Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Мұқағали – мәңгілік ғұмыр."

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Оқушыны сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту. Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы





104 Е.Юсупов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Тақырыбы: Мұқағали-мәңгілік ғұмыр!

(Сыныптан тыс іс-шара)































Қазақ тілі пәні мұғалімі: Назанова П.Н





2026-2027 оқу жылы











Кештің тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.

Мақсаты:

Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Оқушыны сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!», акт залын безендіруге арналған заттар, ақын кітаптарынан көрме, портреттер, ақын шығармашылығына арналған буклеттер, интерактивті құрылғылар;



Кештің барысы:

1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар қауымы мен оқушылар!

Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайлы, оның ың өрелі өлеңдері жайлы ой өрбітпек мақсатта бас қосып отырмыз.

2-жүргізуші: Иә, өзіміз әдебиетте оқып, танысқан 4 өлеңінен кейінгі толғаныстан туған бұл кеш оның өмірлік өнегесінен бастап, өшпес өлеңдерінің бүге- шүгесіне дейін танысыуымызға тың жол ашады деп ойлаймын.

1-жүргізуші: Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев бізге ұланғайыр мұра қалдырып кетті.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек, оның өлеңдеріне өрілген сұлу сазға тербелсек деп отырмыз.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым елендестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім - деп ақынның өзі айткандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.



1-жүргізуші:

Поэзия!

Меніменен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе, неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім,

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаулардан,



Сені іздедім жоғалған замандардан.



2-жүргізуші:

Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.

Ақын өмірбаяны. Оқитын 8 А сынып оқушылары



1-жүргізуші:

Осы орайда ақынның жырларына кезек берсек.

«Үш бақтым» - 11 Г сынып оқушысы Аманшикова Дурдона



2-жүргізуші:

Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын-ала сезді ме?..

Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақ таңда,

Айтатын саған сырым бұл

деп толғанады, ендеше кезек 11 Г сынып оқушысы Нигматова Салихаға беріледі.

«Айтатын саған сырым бұл» әні.

1-жүргізуші:

Ақындықпен айналысқан 30 жыл ішінде М.Мақатаев көзімен көргендерін, ақындық санамен түйгендерін төгілтіп жырлай берді.

2-жүргізуші:

Туған жерге, туған елге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі акын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын:

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Кара көзден неге қан ағызбайын дейді.

Кезек ақын өлеңдерінде



«Отан, Отан туралы» - оқитын. Савралы Мадина



2-жүргізуші:

Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен Мұқағали ағамыз 200 жыл- дык мерейтойы ЮНЕСКО бойынша аталып талып өткен өткен әрі ақын, әрі батыр Махамбетті пір тұтқан, ұлы Абайдың мақсаты өз мақсатым деп білген екен.

«Махамбеттер, Абайлар - ай» өлеңі

1-жүргізуші:

Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Ақынды ақын жұбатады.

Ақынды ақын оятпаса, ол қайғы,

Ақынды ақын таяқтаса, ол қайғы,

Ақынды ақын күйелесе, ол қайғы.

Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Енді бізде Мұқағали болып, Фаризаға мұң шағайықшы.

Өлең «Фаризаға»

2- жүргізуші.

Ендеше, сіздердің назарларыңызға бастауыш сынып оқушыларының орындауында «Қамажай» биі

1-жүргізуші:

Ақын шығармаларының үлкен бір саласы - оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973ж. «Жалын» жинағында жарияланды. Ендігі кезекте поэмадан үзіндіге назар аударыңыздар.

(Көрініс «Аққулар ұйықтағанда»)



2-жүргізуші:

Иә, Мұқағали аға есімі мәңгілік аңызға айналды. Оның есімін жап-жарық сәулетті де, дәулетті жырлары паш етіп тұр.



Жырым көп менің әлі жазылмаған,

Кемін көп менің әлі қазылмаған.

Қалдырып болар-болмас қазынамды,

Неліктен бір күні мен жазым болам.

Өлең «Эпилог Аққу туралы»



1-жүргізуші:

Куалап тіршіліктің көбелегін,

Кап қойды қапелімде көп өлеңім ...

Жалғызым, жаным менің жырым менің,

Қалдырып сені артыма неге өлемін?

«Поэзия», «Есіңе мені алғайсың»

2-жүргізуші:

Жазайын, жалықпайын, жасырмайын,

Қашан қалғып кеткенше басылмаймын.

Ая деп ажалға мен бас ұрмаймын,

Шоқ шайнап, оқ бүріккен Қасымдайын!

1-жүргізуші:

Көкейкесті жырлар жаз жез киіктей,

Мақтау, даттау, жәдігөй сөзді күтпей.

Өлең керек, ұрпаққа, өзің мейлі,

Көлеңкеде қалсаң қал, көзге ілікпей.



2-жүргізуші:

Ақын өлеңдерін толки, тебірене оқи отырып, өмір шындығы, уақыт тынысы, жүрек ырғағы, сезім сырлары қабаттаса өрілген өлең жолдарындағы ақындық рухқа тағы да бас иеміз.

«Болашаққа арыз жазып кетейін» өлеңі,



1-жүргізуші:

Иә, ол арамызда жоқ.

Ажал, ажал! Көкірегі толы мейірімді шырақ, жүрегі толы махаббат пен ырыс, арманы мен қиялына кезек мініп, өмірінің келесі кезеңіне қарай тартып бара жатқан ақынды тым ерте жолынан қайырғанда да сен едің! Ол кылшылдаған 45 жасында дүниеден өтті. Соны сезгендей ол жанұшыра:

Өмір сүрсем енді бір жиырма жыл,

Жиырма жыл;

Шынымен қиын ба бул?

Қиын болса он жыл да жетіп жатыр,

Тек жүректен атылсын құйын-дауыл.

«Жүрек арызы»

2-жүргізуші:

Осал өмір емес кой, қырықтаным,

Кешір мені, болашақ, ұмытпағын!

Қажетіне жараса қабылдарсың,

Қарапайым темірдің сынықтарын, - дейді.

«Күрсінбеші»

1-жүргізуші:

Мұқағали ерте өлімімен емес, жырдағы ерекшелігімен, түп-тұтас дара талантымен, ақындықтағы қыран қимылымен жыр дүниесінде біздің есімізде мәңгі сақталмақ. «Мен сені ұнатамын»

2-жургiзушi:

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме.

Көп сөйлеп созбайын,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осымен жыр музасы Мұқағали Мақатаев туралы сазды кешіміз аяқталды, назар салып тыңдаған ұстаздар мен шәкірттерге мында бір алғыс айтамыз, сау болыңыздар!



Ән-күй пәнінің мұғалімі Махкамов Аброр ағайдың орындауында «Ана туралы» әні.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.08.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12