапиясы ақыл-ойы кем балалар үшін пәрменді тәсілдердің бірі деп айтуға болады.Ойын терапиясы арқылы«мен»бейнесі ашылады,байланыстырып сөйлеу дағдысы қалыптастырылады.Ақыл-ойы кем баланы сөйлеу тілін қалыптастыру әдісі біріктіру болып табылады.Жеке және топ арқылы олармен түзету дамыту сабақтары жүргізіледі.Ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында төмендегі ойындарды сабақта пайдалануға болады.

«Сиқырлы таяқша» ойыны.

Сиқырлы таяқша көмегімен ,балалар шеңбер жасап тұрады.«Сәлеметсіз бе? Менің атым..»деген сөзден бастайды.Осылайша барлық бала өзін таныстырып болғанша ойын жалғаса береді. Балалардың көңіл - күйлерін сұрап ,бір-біріне жылы сөздерін тілеп, жақын танысады. Балалар осы сұрақтарға байланысты өз ойларын айтып болған соң, жанындағы көршілеріне жылы сөз сыйлайды .

Ишара, қимыл-қозғалыс келе, ақыл-ойдың дамуы өзінің құрылымына элементтер қатарын қосатын күрделі психикалық түсінік болғандықтан, оның дамуына жағдай туғызу үшін таным үрдістерінің қалыпты дамуына баса зер салу қажет.Сөзімді қорыта келе

«Ұстаз»деген Ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

«Ұстаз» деген шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі,- деп, жүрегі мейірім-шапағатқа,жан жылулығына толы барша Ұстаздар қауымын аянбай еңбек етіп,бала бойындағы шығармашылық шоқты үрлеп жандырып, «Әр бала бір жұлдыз,жарқырауына жәрдем ет»,деген қағиданы естен шығармауға шақырамын.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!