Тақырып бойынша 17 материал табылды

Мұқағали кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кеш «Жырлайды жүрек»


Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері. Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)

Экраннан «Арыз жазып кетейін» өлеңі.

Жүргізуші:

Болмаса егер ақиқаттан бөтені,

Айтылған сөз арлы адамға жетеді.

Туындысы дана менен дараның

Жүректе екен жайғасатын мекені.

Жырыменен жүректерді тербеген,

Жан жарасын талайлардың емдеген.

Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың

Мұқағали сынды ақындар кемде кем.

Қайырлы құрметті әріптестер, жыр сүйер қауым! «Барлығы да, Поэзия, сен үшін», деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы болған Мұқағали ақын, бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған. Бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады. Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн қай жерде болмасын жыл сайын ақпан айында тойлана беретіні хақ. Ендеше, ақын шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!!! (музыка)

Жүргізуші: Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып, бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды ақын емес деп көріңіз..!


Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолынан деректерге назар аударайық.
(Құрманғалиева Рыскул Баяндама оқиды)

Лед экраннан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді


Баяндамашы: Ақиық ақын 1931 жылдың 9 - ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени - ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962 - 1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963 - 1965 жж.), «Жұлдыз» (1965 - 1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972 - 1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары: «Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж)

Жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә, ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М. Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Алдымен ақынның өзі туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңінен көрініс тамашалайық.
**********

Көрініс

Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей. Оған ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңі дәлел емес пе.


«Есіңе мені алғайсың» әні. Орындайтын Бижанова Арайлым Берікқызы


Жүргізуші: Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.
/«Үш бақытым», «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең» өлеңдері оқылады/


Жүргізуші: Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М. Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік.
/ 3 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (өз дауысы)/


/«Бұлқынып жатыр», «Қарлығаш», «Қаздар қайтып барады», «Пай, пай өмір»/


Жүргізуші: Осы өлеңдерді тыңдай отырып, мәнерлеп оқудың не екенін шын мәнінде түсінесің. Ерекше дауыс тазалығы таң қалдырып, тыңдаушыны өзіне баурайды. Ақын шеберлігі мына бізге де көп нәрсені үйретеді.
Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері - таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М. Мақатаев ағамыз жазғанын біле де бермейміз. Кезекті осы әсем әндерге берейік.

Жүргізуші: Енді ақынның әндерін әріптестеріміздің орындауында тыңдайық.
1. Сенің көзің Жәдігерова Гүлнара
2. Бақыт деген Таңжарықова Мөлдір

Жүргізуші: Бүгінгі таңда жас ақындар Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес.

Іңкәр Талғатқызы

Ардак Аманғалиқызы


Хормен «Саржайлау» әнін караокемен орындау.


Балабақша меңгерушісіне сөз беру


Марапаттау,барлық қатысушыларға Алғыс хат беріледі.


Жүргізуші:
Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр бір әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары - сендерсіңдер!
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан - жылға, ғасырдан - ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали - мәңгілік өмір!
Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі