15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" интеллектуалды ойын
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
Бейнеролик «Туған күн» көрсетіледі.
1.Жүргізуші: -Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан.
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіңе қайтарамын» - деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
2.Жүргізуші:
«Сырым
да осы, жырым да осы, Алдыңда.
Байқашы
сен, Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар
жоқ, Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали
Мақатаев бар мұнда!»
Мұқағали
- ақын, аудармашы, драматург, прозашы.
Оның жауһар жырлары - мәңгілік.
1.Жүргізуші:
-
9 ақпан – Мұқағали Мақатаевтың туған
күні. Мұқағалиды
қашан еске алсақ та жарасады. Ақынның
туған күні арнайы күнді күтпей-ақ
тойланып кетеді. Мұқағали Мақатаевтың
өмірі қысқа болса да, ғұмыры туралы ұзақ
әңгіме айтуға болады. Мұқағали туралы
халық санасында жүрген пікірлер
жетерлік.
2.Жүргізуші: -Иә, ақын мұңы бізге жетті. Оның тілегін орындау – біздің парызымыз. Поэзияның аламан бәйгесінен оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Олай болса,іріктеу кезеңіне кезек берелік
Әділ қазылар:
Мектеп директоры - Нұрғали Убайдуллаұлы
Оқу ісінің орынбасары - Бағдат Бәкірәліқызы
Бейінді оқыту орынбасары -Мадина Нажимиддинқызы
Тәрбие ісінің орынбасары – Айсұлу Ұласбекқызы
Мектеп кітапханашысы - Алмаскүл Томанқызы
Іріктеу кезеңі
1-сұрақ Алматы қаласындағы бұрынғы Пастер көшесін Мұқағали Мақатаев
атындағы көше деп атау жөніндегі пәрменді жасаған кім?
2-сұрақ «Сүлеймен, айтпады деме, түбі осы балаңнан бірнәрсе шығады», – деп
айтқан кім?
4-сұрақ Мұқағали Мақатаев анасын қалай атаған?
5-сұрақ Ақынның азан шақырылып қойған есімі кім?
6-сұрақ Мұқағали Мақатаевтың анасы кім?
7-сұрақ Мұқағалидың аяқталмай қалған поэмасы қалоай аталды?
8-сұрақ «Райымбек, Райымбек» поэмасы 1981 жылы қай газетте жарыққа шықты?
1.Жүргізуші:
Батар күн, Келер түн, Атар таң, Шығар күн,
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!
Осы мен,осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын!
Жақындық сеземін - Жерден де аспаннан,
Жылылық сезінем - Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы,мен,өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.
2.Жүргізуші:
Мұқағалиді
еске алып келеді елім,
Қайталаған
қазақтың қара өлеңін.
Ұмытпайды
ұрпағы ұлыларды,
Мұқағали, Жұмекен,
Төлегенін.- дей
келе, бүгінгі
«Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» атты
интеллектуалды ойынды бастауға рұқсат
етіңіздер
12 ұяшық
1. «Сөнбейді, әже, шырағың» атты өлеңіне ән жазған сазгер кім?
2. Мұқағалиға Алтын қалам сыйлаған жазушы кім?
3. Мұқағали қандай дертпен ауырды
4. Ақын қай жылы абақтыға қамалды:
5. Ақынның шын туған күні
6. Мұқағалидың жыр жинағы АҚШ-тың қай қаласында жарық көрді?
7. Мұқағали Шекспирдің қандай шығармасын аударған?
8. Ақын қанша жасында үйленді?
9. Мұқағали бес перзентінің ішінде кім сенім артты?
10. Мұқағали Мақатаевқа қойылған ескерткіштің авторы
11. Бала кезіндегі досы Еркін Ібітанов ақынды неге балаған?
12. Ақын жарты ғасырлық ғұмырында неше лирикалық өлең жазды?
Ақтық ойын
«Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы», – деген ойдың авторы кім?
1.Жүргізуші:
Жазылар
естеліктер мен туралы,
Біреулер жан
еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар
еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен
бір ер-тұрманы.
Аңыз ғып айтар мүмкін
қылығымды,
Қылығымды ұнатқан
жұлынуды.
Жақсы көрген дер мүмкін
«жылынуды»
Әйтеуір қазбас
былық-шылығымды.
Жоқ жанды қиған емес
жамандауға,
(Сол үшін рақмет
адамдарға!!!)
Білемін, әйтеуір бір
замандарда,
Жүреді жүз жыл жасап
жаман қарға...
Жазылар естеліктер
нешелеген,
Көрерміз онын, бәрін
пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ
нәрсе -
Көшеді өлең немесе өшеді
өлең!
Қулары, таудың қызыл түлкісі
дер,
Момындар, біздің үйдің кірпіші
дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің
нәзік жанымды кім түсінер!?
2.Жүргізуші:
Ән
сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір
сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның
ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып,
көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған
әндер бүгінгі таңда барша жұрттың
жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен
қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне
айналды.
Нұрғиса Тілендиевтің үйіне Мұқағали бір барғанда шығармаларын ала барған екен. "Нұр аға, анау ақ рояльдың төңірегіне бір аманат қалдырдым, керек кезінде тауып аларсыз" депті ақын. Нұрағаңның ақ роялінің қасында нота қоятын полкалар тұратын. Соның ішіне тастап кеткен сияқты. Сосын Мұқағали өмірден озғаннан соң,. тауып алған аманатынан керемет әндер туған. Сол әндердің бірі қолдарыңызға таратылған әннің мәтіні бойынша ақынға тағзым, ақынды еске алу ретінде «Есіңе мені алғайсың» әнін барлығымыз бірге шырқайық.
Нұр
жауып тұрған көктемде,
Гүл
тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан
аспанды
Найзағай
шаншып өткенде,
Есіңе
мені алғайсың?
Тұнжырап
тұрған орманға,
Тұнжырап
жалғыз барғанда.
Мен
бар деп мына жалғанда,
Жоқ
деген сөзге алданба.
Есіңе
мені алғайсың!
Жапырақ
жанып жатқанда,
Күз
келген күрең шақтарда,
Ағаштар
мұңға батқанда
Есіңе
мені алғайсың!
Ақ
қырау тұрған ақпанда,
Ағаштар
сырға таққанда,
Бозарып
тұрып ақ таңда,
Есіңе
мені алғайсың,
Есіңе
мені алғайсың!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген