"Мұқағали -мәңгілік ғұмыр" сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мұқағали -мәңгілік ғұмыр" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Мақатаевқа арналып жасалған.Тіл мамандарына пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағалидың өз даусымен оқылған өлеңі қойылады.

1-жүргізуші Бүгін менің туған күнім,

Ой, пәлі - ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап бере едім өзім - ақ,

Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей,

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау шапан,

Мынау атың, мін» демей.

2-жүргізуші Мынау жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?

Халқым,

Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен бәрібір өзіңменен бір болам,

Өзегіңнен тепсең дағы ұлыңды.

1-жүргізуші Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық

2-жүргізуші Армысыздар құрметті халайық.! Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым!Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған « Мұқағали –мәңгілік ғұмыр » атты әдеби –сазды кешімізге хош келдіңіздер!

1-жүргізуші Артық едің аға, сен асылдардан, Өзің жайлы шертеді сыр ғасыр маған. Астыңа ат мінгізе алмасамда Өлеңіммен жасай алам бір той саған. Олай болса, кезекті бүгінгі толқындардың Мұқандай заңғар аталарына арнаған ән-жыр шумақтарына береміз!

Ән. « Есіңе мені алғайсың » ор: Мырзағалиева А, Дюсенбай Б,Ахмедия М

Сөзі М.Мақатаев Әні. Н.Тілендиев

2-жүргізуші     Қазынам бар
                              Біреуге берсем бе екен? 
                              Өкпелейді-ау бермесем,
                              Берсем, бөтен.
                              Бар байлықты қойныма тығып алып,
                              Әлде мына құмардай өлсем бе екен?
                              Мұқағали қазынасы, әрине,- өлең, досы да өлең.

1-жүргізуші Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, — деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.

«Поэзия» оқитын Мухатова А

Ән. « Сенің көзің» ор Макашова К, Тынымбай А

Сөзі М.Мақатаев Әні Ахмет Молдағұлов

2-жүргізуші Табиғат!
Жанымды алсаң, алшы менің
Бір үзік жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса не істер дейсің,
Артымда қалсын елім, қалсын жерім.
Осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңші. Сірә, ақын «Елім, маған не берді деп емес, мен еліме не бердім» деп өмір сүрген сияқты.

1-жүргізуші Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық болып өссе керек. Ендеше ақынның туған жеріне арнаған өлеңіне кезек берейік.

Алдарыңызда «Туған өлке » әнімен ортаға Досанова Г, Қайыржан Ш шақырамыз.

Сөзі М.Мақатаев Әні Т.Шапай

1. «Шаршадым білем» оқ Жақсылық Т

2. «Алдама мені ақ сағым» оқ Молжігіт Айжан

Ән. «Саржайлау» ор Қалиева Г, Дәуір А

Сөзі М.Мақатаев Әні Н. Тілендиев

2-жүргізуші Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы‐

дей келе көптеген ақындар Мұқағали жайында естеліктер жазды.


1-жүргізуші Фариза Оңғарсынова өзінің бір естелігінде былай деген екен: «Мұқағали – біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс. Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып, дөп басып, тани алмасақ, бұл‐ өнердегі заңдылық. Ол‐әсіресе қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес, жақындаған сайын алыстап, жақындаған бояуымен құпиялана түседі. Поэзияның әрі таймас сұлулығы да, барған сайын ынтызарыңды құрта құдіреті де осы болуы керек.


Ән. «Фаризаға» видео көрсетіледі

1.«Біреулерді мерт қылып аламын деп» оқ Мәлік Торғын

2-жүргізуші :   Өткенде түс көрдім. Шешем басында ақ жаулығы бар Абай атамыздың қасынан қуана басып маған қарай күліп келе жатыр.Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деген ұзақ толғаныстан соң «Шеше сен бақыттысың» деген өлең жолдары мен анаға арнаған бірнеше өлеңдері дүниеге келді.

1-жүргізуші Бүгінде самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінен орын тепкен  Мұқағали Мақатаевтың саңлақ үні халық санасына сіңді деп айтуға негіз бар. Ақынның шыншыл, сыршыл қоңыр дауысы әдебиет әлеміне орнықты. Өзімен-өзі арпалысқан мазасыз ақын жүрек миллион жүректі адамгершілік, суреткерлік жалын — жігерімен жылытып келеді.

Ән. « Сәби болғым келеді » ор Шіренова А, Сабыр И, Уахит М

Сөзі М.Мақатаев Әні Т.Рахимов

«Құттықтаймын ана » ор Абилова Г, Сейткерей Қ

1.«Не пайда» оқ Мәлік Жанна

2-жүргізуші Өлсе өлер Мүқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, -деп ақын жырлағандай, иә өлең өлмейді. Ақынның тамаша шығармашылығы оның ірі ақын
–М.Мақатаев екенін пайымдатты.

1-жүргізуші :     Тіршілікте көрінеміз өлместей,
                              Тұра алмаймыз ерегеспей, белдеспей,
                              Өтейікші бірімізді- біріміз
                              Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей.

2-жүргізуші : Жақсы атанды демессің сүйем десем.
                               Табиғатын тәңірім, ием де сен
                               Адам болып күн кешу қиын маған.
                               Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем,
                               Сен менің сүйегім мен қанымдасың
                               Жанымдасың, ұятым, арымдасың
                               Саған деген махаббат дамылдасын
                               Тек сенің топырағыңды жамылғасын.

Ән. «Наурыз –думан » ор Түркеева А, Тынымбай Ж

Сөзі М.Мақатаев Әні Т.Сарыбаев

Ән. «Бақыт деген » ор Жаңбырбай Н, Уахит А

Сөзі М.Мақатаев Әні Б.Жұмалин

1-жүргізуші Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі –шектеулі өмір, екіншісі –мәңгілік өмір.Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып , күні шықты.Жылдар өтеді... Әлі небір ақындар дүниеге келер.Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір –ақ көтерген Мұқағали есімі қашан да биіктен көрінер.Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге ,әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек.

2-жүргізуші Кешімізді Мұқағали ағаның «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқтаймыз. Бұл әннің сөздерін ақын өмірінің соңғы күндерінде жазған болатын.Өлеңге ән жазған Нұрғиса Тілендиев , әнді орындаған Мәдина Ералиева.Біреуі –ақиық ақын ,екіншісі –біртуар сазгер , үшіншісі –асқақ үнді әнші. Осы ән арқылы халық үшеуін де ұмытпай , есіне алып жүреді. Біздің халықта «Өлі риза болмай, тірі байымайды »-деген сөз бар.Біз бүгін Мұқағали ағаны еске түсірдік.Аруағы бір аунап түскен шығар,ендеше осы әнді М.Ералиеваның орындауында тамашалайық. ( видео көрсетіледі)

«Есіңе мені алғайсың» видео көрсетіледі

2-жүргізуші Найзағайдай жасымда жарқылдайын,

Сөз сөйлеуден шаршы алаңда тартынбайын.

Ақындарың көбейе берсін орақ ауыз

Қазақтың мұңын айтқан Мұқандайын.

Күнді көрем қашанда алып таңнан,

Сәуле туар тулаған жарықтардан.

Еске алып ұрпағы ақындарын

1-жүргізуші Биігіне көтеріп, ұлықтаған.

Мұқағали поэзиясы шырқалып

Қыран құстай қалықтасын асқарда.

Өлеңі оның еш өлмесін,

Ұрпағы тойласын тойын

Шығарып атын аспаңға!

«Батырды-батыр жеңер белдескенде»,

Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.

Осымен тәмамдалды кешіміз бұл

Бақытты күндерде кездескенше.

2-жүргізуші Хош сау болыңыздар!




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2018
1840
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі