400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" әдеби-сазды кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне қажет. Әдеби кеш өткізу үшін бұл материал таптырмас көмекші болып табылады.Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Мәңгілік ғұмыр»

Кештің мақсаты:

            Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Кештің көрнекілігі:

 М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер.Сазды музыка.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын.  Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,  сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

          Ендеше ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз. Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз. Сонымен қатар, ақын туралы видеосюжеттерді де ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтің өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/ 1 Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді (Видео 1)/

        Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
       Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
        Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
 «Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж) 
Жүргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Алдымен ақынның өзі туралы жазылған 
«Менің анкетам» өлеңін тыңдап алайық.

Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей.  Оған ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңі дәлел емес пе.

«Есіңе мені алғайсың»

Жүргізуші: Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

/«Үш бақытым» , «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең»  өлеңдері оқылады/
Жүргізуші:
   Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М.Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшклігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік.

/ 3  Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (өз дауысы)/

 /«Бұлқынып жатыр» , «Қарлығаш»,  «Қаздар қайтып барады», «Пай,пай өмір»/

Жүргізуші: Осы өлеңдерді тыңдай отырып, мәнерлеп оқудың не екенін шын мәнінде түсінесің. Ерекше дауыс тазалығы таң қалдырып, тыңдаушыны өзіне баурайды. Ақын шеберлігі мына отырған балаларға ғана емес, ұстаздар қауымы бізге де көп нәрсені үйретеді.

             Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М.Мақатаев ағамыз жазғанын біле де бермейміз. Кезекті осы әсем әндерге берейік.

Жүргізуші:  Енді ақынның әндерін өз оқушыларымыздың орындауында тыңдайық.

8-сынып оқушысы Таныпова Ажар

Жүргізуші:  Бүгінгі таңда жас ұрпақ Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес.

Таукенова Жаннұр

Таныпова Ажар

Молдахметова Шырай

Бүгінгі кешімізге ат салысып жатқан балаларға көп рахмет айтып, ақындық жолға басқан қадамдарың құтты болсын, талаптарыңа нұр жаусын демекпіз. Болашақта сендердің де іштеріңнен арқалы ақындар шығады деп сенеміз.

 Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы, дей тұра, ғасырымыздың ғаламат ақынына деген қошемет мемлекет тарапынан әлі де аздау ма дейміз. Осы сөзімізге келесі көретін видеосюжет негіз болады.
Жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр бір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.

















«Өндіріс орта мектебі»КММ

Picture 18























«Мәңгілік ғұмыр»

(Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш) 






Өткізген:Н.Ж.Кабзулдина












2018-2019 оқу жылы

Асып туған данышпан


Ұлы ақын, асып туған данышпан, Шыр-пыр болып, мыңмен жалғыз алысқан.

Адамзаттың ақылманы, ардағы,

Бойға жиған бітпес байлық-ар-ұстам.


Толағайы, тау тұлғасы ұлтымның,

Қазағыңмен біте қайнап, бір тудың.

Халқыңменен бір болуды армандап,

Әділдікпен ел ісіне ұмтылдың.


Әрбір хатың жанға жақұт береді

Асқақтаттың алашыңның беделін.

Жырларыңнан жанға жақұт жинаймын,

Әр сөзіңнен келелі ойлар көремін.


Өлеңдерің өшпес мәңгі-өнеге,

Адасқанға жол көрсетіп, демеген.

Сені туған ұлттың бағы зор әсте,

Сені туған ана не еткен көреген?!


Қазағымның асыл ұлы, алыбы,

Ұлтыңды әлем сен арқылы таныды.

«Абай жолы» -алашымның айнасы,

Еліміздің жазып кеткен нар ұлы.


Пәлсапашыл, ақын, сазгер, ғұлама,

Тарихым бар таусылмайтын, бұралаң,

Қара сөзің- әрбір әрпі өлшеулі,

Тағдырың бар- «үш сүюден» құралған.









Абай өлең , Абай жыр


Көрнектеле өрілген тізбекті өлең,

Жаныма тыныштық пен сабыр берген .

Абай деген ұлы ақын өлең басы ,

Қараңғыда жарықты көре білген .

Мен адаспай келемін өлеңіңмен,

Жырменен сыр ақтарам кемелімнен.

Ақын мұны сезгендей тереңінен,

Абай салған жолменен еріп келем.

Қуаныш пен күлкіні сирек көрем,

Халқым жатыр шыға алмай көлеңкеден.

Сезіп корем ,содан соң сеніп көрем,

Кейде мен досымнан да сезіктенем.

Абай өлең, Абай жыр, Абай өмір,

Өлеңінен көрінген сезім мөлдір .

Қазақты ағартпақшы болған өзі,

Болмаса да бөлінген оған көңіл.

Ендігі ұрпақ жырлайды жырыңызды ,

Даналықты ұғынып, адалдықты

Көздің майын тауыса білім алып ,

Тани алып Абайдың құндылығын.

Атады таң арайлап көгімізде ,

Абай деген ұлы есім төрімізде.

Әр өленің Абайдың жаттап өскен,

Саналы ұрпақ оты бар кеудесінде.














Туған жер топырағы

Бөленген алау нұрға атырабы,
Қымбат қой туған жердің топырағы.
Сапардан оралып бір сағынышпен
Иіскесең шаттыққа зор батырады.

Кетпес- ау туған жерден аулақ ешкім,
Достарым қызғалдақтай қаулап өскен
Сонау бір бала кезден асыр салып,
Туған жер топырағыңда аунап өстім.

Бабалар жүрген көшіп қиыр түнеп ,
Көңілге бақыт сәуле құйылсын деп.
Кетсе де мекенінен қайта оралған,
Топырақ туған жерден бұйырсын деп.

Тұмар қып кетсем жырақ тағынамын ,
Көрпедей бір кез оны жамыламын.
Сол үшін бәрінен де артық көріп,
Мәңгілік топырағыңа табынамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі