Тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.
Мақсаты:Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен таныстыру,ақын жырларын үлгі тұту,эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау.
Көрнекілігі:ақынның портреті,шығармалары,ақын туралы естеліктер,нақыл сөздер,плакаттар.
Кештің жоспары:
-
«Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім» (өмірдерек).
-
«Жазылар естеліктер мен туралы» (ақын туралы естеліктер).
-
«Мен өмірімді жырлау үшін келгенмін». (ақынның әр тақырыптағы өлеңдері)
-
«Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» (оқушылардың өз өлең жырларын оқу)
-
«Аққулар ұйықтағанда» (поэмадан үзінді)
-
Әндерін орындау
-
Қорытынды.
Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым!
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»атты әдеби сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаев 80 жасқа толар еді.Жыл керуені алға жылжыған сайын ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түп қойнауынан сәулесін шашқандай,жарқырай,өркендей өсіп,айшықтала өсуде.
Мұқағали Мақатаев –туған ел мен туған жерге деген сүйіспеншілік,аылға,Отанға деген махаббат сезімін,өзінің ұлтын,туған тілін,ерекше құрметтейді.
Қарасазым!
Айтылмаған сезім ең,
Мен іздеген бақыттың сені өзі ме ең.
Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,
Кім құмартса,өзі көрсін көзімен ... –деп асқақ көңілі асқар биікке ұмтылған тау ұлының өмір өткелдерімен таныс болу –әрбір азаматтың парызы деп өмір баянына кезек берейік.
2.Ақын туралы естеліктер.
3.Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе неге іздедім,
Алауырытқан таулардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,-деп жырлағандай,саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.Ендеше,сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне,жадымызда жаңғырған жыр жолдарына кезек берейік.
1-оқушы: Поэзия.
2- оқушы:Арыз жазып кетейін.
3-оқушы:Төлегенге
4-оқушы:Кешірдің қалай
5-оқушы:Ғашықпын.
6-оқушы:Қара өлең.\
Қара сөз,қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам,оған жұртым елеңдестің
Өлсе өлер,Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас,алайда өлеңді ешкім,-деп ақын өзі көзі тірісінде жырлағандай,поэзия деген құдіретті өнерді бағалап жүрген оқушылардың шығарған жыр шумақтарына кезек берейік.
(Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқиды).
Ақын өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандықты,махаббат пензұлымдықты,адалдық пен салқындықты қатар суреттей білген.«Аққу киелі құс».Олар екеу болып қана өмір сүреді.Аққуды қазақ ерте кезден қастерлеп,бақыттың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады.Киелі құс төресі деп санап оған ешқандай оқ айпайды.Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда»поэмасы.Олай болса «Аққулар ұйықтағанда», «Масақ», «Махаббат диалогі»атты поэмадан көрініс тамашалайық.
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып,көкте қалықтайды.Ақынның сөзіне жазылған әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып,қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.Кезек әндеріне беріледі.
1 – оқушы: «Арулар».
2-оқушы: «Сарыжайлау».
3-оқушы: «Бақыт деген».
4-оқушы: «Аңса,жаным»
5 – оқушы: «Қарасазым - ай».
6-оқушы: «Дариға,домбырамды берші маған».
Әділ-қазылар бағалап болғанша келесі кезекті 7-сынып оқушысы Әбдіғапар Асқарбекті «Есіңе мені алғайсың»әнімен ортаға шақырайық.Қол соғып қошеметтеп отырайық.
Ендігі кезекте оқушыларды марапаттау сәті.Мұқағали көптеген қиыншылықтарды басынан кешірген,өмірінің рахаты аз болған ақын.Бірақ шындап ұққан адамға ол –өмірдің шын рақатын сезініп өткен жұмбақ жан. «Қазақ халқының бір ғана Абайы болса,Мұқағали да жалғыз.Құрметті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің,бермеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы,бір жөні бар:ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу»деген болатын Қуанышбай Құрманғалиев.
«Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Мақатаев жырлары жылдан жылға,ғасырдан ғасырға жалғаса бермек!
Көп адам дүниеге бой алдырған, Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы,
Бой алдырып,аяғын көп шалдырған. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!-деп ақын шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»атты сайысымызды аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр. Апталық жоспар

шағым қалдыра аласыз