400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ құрамындағы күкіртсутектің мөлшерін анықтау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Май ауданы, «Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Авторы: Аубакирова Адина, 9- сынып

«Мұнай өнімдерімен ластанған топырақтағы күкіртті сутектің мөлшерін анықтау»

Бағыты: Химия

Секциясы: Таза табиғи орта «Қазақстан -2030»стратегиясын іске асырудың негізі

Жетекшісі: Жайлаубаева Гульжан Рыскалиевна

Павлодар 2020












































Abstract

Soil resources are one of the most important prerequisites for life on earth. Soil, as one of the components of the biosphere, is a biochemical environment for humans, animals and plants, which is the most important reserve of mechanisms of self – purification processes with high energy intensity, able to balance direct and indirect effects between the soil biota and humans.

The conditions necessary for the production of food for humans and animal feed are created only through the soil. Oil is the main industry of our economy. Currently, in areas subject to violations of anthropogenic activity, petroleum products are one of the most common and toxic substances.

The presence of hydrogen sulfide in the soil in large quantities of MPC is very dangerous. This leads to the destruction of the vital activity of microorganisms in the soil. Degrades soil fertility, resulting in soil productivity







































Абстаркт.

Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалынады.

Мұнай біздің экономикамыздың басты саласы болып табылады. Қазіргі уақытта антропогендік белсенділіктің бұзылуына ұшыраған аудандарда мұнай өнімдері ең көп таралған және улы заттардың бірі болып табылады.

Топырақ құрамында күкіртсутектің ШРК–нан көп мөлшерде болуы өте қауіпті. Ол топырақтың құрамындағы микроорганизмдердің тіршілігінің жойылуына алып келеді. Топырақтың құнарлылығын нашарлатады, соның әсерінен топырақ өнімділігі нашарлайды. Топырақтың құрамында күкіртсутектің көп болуы сол аймақтағы флора мен фаунаның да нашарлауына алып келеді

Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, зерттеу мақсаты мен зерттеу әдісінен, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың мақсаты мен міндеті, тақырыптың өзектілігі сипатталған.

Теориялық бөлімде топыраққа және күкіртті сутекке жалпы сипаттама берілген сонымен қатар оның адам организміне түсу жолдары , қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы айтылған. Зертеу мақсаты мен әдісі бөлімінде , зерттеу әдісі мен объектісі сипатталған және зерттеу нәтижелері көрсетілген .

Автор ғылыми жобаны жазу барысында кітаптарда берілген мәліметтерге сүйене отырып, өзіндік зерттеулер жүргізіп, нәтижелерін ұсынып отыр. Көлемді әдебиеттерді пайдаланып өз зерттеулеріне негізделіп тақырыпты аша білді.



















Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ақжар жалпы орта білім беретін мектептің

9 сынып оқушысы Аубакирова Адинаның

«Мұнай өнімдерімен ластанған топырақтағы күкіртті сутектің мөлшерін анықтау»

тақырыбында жазылған ғылыми жобасына



Пікір

Қазіргі таңда қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластану өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай , Адинаның таңдап отырған тақырыбы қазіргі таңда ой толғанарлық мәселе. Аталмыш тақырыпта зерттеулер жүргізу барысында Адина сан түрлі әдебиеттерді қолдана отырып , күкіртті сутектің қасиеттерін , оның қоршаған ортаға түсу жолдарын, табиғи ортаның ластау көздерін, адам организміне түсу жолдарын толығымен қарастырып өткен.

Зерттеу барысында топырақ сынамаларын жан – жақты бағалап, салыстырған. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйене отырып кестелер мен диаграммалар жұмысында көрініс тапқан.

Оқушы жұмысы бірізділік, ғылымилылық, нақтылық және жүйелілік принципіне негізделіп жасалғандықтан, ғылыми айналымға енгізуге жарамды, өте жақсы деп бағаланады.







Пікір беруші:

Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп

Химия пәнінің мұғалімі: Г.Р. Жайлаубаева





МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ..................................................................................................................3-6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ..........................................................................................................

І – ТАРАУ. ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР РЕТІНДЕ

    1. Топырақ және оған сипаттама...............................................................7-9

    2. Топырақтың жалпы қасиеттері ...........................................................9-19

    3. Топырақтың ластануы .......................................................................19-20

ІІ – ТАРАУ. МҰНАЙ МЕН МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУЫ

2.1. Мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы сипаттамалары ..........................21-24

2.2. Мұнай өнімдерімен ластанған топырақтағы күкіртсутек........................25-34

2.2.1. Күкіртсутектің сипаттамасы, табиғатта кездесуі мен шығу тегі ..............

2.2.2. Күкіртсутектің физика – химиялық қасиеттері .........................................

2.2.3. Күкіртсутектің адам организміне әсері .....................................................

2.2.4. Күкіртсутек газын өңдеу әдістері ................................................................

2.3. Жанар – жағармай бекеттері және олардың топырақ жамылғысына әсері ..............................................................................................................................34-44

2.4. Мұнай өнімдерімен ластанған топырақты рекультивациялау.................44-45

IІI ТАРАУ. ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

3.1. Зерттеу объектілерінің сипаттамасы ...........................................................46-47

3.2. Зерттеу әдістері ...................................................................................................47

3.3. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау.................................................48-57

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………........……………...…......…......57-58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…..........…………........……….......…58-60

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі:

Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Алайда соңғы жылдары елімізде топырақтың құрамындағы мұнай өнімдерімен ластанған зиянды заттардың, әсіресе күкіртсутектің концентрациясының көбеюі есебінен топырақтың ластануы белең алуда.

Мұнай біздің экономикамыздың басты саласы болып табылады. Қазіргі уақытта антропогендік белсенділіктің бұзылуына ұшыраған аудандарда мұнай өнімдері ең көп таралған және улы заттардың бірі болып табылады. Шикі мұнай мен оның өңделген өнімдері бойынша қоршаған ортаны ластау қаупі тек мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші өңірлерде ғана емес, кез-келген қала мұндай ластауға ұшырауы мүмкін, өйткені жанар-жағармай материалдарын сақтау және тасымалдау, көлік апаттардың салдарынан мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуі, мұнай қоймалары мен мұнай өңдеу зауыттарындағы өрттер, жанар – жағармай бекеттері де өз әсерін тигізеді. Елімізде мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты апаттардың санының жыл сайын артуы, республика халқының өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер туғызуда.

Мұнай және мұнай өнімдерімен қоршаған ортаның ластануы қоршаған ортаның барлық маңызды процестерін бұзады және тоқтатады: тыныс алу қызметі және микробтық өзін-өзі тазарту, микроорганизмдер санының табиғи қатынасы және метаболизмнің өзгеру бағыты, тотығу өнімдері түріндегі ластаушы заттар жинақталады [1].Экожүйенің компоненттерін ауаның, судың және топырақтың ортасы арқылы ластау нәтижесінде ластауыштар биологиялық циклдар мен жекелеген тірі ағзаларға кіреді, оларды одан әрі трансформациялайды, жинақталады және қайта бөлінеді.

Мұнай өнімдері топырақтың ластануының өте кең таралған және қауіпті көзі болып табылады, бұл оның экологиялық қасиеттерін сақтауға, топырақтың организмдері мен өсімдіктерінің өмір сүруіне оңтайлы жағдай туғызатын және топырақтың құнарлылығына тікелей әсер ететін, оның қасиеттерінің күрт апатты жағдайына алып келеді. Бензин (жанармай) автомобильдер, су, темір жолдар және ең бастысы, ауыл шаруашылығының барлық технологиялары арқылы кеңінен пайдаланылады – осылайша, топырақтағы мұнайдың осы түрінің жинақталу ықтималдығы өте жоғары. Сондықтан жанармайлық ластанудың бөлшектердің мөлшерін бөлудің әр түрлі топырағының физикалық қасиеттерін, әсіресе табиғи жағдайларда, әсерін зерттеу қажет.

Топырақта анаэробты микроорганизмдер қатысуымен органикалық заттардың ыдырау процестері үздіксіз жүреді. Кейбір бактериялар органикалық заттарды тотықтыруға сульфаттардың оттегісін пайдаланады да, бұл кезде күкіртсутек H2S бөлінеді. Бұндай процесс органикалық заттарға бай топырақтарда жүреді.

Топырақ үшін H2S ШРК – 0,4 мг/кг (ауа жылжымалы) құрайды.

Топырақ құрамында күкіртсутектің ШРК–нан көп мөлшерде болуы өте қауіпті. Ол топырақтың құрамындағы микроорганизмдердің тіршілігінің жойылуына алып келеді. Топырақтың құнарлылығын нашарлатады, соның әсерінен топырақ өнімділігі нашарлайды. Топырақтың құрамында күкіртсутектің көп болуы сол аймақтағы флора мен фаунаның да нашарлауына алып келеді[2].

Ғылыми жұмыстың өзектілігі өзіміз тұрып жатқан қаладағы жанар – жағармай бекеттерінің жаңындағы топырақ жамылғысының құрамындағы күкіртсутектің мөлшерін анықтау, ол туралы хабардар болу. Себебі, топырақ құрамында күкірсутек концентрациясының көп мөлшерде болуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізбей қоймайды.

Жұмыстың мақсаты: зертханалық жағдайларда мұнай өнімдерімен ластануының әсерінен әртүрлі топырақтардың күкіртсутекпен ластану деңгейін анықтау.

Жұмыстың міндеті:

  1. Павлодар қаласының жанармай бекеттерінің тізімін құрастырып, 15 жанармай бекетін таңдап алу және зерттеуге сынамалар алу

  2. Жанармай бекеттері жанынан алынған топырақ сынамаларының құрамындағы күкіртсутек мөлшерін анықтау.

  3. Жанармай бекеттері жанынан алынған топырақ сынамаларының құрамындағы ылғалдылығын анықтау.

  4. Жанармай бекеттері жанынан алынған топырақ сынамаларының құрамындағы ph – ын анықтау.

  5. Алынған нәтижелерді салыстыру, талдау және өңдеу.

  6. Қорытынды жасау.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 3 – тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

Зерттеу бағыты: Химиялық экология

Зерттеу әдісі: тотығу-тотықсыздану әдісі арқылы титрлеу

Зерттеу нысаны: Жанар – жағармай бекеттері маңынан алынған топырақ сынамалары

Зерттеу жұмысының жаңалығы:

Павлодар қаласының жанармай бекеттері жанынан алынған топырақ құрамындағы күкіртсутек мөлшері анықталып, мониторинг жүргізілді.











І – ТАРАУ. ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР РЕТІНДЕ

    1. Топырақ және оған жалпы сипаттама

Топырақ – өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады

Топырақ – литосфераның ең маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Табиғи ресурс ретінде әрекет ете отырып, биосфераның басқа да ресурстары арасында ерекше рөл мен орын алатын қасиеттері бар. Тұтастай алғанда, ол жасанды түрде жасалуы немесе жаңа топырақ қалыптастыратын тау жыныстарында жаратылуы мүмкін. Дегенмен, табиғи қалыптасу үдерісі өте ұзақ және жүздеген және мыңжылдыққа созылады, ал жасанды топырақтың (топыраққа ұқсайтын органның) үлкен ауқымда құрылуы өте қымбат. Осылайша, топырақтың қалыптасуы іс жүзінде мүмкін емес уақыт аралығымен салыстыруға болады, сондықтан топырақтың алмастырылмайтын ресурстарға жатқызуға болады [3].

Топырақты – топырақтану ғылымы, сонымен қатар агрономия, геология, геохимия және басқа да ғылыми салалар зерттейді.

Топырақтың ғылыми анықтамасын және оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктерді алғаш рет 1883 жылы В.В.Докучаев «Русский чернозем» докторлық диссертациясында берді. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, климат, рельеф, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды.

Кейіннен А.Н. Набоких неміс агрогеологы Г. Беренттің топыраққа ұқсас түсінік бергенін анықтады. Алайда, осы анықтамалардың өзіндік көрінісі бар болғанымен, олар мүлдем өзгеше, Г Берентт топыраққа тек гумус қабатын ғана жатқызды [4].

Қазіргі заманғы топырақтану ғылымы топырақты құнарлылығы бар ерекше, табиғаттың тарихи органы ретінде ғана емес, сонымен қатар жердегі өмірді қалпына келтірудің циклдық сипатын қамтамасыз ететін көп функциялы табиғи жүйе ретінде қарастырылады.

Топырақ әрдайым бір – бірімен тұрақты байланыста және өзара әрекеттесуде болатын үш түрлі фазадан тұрады. Топырақтың фазалары 1 – суретте көрсетілген

Сурет 1.1. Топырақтың фазалары


Топырақтың қатты фазасында – өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың негізгі қоры бар. Ол топырақтың қатты фазасының 90-99% -ын құрайтын материалдардан және топырақтың құнарлылығын арттыруда маңызды рөл атқаратын органикалық бөліктерден тұрады. Қатты фазаның жартысын оттегі, 1/3 юөлігін кремний, ал 10% -дан астамын алюминий мен темір, тек 7%ын басқа элементтер құрайды.

Топырақтың газ тәрізді фазасы – өсімдіктер өмірінде, олардың тамырларында және анаэробты организмдерде маңызды роль атқаратын топырақ ауасынан тұрады. Топырақ ауасы топырақтың капиллярлы емес кеуектерінде (поры) орналасады, себебі капиллярлы кеуектердің көп бөлігінде су орналасқан. Барлық кеуектер сумен толған жағдайда, су ауаны кеуектерден ығыстырып шығарады. Ал егер де топырақ құрғақ (сусыз) болған жағдайда бос кеуектер топырақ ауасымен толады. Топырақта ауаның мол болуы оның микроағзаларының дамуына, өсімдіктің жақсы өсуі мен қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады. Ауа жеткіліксіз жағдайда өсімдік тамырларының өсуі мен тыныс алу процесі, қоректік заттарды сіңіруі нашарлайды.

Топырақтың сұйық фазасы - оның өте-мөте белсенді және қозғалғыш бөлігі болып табылады. Ф. И. Вернадскийдің айтуы бойынша табиғатта құрамында су болмайтын ешқандай да бір қатты зат жоқ. Орташа есеппен алғагда топырақтың 20%- ы судан құралады, яғни топырақтың бестен бір бөлігін – су, оның сұйық бөлігі алады. Мұнда әр түрлі химиялық процестер жүреді және одан өсімдік тікелей қоректік заттарды (тұздарды) сіңіреді [5].



    1. Топырақтың жалпы қасиеттері

Топырақтың экологиялық жағдайын анықтайтын жалпы қасиеттерін2 – суретте көрсетілген.

Shape1

Сурет 1.2. Топырақтың экологиялық жағдайын анықтайтын қасиеттері.

Топырақтың механикалық құрамы

Топырақтың механикалық (гранулометриялық) құрамы онда балшықтың, ұсақ тастардың, құмдардың, гендік және антропоидтық қосылыстардың болуымен сипатталады.

Топырақтың минералдық бөлігі әр түрлі минералдардан тұрады, олардың көлемі 1 мм-ге дейін және одан үлкен болады. Көлемі әр түрлі бөлшектерді механикалық элементтер деп атайды. Барлық фракцияларды негізгі 4 топқа бөледі: ұсақ тасты бөлік, құм,шаң және лай.

Тастар, тас бөлшектері, шағал, тау жыныстарының сынықтары болғандықтан оның құрылымын, қасиеттерін сақтайды, олар топырақтың физикалық қасиеттеріне әсер етеді.

Құм – (түйіршіктердің диаметрі 1-0,05мм) топырақтың аз жылжитын бөлігі. Ол негізінен кристалды кремний қышқылдарынан құрылады, кейбір жағдайда слюда пластинкалары мен басқа минералдардың сынықтарынан құралады.

Шаң – (түйіршіктердің диаметрі 0,05-0,001мм) тұрақты кристалды және аморфты кремний қышқылдарынан тұрады. Шаң фракциясы салыстырмалы түрде алғанда топырақтың инертті бөлігі. Химиялық және физикалық процестер бұл фракцияда нашар жүреді. 

Тұнба – (түйіршіктердің диаметрі <0,001 мм) – бұл топырақтың ең белсенді және жылжымалы сазды бөлшегі. Тұнба құрамына минералдық және аз мөлшерде органикалық заттар кіреді. Бұл фракцияның түйіршіктері бір-бірімен жақсы байланыста болады, серпімді келеді [6].

Топырақтың механикалық элементтерінің көлемі 1- кестеде берілген.

Кесте 1.1.

Топырақтың механикалық элементтерінің көлемі, мм

Тасты бөлігі

>3,00

Оның ішінде ірі құм

3,00-1,00

Орташа

1,00-0,25

Майда

0,25-0,05

Оның ішінде ірі шаң

0,05-0,01

Орташа

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі