Материалдар / Мұқағали Мақатаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқағали Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевтың поэмасы, балалардың толық оқуына көмек, поэма мазмұны бойынша сахналық көрініс қоюға да болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Тамыз 2024
127
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Автор : Ахметова Гульжан Айтпаевна
Пән : Қазақ әдебиеті
Сынып : 8-сынып
Бөлім : Махаббат және абырой
Тақырып : Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; Композицияны
тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.  
Сабақтың мақсаты:
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады; Композицияны
тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.  
Тілдік мақсаттар:
Пән лексикасы және терминология: Сюжет, эпизод, жазушы шеберлігі, аққу, қасірет, қасиет,
бақ пен сор.  
Күтілетін нәтиже:
Бағалау критерийлері:
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады;
Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай біледі.   
Құндылықтарды
дарыту:
• Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет; • Ынтымақтастық; • Жауапты азаматтық
позиция; • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет; • Шығармашылық. Аталған
құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың жеке, жұптаса, топтаса жұмыс
жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады.  
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
Бейнебаян, слайд
Пәнаралық байланыс:
Биология, география, музыка
Бастапқы білім:
Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Топқа бөлу. «Сиқырлы қоржын». Жағымды психологиялық ахуал
орнату. «Сиқырлы қоржындағы» асықтар арқылы топқа бөлу. Үй
тапсырмасы: Көркемдегіш құралдарды сұрау. Қызығушылығын
ояту: ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
Тақырып ↓ Сұлулық Махаббат Зұлымдық   


Page 2

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың ортасы
1 – тапсырма. Топтастыру стратегиясы. Мұқағали кім?→ Ақын,
данышпан Бәйге! Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы
мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру
керек. 1.«Ана» тобына: 1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты
кім? - Мұқаметқали 2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен 3.
Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан 4. Ақынның
туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы 5.
Ақынның әжесінің аты? – Тиын 6. Ақынның атасының аты? - Мақатай
2. «Аққу» тобына: 1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар,
Жұлдыз 2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5
шілде 1991 жыл 3. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош,
махаббат» 4. Ақынның жарының аты - Лашын 5. Ақынның алғашқы
өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» 6.
Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер? – «Саржайлау», 2-
тапсырма. Поэманы мазмұндай отырып, композициялық
құрылымына талдау жасау. Оқиғаның басталуы: Жетім көлдің
тамаша сұлу табиғаты. Оқиғаның байланысуы: Жетімкөлге
аққулардың келуі. Оқиғаның дамуы: ауру бала мен ананың
шарасыздығы. Оқиғаның шиеленісуі: Сорлы ананың мылтығымен
көлге келуі. Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуларды атуы.
Оқиғаның шешімі: Баланың өлуі. Жетімкөлге аққулардың қайта
айналып келмеуі. Бағалау критерийі Дескриптор Композицияны
тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды Оқиғаның
басталуын анықтайды Оқиғаның байланысуын анықтайды
Оқиғаның дамуын анықтайды Оқиғаның шиеленісуін анықтайды
Оқиғаның шарықтау шегін анықтайды Оқиғаның шешімін
анықтайды 3-тапсырма. Поэманың көркемдік ерекшелігіне талдау
жасау. Теңеу Эпитет Тұрақтытіркес Кейіптеу Метафора Теңеу –
Жаңбырдың тамшысындай. Эпитет – Қатыгез, сұрқай ой, сұмжүрек,
ақшабұлт. Тұрақты тіркес – Ошақ қасы, от басы. Кейіптеу –
Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап. Мөлтілдеген көз жасын тыя
алмай тұр. Метафора – Ақтөсек – аппақ айдын, аққу – бала, өмір –
дария. Шығармашылық тапсырмалар: 1.«Аққу» тобына: 1. Аққудың
әсемдігін білдіретін сөз жазыңдар. 2. Шығармадан оқ тиген
аққудың мүшкіл халін суреттейтін деталдарды табыңдар. 2. «Ана»
тобына: 1. Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі. Кие қасіретін
тартқан ана. * Ойланайық! Аққуды атуға бола ма? 2 топ
дайындалғанша «Ана» тобы мәтіннен өздеріңе ұнайтын үзіндіні
дәптерлеріңе жазып алып, оны не үшін таңдағандарың туралы
әңгімелейсіңдер. «Аққу» - жақтаушы топ: Аққуды атуға болады.
\Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады. Аққу – махаббаттың
белгісі, ана мен бала арасындағы махаббаттан артық махаббат
жоқ. Ананың балаға деген махаббаты өте күшті. Егер сол кезде
аққуды атпағанда өзін өмірбақи кінәлап өтер еді. «Ана» - даттаушы
топ: Аққуды атуға болмайды. Аққу – киелі құс, сұлулықтың,
пәктіктің белгісі. Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге
тиіс. Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.
“Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар. 
Сабақтың соңы Білім ленд порталынан тапсырмалар орындау. 1-тапсырма. Поэма
кейіпкерлерін көрсету. 2-тапсырма. Қажетті сөздер қою. 3-тапсырма.
Дұрыс, бұрысын белгілеңіз. Тест тапсырмалары.  
Рефлексия
Кері байланыс «3-2-1» 3- жаңа ақпарат 2- кездескен қиыншылық 1-
ұнаған аспект   


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!