Материалдар / «Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогикалық түзету және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негіздері»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогикалық түзету және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негіздері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектолог
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2021
575
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы «Білім беру жүйесі басқарушы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру республикалық институты»









«Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогикалық түзету және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негіздері»

тақырыбы бойынша жоба жұмысы.

















Жұмысты орындаушы: Үйсінбай А.Ә











Шымкент қаласы 2018 ж







Жоспары



1. Кіріспе ........................................................................................... 3 бет
2. Негізгі бөлім.................................................................................. 4-5 бет
2.1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту.................................... 5 -10 бет

2.2. Ақыл - ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету............................................................................................... 9-10 бет
2.3. Оқыту әдістері .......................................................................... 10 -11бет

2.4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары ............................................................................................. 12-14 бет
3. Қорытынды....................................................................................... 14- бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................... 15 бет























Кіріспе

Арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын,сонымен бірге инклюзивті білім беру жүйелерін жетілдіруін қамтамасыз ету көзделген. Білім берудегі сабақтастық- балалардың жеке тұлға ретінде дамуын, білімгедеген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, эмоционалды-ерік жігерін, коммуникативтік дағдыларының даму жолдарын көздейді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі көп қырлы болуы тиіс. Инклюзивті білім беру ерекше балаларға білім беру саясатының бір түрі болып табылады және мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу баланың оқу үдерісінде субъекті болуына жағдай жасауды көздейді, яғни бала өзін-өзі өзгерту үшін оқиды, педагог үшін де, баланың өзі үшін де негізгі мәселе оның дамуы болып табылады. Осыған байланысты педагогикалық үдерісте балалардың белсенділік, өзіндік әрекетін танытуына, сонымен қатар, оның интеллектуалдық және тұлғалық дамуын арттыруына барынша кешенді түзетушілік педагогикалық қолдау жасау қажет. Ерте жасалған диагностика мен дер кезіндегі түзету жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке даму траекториясы бойынша өсуіне жағдай жасайды. Сондықтан, әлеуметтік-педагогикалық қолдау міндеттерін жүзеге асыруда арнайы (түзету) білім беру ұйымдар педагогтарының, соның ішінде әлеуметтік педагог, психолог және арнайы педагогтардың ролі басым.

Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ, «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуында ауытқушылық бар балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді»деген болатын. Сондай-ақ «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің зонасында жетілдіру керек» деген. Сондықтан, әр баланың жан дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, білгеннен кейін, олардың қабылдау деңгейіне қарай түзете-дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, балалардың ойлау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау қажет.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, танымдық,шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасалып жатыр.

Инклюзивті оқыту- барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісінің дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім процесі.


3


Мақсаты: Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, білімділік және біліктілік дағдыларын үйретудің жағдайын жасау; Баланың есте сақтау динамикасын анықтау ; Баланың психикалық даму деңгейін, ерекшелігін, психикалық дамудағы, мінез-құлқындағы ауытқушылығын анықтау.

Міндеттері: Сәйкес келетін деңгейінде психо-физиологиялық мүмкіндігін дамыту, артикулярдық аппаратын, фониматикалық есту қабілетін, қолының ұсақ бұлшық ет-терін ,қиымыл-қозғалысын шынықтыру.

Күтілетін нәтиже:Психо-физиологиялық мүмкіндігі дамиды. Өз-өзіне сенім артады, өзін-өзі бағалай білуге, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына жол ашады. Оқудағы негізгі қиындықтары жойылады. Жағымды мінез-құлық қалыптасады Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назарын аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында:«Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық –педагогикалық

түзеу арқылы қолдау туралы» жолдауында басты назарда болып, айтылды.

Психологиялық тексеру –кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерінің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейтесті мәселелері жан-жақты қарастырылған. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Инклюзивті білім берудің 3 негізгі-жіберу, қатысу, қолдау жорамалдаған, менің көзқарасым түзетумен қолдаусыз жаппай мектептерде оқитын ақыл-ойы ауытқыған, ПДТ балалар т.б.,ТҚА, есту, көру, сөйдеу қабілеті бұзылған балалардың жалпы білім беру үрдісінде алдынала анықталады .Даму белсенділігі мүмкіндігінен айырылған балалармен арнайы(тұзету) коррекциялық жұмыстар.Аутиптік бала бейімдеу кезеңінде ата-анасымен үнемі байланыс жасаудың маңызы зор. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдруде. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, арнайы мектептерде білім алады. Балалар қоғамдық ортаға бейімделе бастайды, себебі мұғалімдер арнайы сабақтар өткізіп, үйірмелерге қатыстырып, баланың бойындағы икем дағдыларын анықтайды. Мұндай балалардан дарынды суретшілер, шебер қолдар, тоқу, макраме, бисермен жұмыс жасап, неше түрлі зергерлік бұйымдарды жасап жатқандары қаншама.Коррекциялық жұмыс түрлерін жүргізу барысында оқушы өзіне дос табады, еңбектенуге талпынады, қызығушылығы оянады, іскерлік қабілеті артады. Сол арқылы баланың өмірге құлшынысын,тұлғалық танымын арттыруға болады.

Даму мүмкіндігіне қарай мұғалім тапсырма бере отырып, балаға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, ата-аналарымен бірлесе отырып тәрбиелеу, оларды келешек қоғамдық орында өзін-өзі басқаруға ықпал жасайды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу өте қиын, қиын болса да мұғалім үздіксіз еңбек етуден жалықпайды.

Баланың танымдық және жеке көңіл-күйінің ауқымын терең психологиялық экспе-римент жүргізе отырып, бала бойындағы ерекшеліктерді анықтауға болады. Себебі, мұндай балалардың арасындағы дарынды балалар қоғамға бір пайдасын тигізетін қолынан шыққан түрлі зергерлік бұйымдарынан дайындалған көрмелер ұйымдастырылып, оларды жоғары дәрежеде бағалап, сатылым-сұранысына ие болып, шетел қонақтары өздеріне ескерткіш ретінде алып кетіп жатады.

4


Бала әр түрлі психо-диагностикалық әдістерді пайдалана отырып анықтап, психологиялық қорытынды жасау Г.А.Цукерманның айтуынша:«Психологиялық түзету-дамыту жұмысы арқылы бойындағы даралық қабілеттерді қалыптастыру емес,жаңа әрекеттерге аяқ баса алатын интерпсихикалық кеңістік қалыптастыруы қажет.Яғни, ауытқушылық мінез-құлықты түзетуге, өзіне-өзі сенімділікті оятуға ықпал етеді».Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал етіп,жалпы психикасын жағынан ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету барысында оқушыларға ойын тренингтер,сауалнама, ойын -терапия өткізудің маңызы зор.

Зерттеушілер бойындағы дене кемістігі мен психикалық ауытқушылық белгілерін айқындап алғаннан кейін,түзету жұмысының мазмұнын,сөйлеу тілі мен ақыл-ой даму деңгейін тузетуге бағыттап, күнделікті жұмыстың түрін денгейіне қарай жоспарлап отыру қажет деп танимын.Ол үшін психолог жұмысы төмендегідей жүйеде жүргізілуі шарт деп білемін.

Психологтың жұмыс жүргізу жүйесі

1.Баланың психикалық дамуының ауытқу себебін анықтау;

2.Тұлғаның жеке интеллектуалдық дамуы ауытқуының-коррекциясын жүргізу,психологиялық көмек беру;

3.Барлық сұрақтарға шешу барысында әр жағдайдың ерекшелігін ескеріп, балалардың денсаулық,ар-намысына зиян тигізбеу;

4.Оқушыларды тексеруден өткізу психикалық және танымдық дамуындағы мүмкін болар кешеуілдеуді анықтау;

5. Әрбір балаға жекелеген қатынас жолдарын табу;

6. Баланың ой-өрісінің деңгейін анықтау.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бойындағы қарым-қабілетін ашу үшін олардың шығармашылық шеңберін бағдарлау қажет.Ол үшін төмендегі қағидаларды ескерген жөн деп білемін.

Танымдық қабілеттердің көлемін анықтау

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыту сабақтарын түрлендіріп өткізу.

Ойлау қабілеті,есту қабілеті,эмоцианалдық сезімдер,зейіннің тұрақтылығы,елестету қабілеті ,қабылдау,ой-өрісінің дамуы,сөйлеу қабілетін бағдарлау.

Сөйлеу тілінің қол саусақтарының қозғалысы арасында өзара байланыстылық бар зерттеуші М.М.Кольцова балалардың сөйлеу тілі қол саусақтарының импульсімен байланысты дамитындығын көрсетеді.

Түзету тапсырмалары балалардың игеру қиындығына қарай 3 кезеңге деңгейлеп бөлініп топтастырылды.

1. Деңгейлік жеңіл ойындарда басты назар мүгедек балалардың қол мен саусақ моторикасының қызметін жетілдіруге арналады.

2.Орта деңгейлік ойындар .Ойын мазмұны күрделеніп, қазақтың спорттық ойын түрлері(асық,бөшкедегі басқадыргы т.б) мен әдеп тәрбиелерімен балалардың ақыл-ойы мен сөйлеу тіліне,есте сақтауына арналады.

3.Жоғары деңгейлік ойындар.Қазақтың ұлттық ойындарымен қоса,спорттық тренажерлермен ойындар ұйымдастырылады.

Мыс:Орта деңгейлік ойындар арқылы,балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,ақыл-ойын,есте сақтау қабілетін арттыруға болады.

1)Түр-түсті ажырата білуін,заттарды танып ажырата білуін, зейіннің қажетті обьектіге тұрақтата алуын анықтау . Алма тұсі қандай? Қызыл,қатты ,тәтті,домалақ.

Лимон - қышқыл,сары. жұмсақ, сопақ Суретпен жұмыс жасау.


5

2)Он саусақ Неше қол бар ? 1 қолда5 саусақ.2 қолда болады 10саусақ

5+5 =10 екі қолда 10 саусақ 10-5=5бір қолда 5 саусақ .Саусақ жаттығуын жасаймыз.

Саусақтарға сипаттама бер. Бас бармақ,балалы үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек,кішкентай бөбек.

Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан- ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналауға болады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

3 )Есте сақта. Бас бармақтан ортан терек ұзын болады,балан үйректен шылдыр шүмек қысқа

Көрнекілікпен жұмыс,суретте не жетіспейді?Ұқсастығын тап?









Мысық қалай дауыстайды ? Мысықтың атқаратын жұмысы ? Мысық туралы қандай ертегі білеміз?

Үйрек қалай дауыстайды? Үйрек қайда мекендейді,немен қоректенеді?

Үйрек туралы қандай ертегі білеміз ?

Ешкі қалай дауыстайды? Ешкі қандай жануарға жатады ?Ешкі туралы қандай ертегі білеміз? Қоян не жақсы көреді, қайда мекендейді,қоян туралы қандай ертегі білеміз?

Әтештің дауысын салайық, әтеш қандай құс,немен қоректенеді, қандай ертегі білеміз?

Сергіту сәті . Суреттегі кейіпкелердің даусын салу.

Ойын терапиясы арқылы ақыл-ойы кем балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.(Мысық пен тышқан ,ұсқынсыз үйрек,ешкі мен түлкі, мақтаншақ қоян, әтеш пен түлкі) үзінді ертегі терапиясын айту.

Ойын терапиясы - күрделі жұмыс.Ойын терапиясы ақыл-ойы кем балалар үшін пәрменді тәсілдердің бірі деп айтуға болады.Ойын терапиясы арқылы«мен»бейнесі ашылады,байланыстырып сөйлеу дағдысы қалыптастырылады.Ақыл-ойы кем баланы сөйлеу тілін қалыптастыру әдісі біріктіру болып табылады.Жеке және топ арқылы олармен түзету дамыту сабақтары жүргізіледі.Ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында төмендегі ойындарды сабақта пайдалануға болады.


6



Түзету және инклюзивті білім беру бағдарламасының мақсаты да – әртүрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық процестерін дамытуда, білім алуда кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

ПМПК кабинетке баланы қабылдау облыстық ПМПК ММ-нің қорытындысы негізінде, облыстық Білім басқармасының жолдамасы, ата-анасының арызы, келісімшарт арқылы алынады. Бала кабинетке қабылданғаннан кейін 2 апта көлемінде мамандардың диагностикалық зерттеу жүргізіп, командалық бағалауы арқылы, түзеу-дамыту жұмыстарының мақсатын анықтайды.

Кабинет мамандары әр баланың толыққанды дамуына және ата-аналарына жан-жақты кеңес беру арқылы барынша психологиялық қолайлы жағдай жасауда. Кабинет балалардың жетіліп-дамуына, әлеуметтік бейімделуіне арналған құрал-жабдықтармен қамтасыз етілген. Әр маман өз саласы бойынша диагностикалық зерттеуінен кейін жеке түзету бағдарламасын құрады және бағдарлама баланың жеке психофизикалық дамуының ерекшелігін ескере отырып әзірленеді. Балаға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандар тобы бар: педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-дефектолог, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы және музыка жетекшісі. Кабинетке келуші балалардың көбісі қиын деңгейдегі олармен бірінші кабинет психологы жұмыс жасайды,баланың көніл күйін көтеріп жүйкесін тыныштандырады, содан соңбасқа мамандардан дамыту жаттығуларын алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бірнеше типтері бар. Олар: тірек-қимыл аппараттары бұзылған, ақыл-есінің ауыр, жеңіл түрдегі, Дауна синдромы, аутист, психикалық дамуы шектелген, сөйлеу тілінің кемістігінің әр дәрежедегі түрдегі, алалия түрлері, нашар көретін немесе нашар еститін т.б. сияқтылар. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшелігі сау балалардай емес, оқу бағдарламасын жай қабылдайды. Олардың интеллектуалды даму деңгейі, зейіні, есте сақтауы, ойлау қабілеттері төмен болады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, өз ойларын айту жағдайына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дамиды.

Мамандар туралы айтсақ, Педагог-Логопеды маман баланың сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды,дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке жұмыстар өткізеді. Баланың тіл бұзылыстарын түзету мақсатында логопед логопедиялық тренажер, зондпен жұмыс, тыныс,тіл, артикуляциялық жаттығулар арқылы қызықты қылып өткізуде.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, баланың ұсақ моторикасының дамуы оның жалпы тілінің дамуы мен ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты.

Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық мағынаға ие. Баланың саусақтарымен түрлі жұмыстарды орындауы индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді екен.

Кабинеттегі педагог- дефектологы мамандар баланың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзеп, жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеп, баланың мүмкіншілігін, қабілетін анықтайды. Дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған танымдық үрдістерін дамытып, сенсорлық қабілеттері мен жалпы және ұсақ

7


моторикасын, ойын арқылы баланың қимыл-қозғалысын, ойлауын және тілін дамытады.Дефектологтың түзеу-дамыту жұмысы саусақ жаттығуларынан басталады. Дидактикалық, сюжеттік-рольдік ойындар, мазмұнды суретпен әңгіме құрастыру, түрлі әдістер арқылы сурет салу, ермексазбен жұмыс және қол моторикасын дамытатын заттық – танымдық құралдармен ойнату балалардың қызығушылығын тудырады.

Педагог- психолог маманы баланың психологиялық даму деңгейін зерттеп, танымдық, тұлғалық, эмоционалды-ерік қабілеттерін дамытуға бағытталған түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді: баланың өзіне деген, қоршаған ортаға деген қатынасын жақсарту,өз эмоциясын басқара алуы, қоғамда өзін еркін ұстауы, танымдық қызығушылығын арттыру т.б.Тренингтер, танымдық ойындар, релаксация,арттерапия сияқты жұмыс түрлері арқылы балалардың психологиялық дамуына жағдай жасайды.

Әлеуметтік педагогы баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, баланың жеке құқығы мен еркіндігін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар өткізеді. Отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеріп, мұқтаждық картасын жасап отырады. Ата-аналарға құқықтық, әлеуметтік жәрдемақылар, курорттық емдеу орындары жұмыстары туралы көмек көрсетеді. Балаларға жеке сабақтар кезінде түрлі табиғи материалдар арқылы қол еңбегіне үйретеді, өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын қалыптастыруда Монтессоридің күнделікті өмір жаттығуларын балаларға үйретеді.

Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы баланың дене бітімінің дамуына, жетілуіне арналған жаттығулар, ойындар өткізу арқылы баланың ірі және ұсақ моторикасын дамытады, қозғалыс координациясын түзейді. Шынықтыру,

сауықтыру шараларын өткізеді.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез құлқындағы кемшіліктеррді түзету, орнына келтіру, дамыту . педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жүріс.тұрысындағы кемшіліктер адамның жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне оқу, бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен құрдастарымен қарым.қатынасына кері әсер етеді.
Балалардың мінез.құлқындағы ауытқулар мен олардың кемшіліктерін жеңілдету мәселелерін педагог.ғалымдар Л.С.Выготский, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский зерттеген. Олар оқуында, тәртібінде ауытқуы бар балаларды оқытудың, тәрбелеудің маңыздылығын баса көрсеткен, сондай.ақ, баланың біріншіден, қандай да бір іс.әрекетті неге және не үшін орындағанын біліуін, екіншіден, жүріс тұрыс ережелері мен нормаларын ешкімнің бұйрығын күтпей, өз қалауымен орындауға тырысуы өте маңызды екенін анықтаған. Ал, А.И.Захаровтың тұжырымы бойынша, кейбір жағдайларда баланың «қырсықтығы» жалпы жоғарғы қозғыштық сезіммен анықталады. Бала бұл жағдайда ересектер жағынан тым көп көлемдегі кеңестер мен шектеулерді, ескертулерді қабылдай алмайды.



8



Ақыл - ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету

Баланың шындықты тануға ақыл - ой сезімі ең алдымен таңданудан

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!