400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мұнар күн», «Жалғыздық» өлеңдері 8 сынып Қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет өлеңдерінің мазмұнын ашып, шығу тарихын біледі. Өлеңдерінен өз бейнесін табуға тырысады. Махамбет өлеңдеріндегі пессимистік сарынның себебін іздейді, табуға тырысады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ №19. Пәні: Қазақ әдебиеті

№ 153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Теңгебаева Гүлжан

Сыныбы: 8 «А», «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Мұнар күн», «Жалғыздық» өлеңдері

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Махамбет өлеңдерінің мазмұнын ашып, шығу тарихын біледі.

Өлеңдерінен өз бейнесін табуға тырысады.

Махамбет өлеңдеріндегі пессимистік сарынның себебін іздейді, табуға тырысады.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушы істей алады: өлеңдерімен танысады.


Оқушылардың көпшілігі істей алады: өлеңдерін жаттай алады.


Кейбір оқушылар істей алады:өлеңдеріне СКТ жасай алады. салыстырады

Тілдік мақсат

Оқушылар:


Негізгі сөздер мен тіркестер:


Сыныптағы диалог үшін пайдалытілдік бірліктер


Талқылауға арналған сұрақтар:


Сіз неліктен ......... екенін айта аласыз ба?


Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Жетістік критерийлері:

Махамбет өлеңдерінің шығу тарихын біледі.

Ақын өлеңдерінен ақынның өз бейнесін табуға талпынады.

«Пессимизм» ұғымымен танысады, өлеңнен іздейді.

Алдыңғы оқу

Махамбет өмірі

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Басы

1-5 минут

Өмірі мен шығармашылығы

Ақын қай кезеңде өмір сүрген?

Отбасы жайлы не білеміз?

Оның ақылшысы, досы кім еді?

Өлеңдерінің негізгі тақырыбы не болды?

Не себепті ақынды «өршіл рухты ақын» деп атайды?


Ортасы

5 минут

15 минут

5 минут

«Мұнар күн» өлеңі бойынша

Білу: Өлеңде ақын Исатайдың өлімін қалай суреттеген?

Түсіну. 1. Өлең неге «Мұнар күн» деп аталды?

2. Өлеңде «мұнар» сөзі неліктен бірнеше рет қайталанады?

Талдау: «Мұнар күн» өлеңін ауыз әдебиеті үлгісіндегі жоқтау өлеңімен салыстырыңдар.

Жинақтау :1. «Мұнар күн» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.

2. Исатайдың қазасының ауыр болғанын ақын қандай сөздер, сөйлемдер арқылы көрсеткен?

Қолдану: 1. Тарихи деректерді пайдаланып, Исатайдың қандай жағдайда қазаболғанын әңгімелеп беріңдер.

2. Исатай сынды әрі ағасы, әрі жолдасы қаза болған

Махамбеттің көңілін қалай жұбатар едіңдер?

3. Исатайдыңөліміне байланысты табиғат көріністері

қандай тәсілдер арқылы берілгенін анықтаңдар:

Мысалдар

Ажарлау түрлері



Баға беру. 1. Ақын Махамбет батыр Исатайдың қазасы қисынсыз, әділетсіз екеніне сендерді сендіре алды ма?

2. «Алыстағы дұшпанның,

Жақындағы «достының»

Қуанып көңілітынған күн!» -деген өлең жолдарын

қалай түсінесіңдер?

«Жалғыздық» өлеңі бойынша

Білу: 1. « Мен құстан туған құмаймын» өлеңінің лирикалық кейіпкері қандай жан?

2. Ол өзін неге теңейді?

3. «Жалғыздық» өлеңі қандай жағдайда шығарылған?

4. «Жалғыздық» өлеңіндегі «жоқ» сөзінің қайталануы туралы не айтуға болады? Мұндай қайталау әдебиет теориясында қалай аталады?

Түсіну: 1. Өлеңде Махамбет ақын неліктен «заманым менің тар болды» деп қайғырады?

2.Ақын өзін неліктен жалғыз сезінеді?

Талдау: Ақын ойын қазіргі заманмен салыстырып баяндаңдар.

Жинақтау: 1. Махамбет өлеңдерінің тақырыбымен идеясын анықтаңдар.

2. Махамбет өлеңдерінде қазақ тарихы қалай бейнеленген? Топтастыру сызбасы арқылы көрсетіңдер.

Қолдану.т 1. Өлеңдердің көркемдік ерекшеліктерін анықтаңдар.

2. Өздеріңе ұнаған қай өлеңін атай аласың?

Баға беру:1. Қалай ойлайсыңдар, өлеңдері арқылы ақын қандай ой айтқысы келген? Өз ойын қандай ерекше сөздермен жеткізген?

2. «Мен құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдеріндегі ақынның философиялық толғаныстары туралы ой бөлісіңдер.


Соңы

7 минут

3 минут

Өлеңдерінің қазіргі таңдағымаңызы неде деп ойлайсыңдар?


Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау:Критериалды бағалау

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

-Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

-Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандайтүзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқудыда ескеріңіз)

1.

2.

Мен сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі