Мұнай: Құрамы, Қасиеттері және Алынатын
Өнімдері
Химия пәні
оқытушысы: Жоран Райхан
Қайратқызы
Түйін
Мақалада мұнайдың түрлері,
құрамы, пайдалануы, өндірістегі маңызы жазылған. Мұнай — табиғи,
жанғыш, май тәрізді сұйықтық, ол жер қойнауынан өндіріліп, әлемдік
энергетика мен химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып
табылады. Ол
көмірсутектер мен басқа да органикалық қосылыстардың күрделі
қоспасы ретінде сипатталады.
Аннотация
В статье прописаны виды, состав, использование, значение нефти в производстве. Нефть-это природная, горючая,
маслоподобная жидкость, добываемая из недр и являющаяся основным сырьем мировой энергетической и химической промышленности. Он описывается как сложная смесь углеводородов и других органических соединений.
Annotation
The
article
describes
the
types,
composition, use,
and
importance of
oil
in
production. Oil
is
a
natural,
combustible,
oil-like liquid
extracted
from
the
subsurface and
is
the
main
raw
material of
the global
energy
and
chemical
industries. It
is
described
as
a
complex
mixture
of
hydrocarbons and
other
organic
compounds.
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы
сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз
жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде
тұнбалық қабатында
орналасады; пайдалы
қазбалардың ең маңызды
түрі.
Мұнайдың
Құрамы
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол
ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді.
Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай
өндіріледі. Мұнай судан
жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95
г/см3. Мұнай өз
бойынан электр
тогын өткізбейді. Сондықтан ол
электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай
құрамынан екі мыңнан
астам халық
шаруашылығына керекті заттар алынып
отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу
түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ
майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты
әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш
тонна көмірдің, 1,3
тонна антрациттың, 3,3
тонна шымтезектің қызуына
тең.Мұнайдың химиялық құрамы
әртүрлі, бірақ негізінен үш негізгі көмірсутек топтарынан
тұрады:
- Парафиндер (алкандар): түзу немесе тармақталған
тізбекті көмірсутектер.
- Циклопарафиндер (нафтендер): циклдік құрылымды
қаныққан көмірсутектер.
- Ароматты көмірсутектер: бензол сақинасы бар
қанықпаған қосылыстар.
Сонымен қатар, мұнай құрамында оттегі, күкірт,
азот және металдар сияқты басқа элементтер бар. Мұнайдың сапалық
және сандық құрамы кен орнына байланысты өзгереді. Мысалы,
Маңғыстау мұнайы парафиндерге бай, ал Баку аймағының мұнайы
циклопарафиндерге бай келеді. [1]
Мұнайдың Физикалық және Химиялық
Қасиеттері
- Түсі: қара қоңырдан ашық сарыға дейін,
құрамындағы қосылыстарға байланысты.
Иісі: өзіндік тән иісі бар.
- Тығыздығы: 0,80–0,95 г/см³
аралығында.
- Тұтқырлығы: жоғары, температураға байланысты
өзгереді.
- Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде
ериді.
Химиялық тұрғыдан мұнай оңай тотығады, бұл оның
өңдеу процесінде маңызды рөл атқарады.
Мұнайдан Алынатын Өнімдер
Мұнайды өңдеу арқылы әртүрлі өнімдер алынады,
оларды екі негізгі топқа бөлуге болады:
1. Ашық түсті өнімдер:
- Бензин (С₅–С₁₁): автокөліктер мен ұшақтар үшін
жанармай.
- Лигроин (С₈–С₁₄): ауыл шаруашылығы техникасы
үшін жанармай.
- Керосин (С₁₂–С₁₈): реактивті ұшақтар мен
тұрмыстық қажеттіліктер үшін.
- Газойль (С₁₄–С₂₀): дизель отыны ретінде
қолданылады.
2. Қара түсті өнімдер:
- Мазут: жоғары молекулалы көмірсутектердің
қоспасы, одан әрі өңделіп, жағармайлар, парафин, вазелин және битум
алынады.
Мұнайды өңдеу процесі ректификациялық
колонналарда жүзеге асырылады, мұнда мұнай фракцияларға
бөлінеді.
Мұнайдың
түрлері:
-
Ньютондық емес
мұнай.
Ньютонның бағдарлы үйкеліс заңына бағынбайтын, яғни құрамындағы
шайырлардың, шайыртастақтардың, парафиннің жоғары мөлшерлерін
кіріктіруіне, сол сияқты жинауыштық қабілетінің төмен болуына
және тау жыныстары саздылығының жоғары
болуына байланысты қойнауқаттық жағдайда қүрылымдық-механикалық
қасиеттерді йемденген мұнай.
-
сұйық және газ фазаларына жіктелген күйде жер
қойнауларында орын тепкен көмірсутектер. Құрамындағы еріген газ
мөлшері біршама мол болған жағдайда қойнауқаттық мұнайдың
қасиеттері - тұтқырлығы, тығыздығы, әр түрлі деңгейлер
шекарасыңдағы беткейлік тартылыс куаты, т.с.с. - күрт өзгеретін
болады. Қойнауқаттық мұнайдың қасиеттері оларды игеру барысындағы
қойнауқаттыққысым мөлшерінің азаюы салдарынан да өзгереді.
Сондықган да мұнайды тиімді игеру жүйелерін жобалау барысында
қойнауқаттық мұнайдан алынған сынамаларды алдын-ала жете зерттеу
шаралары іске асырылады.
-
"ауыр мұнай". Құрамындағы шайыртасты-шайырлы заттардың
мол болуы, көмірсутектер құрылысында циклдік құрылымдардың басым
болуы және тез қайнайтын фракциялар мөлшерінің аз болуы салдарынан
тығыздығы біршама жоғары мөлшерлермен (0,9 г/см3-ден астам)
сипатталатын мұнай.
Қорытынды
Мұнай —
қазіргі заманғы өнеркәсіп пен энергетиканың негізі. Оның
құрамындағы әртүрлі көмірсутектер мен басқа қосылыстар оны бағалы
шикізатқа айналдырады. Мұнайдан алынатын өнімдер күнделікті
өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Мұнай дүние
жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске
ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады.
Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом
және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми
береді.
Пайдаланылған Әдебиеттер
1. «Мұнай, мұнай құрамы» — Altyn
Orda
2. «Мұнай құрамы, өңдеу әдістері мен өнімдері» —
Ust.kz
3. «Мұнай және өнімдерінің
құрамы мен физика-химиялық қасиеттері» —
Stud.kz
4. «Мұнай құрамы» — Zharar.kz