«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кештің сценарийі.
Әдеби- сазды
кештің
мақсаты:
Ақиық ақын,
артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен
шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері
арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия
әлемінің сырын ашу.
Жоспары:
1. Кіріспе
бөлім
2. Мұқағали -
мәңгілік ғұмыр
3. «Поэзия –
жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп
оқу)
4. «Құлақтан
кіріп бойды алар» (Әндерін
орындау)
5. «Аққулар
ұйықтағанда», «Махаббат
монологы» (Көріністер)
6.
«Күй – құдірет,
күй – кие!»
(Күй
орындау)
Жүргізушілер:

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
2-жүргізуші:
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.
1-жүргізуші:
Мен туған жер - Қарасаз баурайдағы,
Жалғанда жер біткеннің балқаймағы
Есім кетіп жүргенде ес білдірген
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы
Іркес-тіркес ағады қара сулар
Қарасаң суларда да таласу бар
деп ақын өзі жырлағандай 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, қасиетті Қарасаз ауылында дүниеге келген.
2-жүргізуші:
Әкесі Сүлеймен - қарапайым шаруа адамы, аздап ұсталығы да болған. 1941 жылы майданға аттанып соғыстан оралмады. Үйде әжесі, туған анасы, екі інісі бар еді. Мұқағали Алматыдағы Шет тілдер институтына неміс тілі факультетінде оқып жүріп, артындағы үй ішінің тұрмысы ауыр болғандықтан, оқуды еріксіз тастап, ауылға қайтыпты. Өзінің зеректілігінен бе, аздаған оқуынан ба, Мұқағали неміс тілін едәуір білетін.
2-жүргізуші:
Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.
-
Бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне кезек берейік.
Орындайтындар: 8а, 8ә сынып оқушылары.

Аружан 8«Ә» М.Мақатаев:« Ана сен бақыттысың,».
Ана
Сен
бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да
құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой
сұрағаның
Сондықтан жыламағың,
жыламағың!
Бармын
ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей
асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен
шашылмағың,
Байырғы берекеңді
қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой
көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып,
тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған
бірін арнап
«Ана»
деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін
кесірімді)
Аспанға жазсам сенің
есіміңді!!!
Ана,
Сен
бақыттысың, тербете
бер
Құба талдан иілген
бесігімді…
Әділет 8«А» М.Мақатаев: «Сезім - Мұқағали Мақатаев ».
Сезбейсің
ғөй, сезбейсің ғөй сен
мені
Көрмейсің
ғой кереметті мендегі
Түсіншеңші
сарсам болған пендені
Түсіншеңші
ақыл-ойын кем бе беді
Неге бұлай,
неге жүрміз көңілсіз
Кетем бе
деп қапаланып өмірсіз
Шын
ғашықпын, шын ғашықпын сол
адамға
Мен
болмасам, бола ма сол аман
ба?
О, тәңірім
неткен жан едің
Жүрегің
еттен бе алде қоладан
ба
Шын
ғашықпын несіне оны
жасырамын
Әр бір
алтын ғой бір тал шашы
маған
Сырымды
айтып ән арқылы өзіңе
Сүйдім
сәулем құлақ салшы
сөзіме
Кездескенде
күлімдеші сен маған
Кім
қызықпас мөлдір қара
көзіңе
Жаным, сені
ешбір жаңға қимаймын
Сені көрсем
бұл әлемге симаймын
Бір сен
үшін осы әнді
арнаймын
Сен үшін
дала гүлін жинаймын
Бір-ақ бұл
өмірде қыздар деген көп
екен
Көп
болғанмен бұрынғы жоқ
екен
Аққу болып,
көктем болып келші
сен
Көп
кідірмей жауабын берші сен
Дарын 8«А» М.Мақатаев:«Фариза».
Фариза!
Фаризажан,
Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі
жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры
жалығармыз,
Бірімізден біріміз
арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса
егер,
Шаң басқан архивтерден
табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің
бе?
Жаралмаған жан екем
күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің
де,
Жүресің де қоясың, жүресің
де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі
шалып,
Тастағысы келеді
күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің
бе?...
Жанарымды тұманмен
тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр
садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба
алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң
шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша
халім...
Ақын болып несіне
жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара
түннің.
Қасиетін сезем деп Ана
тілдің,
Қауырсыны қалмады
қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң
басып,
Құлашымды жая алмай
баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң
едім,
Аттап өттім олардың қия
белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр
ашуды,
Жия бергім келеді, жия
бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан
болса,
Енді қалған өмірімді қияр
едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын
ба?!
Кеп тұрады тілегім
мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің
құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды
құмға!
Нөл болады деп айтам,
жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама
мынды-мыңға...
Айналаға қарайық анық
барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық
болмақ),
He туралы жырласақ,
Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа
арнап.
Фариза, Фаризажан,
Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз
арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ
та,
Подвалдағы архивтен
табылармыз
Аят 8«А» М.Мақатаев:« Алаң боп, абыржыған кездерiмде».
Алаң боп, абыржыған
кездерiмде
Нанбаймын адам айткан
созге мулде.
Кеше мен дәл осындай хәлде
болдым.
Сен оны сездiн бе әлде сезбедiң
бе?
Алан боп, абыржыган
шактарымда
Муршам да жок мұңымды
актаруға
Борi ұлып жатады, кұзғын
шулап
Кұлазыған көнiлдiң
бактарында.
Жапа жалғыз жабығып
калғанымда
Жат дуние жатады
жан-жағымда
Каным тасып, көзiме
кұйылады
Каламга жас кағазға
тамганында.
Досым, сол сәтте таста
жалғыз,
Журегiне ренжiп, жасама
мұз.
Ойым опат сондай бiр
бейуакытта
Булкан-талкан конiлде басталар
күз.
Ұлдана: М.Мақатаев:« «Жыл өтті ме?».
Білмеймін, күн өтті
ме, жыл
өтті ме?
Баяғы байыз таппас жүрек, міне,
Күн, айлар, жылдар өтті дүр етті де,
Бір тамыры болымсыз дір етті де,
Баяғы жүрек қалды.
Жүрек, міне.
Байғұсым ұзатып сап барлығын да
Өзі қалды өзінің хандығында.
Кеуде деген керемет сарайының,
Жаңа жылдық алауын жандыруда.
Жайлап қана ұзатып барлығын да.
Жүрек, міне,
Жан жүрек жүр менімен,
Дүрсілімен, ептеген кірбіңімен,
Түндерімен, беймаза күндерімен.
О, жалғызым!
Жабықпай жүр менімен.
Гүріліндей аспанның дүр етті де,
Жыл
өтті.
Жүрек қалды дір етті де.
Күн айға, ай жылдарға ілекті де
Жыл
өтті.
Жүрек қалды.
Жүрек, міне!..
Айбын: М.Мақатаев:« Ғашықпын!».
Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба?!
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?!
Ғашықпын. Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық
Бар үміт, бар сенімді шашып болып
Өтермін сірә да мен бұл өмірден
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.
Х.Жансая: М.Мақатаев:« «Бақыт деген не өзі?».
«Бақыт
деген не өзі?»,
–
деп бастады топ
таласты.
Бірі оны
үйден іздеп,
бірі
қырдан әрі асты.
Бірі айтады: «Бақыт
деген –
барлық,
байлық емес пе?
Керегінше
киіп ішсең,
бақыттысың емес
пе?».
Бірі айтады:
«Жоқ, бақыт
деген –
қолың
жетпес мансап қой.
Жұрттан
гөрі жүрсең ерек,
соның өзі
жақсы ат қой».
Бірі айтады: «Бақыт
деген –
жүйрік
мініп, той тойлау.
Ісің
болмай күйбеңменен,
қарын
тойса, карта ойнау».
Бірі айтады: «Бақыт
деген –
адал жар
мен перзент қой.
Ынтымаққа
ырыс келген,
ол да
соған ермек қой».
Пікірлердің таласына
осылай
мен жолықтым.
Бақыт
адам баласына
келмес
оңай, соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан
да,
байлықтан да, жардан
да,
Мансап жетпес бар
адамға
үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді
олар,
тыңдап сол бір
жақұтты,
Оны
алыстан іздемегін,
жүректен
тап бақытты!»
Ақерке: М.Мақатаев: Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген.
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Не тындырдың «басымды
иемменен?»
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,
«Отан үшін өлемін, күйем» деген.
Өлім деген ерліктің қорегі ме?
Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі
не.
…Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жармасқын терегіне.
Самалы бол, Отанның салқындаған,
Сандуғаш бол, сайратсын
алтын
далаң.
Семсері бол Отанның қынабында,
Сертке
ұстаса, селт етпей жалтылдаған.
Шетсіз, шексіз, қиырсыз
ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына
ма?
Сүй Отанды.
Шыныңмен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да!
«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,
Ақ басты алып анаммен
шырайласам.
Қалай оны сүйем деп айта аламын,
Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!
…Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Іс тынбайды
«жанамын, күйемменен»…
Өгей
әке емес
қой Отан
деген,
Отанды мен Атамдай иемденем.
1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев өз еңбегінде былай дейді. Қиялдағыны көзбен шалатын Мұқағали әлгі сөз естіп, әсер етіп, әсем жырды төге салды да, енді, осыған ән жазыңыз, аға!-деді. Бір барғанда Мұқағали маған хат беріпті. Мұқағали бұл дүниеден өткеннен кейін әлгі хатты қолыма берді. Сол хаттағы «Есіңе мені алғайсың» өлеңі екен.Көзімнен жасым сорғалап отырып, әнді жаздым, - дейді ұлы композитор Нұрғиса Тілендиев ағамыз.Сөйтіп тамаша бір ән дүниеге келді.
әні «Есіңе мені алғайсың».Орындайтындар: 8 «а» оқушылары. Уайс Жансая, Амангелді Аяжан

2-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен
туралы,
Біреулер жан еді дер өр
тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі
мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер
тұрманы.»
Иә ,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де
жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан
айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз
келсе, оның өлеңдерін оқиық.
Орыс сыныптары.

1-жүргізуші:
Өлең жазу – дертіне болған дауа,
Оны оқысаң, жұтқандайсың таза ауа.
Бұл ақының – Мұқағали Мақатаев
Өлеңмен рух берген ұлтқа дара!!!
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды
алар,
Әсем әнмен тәтті
күй
Көңілге түрлі ой
салар,
Әсем ән мен тәтті
күй,-деп Абай атамыз айтқандай кезекті әнге
берейік.
Ән: Асетова Аиша « Мен деп ойлап»

1-жүргізуші: -Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—деп ақын жырлағандай кезекті күйге құдіретіне берейік.
8 «ә» Қазбек Айым орындауында « Еңбек думаны» күй.

2-жүргізуші:
Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде
махаббат тақырыбын
кең суреттеген.«Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана,- деп арым
–
өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен
ақиық ақын Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі»
өлеңдерін қалдырды. -Иә, махаббат әлемін
Мұқағалидай жырлаған адам жоқ шығар.
Мұқағали ақынымыздың «Махаббат диалогіне»
кезек берейік.
Орындайтындар: 8 «ә» сынып оқушылары: Толеубай Мөлдір, Джакубеков Даниал
Құс боп ұшып жоғалсам, не етер
едің?
-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
-Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
-Қойшы, сәулем, бәрін де
көтеремін.

1-жүргізуші:
Ол табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгін де шаршағанға – әл, шөлдегенге – нәр, сүйгенге – сырлас, мұңайғанға – мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.
Би 7 б сынып оқушысы: Айтбай Тоғжан

2-жүргізуші:
Өлең – өнер, өлең – дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері – таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, кезекті әнге жолдайық.
8 «а» Х.Жансая орындауында «Қарлығаш » күй.

1-жүргізуші:
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
«Аққулар ұйықтағанда» көрініс (М. Мақатаев)
Сценарий:
Еденде бала ауырып, қасында әке мен ана тілеуін тілеп отырады. Бақсы болса қамшысымен аластап, дұға ғып дауыстайды.
Автор:
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Түні мынау – тамыздың маужыраған,
Тауың анау – шымылдық салбыраған.
Бала жатыр төсекте күйіп – жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,
Миын қарып барады, миын қарып.
«Сарқытындай өлімнің қалған қарға,
Екеу болса, дүние – ай, арман бар ма!...»
Арагідік назарын аударады,
Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.
Қауіптеніп түндерге, таңдарға да,
Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...
Бақсы:
-
Аққумен баланы аластаңдар,
Автор:
Деді – дағы жәйімен жөнеп кетті...»

Ана:
-
Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
...Айналайын аққудың қанатынан,
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып.
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалмай. -деп жерде жатқан әкені жұлқылайды.
Әке:
-
Апыр – ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ атам қасиетке қалай ғана?...
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?! – деп зарланады. Амалы таусылған ана не істерін білмей:
Ана:
-
Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі! – деп мылтықты қолына алып сахынадан шығып кетеді.
Автор:
... Аққулар....
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып.
Ана отыр,
Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.
...аққулар ақ айдынды қалдырды да,
Тартты кеп, ана отырған жағалауға.
Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Би: Аққулардың биі.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.

Аққуды атқалы отырған ана көрініп, тарс еткен мылтық дауысы естіледі.
Автор:
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым...
Ию – қию көл маңы, астан кестен,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.
Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр,
«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен.
Сахынада мылтық дауысын естіп үрейлене шыққан шал көрінеді.
Аңшы:
«... Апыр – ай, бұл кім болды, таң сәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре құтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?!
-
Ей !
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың , арың бар ма?!
Тастағың қаруыңды, келгін бері,
Келгің бері, кеуденде жаның барда!

Ортаға ана шығады.Мылтығын сүйретіп.
Ана:
-
Мана күндіз тәуіп шал келіп,кетті,
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.
Аққумен баланы аластандар,деді дағы,
Жайымен жөнеп кетті.
Аңшы:
-
Әй, балам!..
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой...
-
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..
... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрыса саусағынды қанаттың ба?
Ана:
-
Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...
Жасымнан естігенім бар – тын еді,
«Әтеуір аққу атқан оңбайды деп...
Аңшы:
-
Солай, солай...
Аманат бір құдайға...
Автор:
Өмір емес өмірі, қораштанған,
Байғұс ана тірліктен қалас қалған.
Келеді ана, қарабет қарақшыдай,
Ел мен жерден бір жола аласталған.
Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан,
Түн – түнекте бейне бір адасқан жан.
Ақ төсек – аппақ айдын, аққу - бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?...
сахынада бала жанында отырған әке көрініп, қастарына еш амалы қалмаған ана келеді.
Ана:
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»
Қазір, ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным...
балапаным!
Қасиет!..
О, қасірет!
Сорымның қалындығы шашымдай ма ең!..
Қасиет!..
1-жүргізуші:
Табиғатында адамға жаманшылығы
жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын
көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа
таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі
өлмесе, өзі де өлмегені.
2-жүргізуші:
Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең
құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер.
Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен
бірге.
1-жүргізуші:
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп
өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы
өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері
сөзсіз.
1-жүргізуші: Осымен М.Мақатаев
шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты
әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.
Жыр әлемінде келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кештің сценарийі.
Әдеби- сазды
кештің
мақсаты:
Ақиық ақын,
артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен
шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері
арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия
әлемінің сырын ашу.
Жоспары:
1. Кіріспе
бөлім
2. Мұқағали -
мәңгілік ғұмыр
3. «Поэзия –
жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп
оқу)
4. «Құлақтан
кіріп бойды алар» (Әндерін
орындау)
5. «Аққулар
ұйықтағанда», «Махаббат
монологы» (Көріністер)
6.
«Күй – құдірет,
күй – кие!»
(Күй
орындау)
Жүргізушілер:

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
2-жүргізуші:
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.
1-жүргізуші:
Мен туған жер - Қарасаз баурайдағы,
Жалғанда жер біткеннің балқаймағы
Есім кетіп жүргенде ес білдірген
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы
Іркес-тіркес ағады қара сулар
Қарасаң суларда да таласу бар
деп ақын өзі жырлағандай 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, қасиетті Қарасаз ауылында дүниеге келген.
2-жүргізуші:
Әкесі Сүлеймен - қарапайым шаруа адамы, аздап ұсталығы да болған. 1941 жылы майданға аттанып соғыстан оралмады. Үйде әжесі, туған анасы, екі інісі бар еді. Мұқағали Алматыдағы Шет тілдер институтына неміс тілі факультетінде оқып жүріп, артындағы үй ішінің тұрмысы ауыр болғандықтан, оқуды еріксіз тастап, ауылға қайтыпты. Өзінің зеректілігінен бе, аздаған оқуынан ба, Мұқағали неміс тілін едәуір білетін.
2-жүргізуші:
Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.
-
Бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне кезек берейік.
Орындайтындар: 8а, 8ә сынып оқушылары.

Аружан 8«Ә» М.Мақатаев:« Ана сен бақыттысың,».
Ана
Сен
бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да
құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой
сұрағаның
Сондықтан жыламағың,
жыламағың!
Бармын
ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей
асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен
шашылмағың,
Байырғы берекеңді
қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой
көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып,
тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған
бірін арнап
«Ана»
деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін
кесірімді)
Аспанға жазсам сенің
есіміңді!!!
Ана,
Сен
бақыттысың, тербете
бер
Құба талдан иілген
бесігімді…
Әділет 8«А» М.Мақатаев: «Сезім - Мұқағали Мақатаев ».
Сезбейсің
ғөй, сезбейсің ғөй сен
мені
Көрмейсің
ғой кереметті мендегі
Түсіншеңші
сарсам болған пендені
Түсіншеңші
ақыл-ойын кем бе беді
Неге бұлай,
неге жүрміз көңілсіз
Кетем бе
деп қапаланып өмірсіз
Шын
ғашықпын, шын ғашықпын сол
адамға
Мен
болмасам, бола ма сол аман
ба?
О, тәңірім
неткен жан едің
Жүрегің
еттен бе алде қоладан
ба
Шын
ғашықпын несіне оны
жасырамын
Әр бір
алтын ғой бір тал шашы
маған
Сырымды
айтып ән арқылы өзіңе
Сүйдім
сәулем құлақ салшы
сөзіме
Кездескенде
күлімдеші сен маған
Кім
қызықпас мөлдір қара
көзіңе
Жаным, сені
ешбір жаңға қимаймын
Сені көрсем
бұл әлемге симаймын
Бір сен
үшін осы әнді
арнаймын
Сен үшін
дала гүлін жинаймын
Бір-ақ бұл
өмірде қыздар деген көп
екен
Көп
болғанмен бұрынғы жоқ
екен
Аққу болып,
көктем болып келші
сен
Көп
кідірмей жауабын берші сен
Дарын 8«А» М.Мақатаев:«Фариза».
Фариза!
Фаризажан,
Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі
жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры
жалығармыз,
Бірімізден біріміз
арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса
егер,
Шаң басқан архивтерден
табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің
бе?
Жаралмаған жан екем
күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің
де,
Жүресің де қоясың, жүресің
де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі
шалып,
Тастағысы келеді
күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің
бе?...
Жанарымды тұманмен
тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр
садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба
алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң
шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша
халім...
Ақын болып несіне
жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара
түннің.
Қасиетін сезем деп Ана
тілдің,
Қауырсыны қалмады
қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң
басып,
Құлашымды жая алмай
баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң
едім,
Аттап өттім олардың қия
белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр
ашуды,
Жия бергім келеді, жия
бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан
болса,
Енді қалған өмірімді қияр
едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын
ба?!
Кеп тұрады тілегім
мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің
құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды
құмға!
Нөл болады деп айтам,
жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама
мынды-мыңға...
Айналаға қарайық анық
барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық
болмақ),
He туралы жырласақ,
Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа
арнап.
Фариза, Фаризажан,
Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз
арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ
та,
Подвалдағы архивтен
табылармыз
Аят 8«А» М.Мақатаев:« Алаң боп, абыржыған кездерiмде».
Алаң боп, абыржыған
кездерiмде
Нанбаймын адам айткан
созге мулде.
Кеше мен дәл осындай хәлде
болдым.
Сен оны сездiн бе әлде сезбедiң
бе?
Алан боп, абыржыган
шактарымда
Муршам да жок мұңымды
актаруға
Борi ұлып жатады, кұзғын
шулап
Кұлазыған көнiлдiң
бактарында.
Жапа жалғыз жабығып
калғанымда
Жат дуние жатады
жан-жағымда
Каным тасып, көзiме
кұйылады
Каламга жас кағазға
тамганында.
Досым, сол сәтте таста
жалғыз,
Журегiне ренжiп, жасама
мұз.
Ойым опат сондай бiр
бейуакытта
Булкан-талкан конiлде басталар
күз.
Ұлдана: М.Мақатаев:« «Жыл өтті ме?».
Білмеймін, күн өтті
ме, жыл
өтті ме?
Баяғы байыз таппас жүрек, міне,
Күн, айлар, жылдар өтті дүр етті де,
Бір тамыры болымсыз дір етті де,
Баяғы жүрек қалды.
Жүрек, міне.
Байғұсым ұзатып сап барлығын да
Өзі қалды өзінің хандығында.
Кеуде деген керемет сарайының,
Жаңа жылдық алауын жандыруда.
Жайлап қана ұзатып барлығын да.
Жүрек, міне,
Жан жүрек жүр менімен,
Дүрсілімен, ептеген кірбіңімен,
Түндерімен, беймаза күндерімен.
О, жалғызым!
Жабықпай жүр менімен.
Гүріліндей аспанның дүр етті де,
Жыл
өтті.
Жүрек қалды дір етті де.
Күн айға, ай жылдарға ілекті де
Жыл
өтті.
Жүрек қалды.
Жүрек, міне!..
Айбын: М.Мақатаев:« Ғашықпын!».
Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба?!
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?!
Ғашықпын. Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық
Бар үміт, бар сенімді шашып болып
Өтермін сірә да мен бұл өмірден
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.
Х.Жансая: М.Мақатаев:« «Бақыт деген не өзі?».
«Бақыт
деген не өзі?»,
–
деп бастады топ
таласты.
Бірі оны
үйден іздеп,
бірі
қырдан әрі асты.
Бірі айтады: «Бақыт
деген –
барлық,
байлық емес пе?
Керегінше
киіп ішсең,
бақыттысың емес
пе?».
Бірі айтады:
«Жоқ, бақыт
деген –
қолың
жетпес мансап қой.
Жұрттан
гөрі жүрсең ерек,
соның өзі
жақсы ат қой».
Бірі айтады: «Бақыт
деген –
жүйрік
мініп, той тойлау.
Ісің
болмай күйбеңменен,
қарын
тойса, карта ойнау».
Бірі айтады: «Бақыт
деген –
адал жар
мен перзент қой.
Ынтымаққа
ырыс келген,
ол да
соған ермек қой».
Пікірлердің таласына
осылай
мен жолықтым.
Бақыт
адам баласына
келмес
оңай, соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан
да,
байлықтан да, жардан
да,
Мансап жетпес бар
адамға
үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді
олар,
тыңдап сол бір
жақұтты,
Оны
алыстан іздемегін,
жүректен
тап бақытты!»
Ақерке: М.Мақатаев: Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген.
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Не тындырдың «басымды
иемменен?»
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,
«Отан үшін өлемін, күйем» деген.
Өлім деген ерліктің қорегі ме?
Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі
не.
…Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жармасқын терегіне.
Самалы бол, Отанның салқындаған,
Сандуғаш бол, сайратсын
алтын
далаң.
Семсері бол Отанның қынабында,
Сертке
ұстаса, селт етпей жалтылдаған.
Шетсіз, шексіз, қиырсыз
ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына
ма?
Сүй Отанды.
Шыныңмен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да!
«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,
Ақ басты алып анаммен
шырайласам.
Қалай оны сүйем деп айта аламын,
Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!
…Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Іс тынбайды
«жанамын, күйемменен»…
Өгей
әке емес
қой Отан
деген,
Отанды мен Атамдай иемденем.
1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев өз еңбегінде былай дейді. Қиялдағыны көзбен шалатын Мұқағали әлгі сөз естіп, әсер етіп, әсем жырды төге салды да, енді, осыған ән жазыңыз, аға!-деді. Бір барғанда Мұқағали маған хат беріпті. Мұқағали бұл дүниеден өткеннен кейін әлгі хатты қолыма берді. Сол хаттағы «Есіңе мені алғайсың» өлеңі екен.Көзімнен жасым сорғалап отырып, әнді жаздым, - дейді ұлы композитор Нұрғиса Тілендиев ағамыз.Сөйтіп тамаша бір ән дүниеге келді.
әні «Есіңе мені алғайсың».Орындайтындар: 8 «а» оқушылары. Уайс Жансая, Амангелді Аяжан

2-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен
туралы,
Біреулер жан еді дер өр
тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі
мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер
тұрманы.»
Иә ,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де
жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан
айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз
келсе, оның өлеңдерін оқиық.
Орыс сыныптары.

1-жүргізуші:
Өлең жазу – дертіне болған дауа,
Оны оқысаң, жұтқандайсың таза ауа.
Бұл ақының – Мұқағали Мақатаев
Өлеңмен рух берген ұлтқа дара!!!
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды
алар,
Әсем әнмен тәтті
күй
Көңілге түрлі ой
салар,
Әсем ән мен тәтті
күй,-деп Абай атамыз айтқандай кезекті әнге
берейік.
Ән: Асетова Аиша « Мен деп ойлап»

1-жүргізуші: -Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—деп ақын жырлағандай кезекті күйге құдіретіне берейік.
8 «ә» Қазбек Айым орындауында « Еңбек думаны» күй.

2-жүргізуші:
Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде
махаббат тақырыбын
кең суреттеген.«Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана,- деп арым
–
өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен
ақиық ақын Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі»
өлеңдерін қалдырды. -Иә, махаббат әлемін
Мұқағалидай жырлаған адам жоқ шығар.
Мұқағали ақынымыздың «Махаббат диалогіне»
кезек берейік.
Орындайтындар: 8 «ә» сынып оқушылары: Толеубай Мөлдір, Джакубеков Даниал
Құс боп ұшып жоғалсам, не етер
едің?
-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
-Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
-Қойшы, сәулем, бәрін де
көтеремін.

1-жүргізуші:
Ол табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгін де шаршағанға – әл, шөлдегенге – нәр, сүйгенге – сырлас, мұңайғанға – мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.
Би 7 б сынып оқушысы: Айтбай Тоғжан

2-жүргізуші:
Өлең – өнер, өлең – дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері – таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, кезекті әнге жолдайық.
8 «а» Х.Жансая орындауында «Қарлығаш » күй.

1-жүргізуші:
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
«Аққулар ұйықтағанда» көрініс (М. Мақатаев)
Сценарий:
Еденде бала ауырып, қасында әке мен ана тілеуін тілеп отырады. Бақсы болса қамшысымен аластап, дұға ғып дауыстайды.
Автор:
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Түні мынау – тамыздың маужыраған,
Тауың анау – шымылдық салбыраған.
Бала жатыр төсекте күйіп – жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,
Миын қарып барады, миын қарып.
«Сарқытындай өлімнің қалған қарға,
Екеу болса, дүние – ай, арман бар ма!...»
Арагідік назарын аударады,
Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.
Қауіптеніп түндерге, таңдарға да,
Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...
Бақсы:
-
Аққумен баланы аластаңдар,
Автор:
Деді – дағы жәйімен жөнеп кетті...»

Ана:
-
Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
...Айналайын аққудың қанатынан,
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып.
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалмай. -деп жерде жатқан әкені жұлқылайды.
Әке:
-
Апыр – ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ атам қасиетке қалай ғана?...
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?! – деп зарланады. Амалы таусылған ана не істерін білмей:
Ана:
-
Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі! – деп мылтықты қолына алып сахынадан шығып кетеді.
Автор:
... Аққулар....
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып.
Ана отыр,
Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.
...аққулар ақ айдынды қалдырды да,
Тартты кеп, ана отырған жағалауға.
Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Би: Аққулардың биі.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.

Аққуды атқалы отырған ана көрініп, тарс еткен мылтық дауысы естіледі.
Автор:
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым...
Ию – қию көл маңы, астан кестен,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.
Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр,
«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен.
Сахынада мылтық дауысын естіп үрейлене шыққан шал көрінеді.
Аңшы:
«... Апыр – ай, бұл кім болды, таң сәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре құтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?!
-
Ей !
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың , арың бар ма?!
Тастағың қаруыңды, келгін бері,
Келгің бері, кеуденде жаның барда!

Ортаға ана шығады.Мылтығын сүйретіп.
Ана:
-
Мана күндіз тәуіп шал келіп,кетті,
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.
Аққумен баланы аластандар,деді дағы,
Жайымен жөнеп кетті.
Аңшы:
-
Әй, балам!..
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой...
-
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..
... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрыса саусағынды қанаттың ба?
Ана:
-
Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...
Жасымнан естігенім бар – тын еді,
«Әтеуір аққу атқан оңбайды деп...
Аңшы:
-
Солай, солай...
Аманат бір құдайға...
Автор:
Өмір емес өмірі, қораштанған,
Байғұс ана тірліктен қалас қалған.
Келеді ана, қарабет қарақшыдай,
Ел мен жерден бір жола аласталған.
Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан,
Түн – түнекте бейне бір адасқан жан.
Ақ төсек – аппақ айдын, аққу - бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?...
сахынада бала жанында отырған әке көрініп, қастарына еш амалы қалмаған ана келеді.
Ана:
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»
Қазір, ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным...
балапаным!
Қасиет!..
О, қасірет!
Сорымның қалындығы шашымдай ма ең!..
Қасиет!..
1-жүргізуші:
Табиғатында адамға жаманшылығы
жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын
көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа
таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі
өлмесе, өзі де өлмегені.
2-жүргізуші:
Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең
құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер.
Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен
бірге.
1-жүргізуші:
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп
өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы
өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері
сөзсіз.
1-жүргізуші: Осымен М.Мақатаев
шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты
әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.
Жыр әлемінде келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

шағым қалдыра аласыз













