Мақатаев 90 жылдық
Басында Мұқағали Мақатаевтың (менің анкетам) өлеңін оқып шығады. Атабай Ғалымжан ҚТӘ-11
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар! бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.
Жүргізуші:
Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған.Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған ғажап дүние “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын қарсы алыңыздар.
Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыған жазушы Ғ.Мүсірепов ақынға қатты қатты риза болып, алтын қаламсабын сыйға тартқан екен.
«Аққулар ұйықтағанда» орындайтын: Ғалымжан, Еркежан,Мадина,Нұрберген.
Жүргізуші:
Отан!
Отан!
Сен болмасаң не
етер ем?
Мәңгілікке
бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл
өксуменен өтер ем.
Жалғыз
мекен-Отаным!,-деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары,
бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді
әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп
тақса, елім дейтін азаматтар
сөнбейді. «Ерім дейтін,
ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» осы нақыл сөздің
мән-мағынасын ұғына отырып, келешекте жастар ел қамын ойлар ер
болуы үшін де, оларға мемлекет тарапынан белгілі бір қолдау
көрсетілуі қажет. Ертеңгі күні Ұлы Абай айтқандай, «қолымды
мезгілінен кеш сермедім» демес үшін, ертерек бір игі бастама
көтергеніміз жөн шығар. Сонда ғана ақын атамыз армандаған жастар
біздей-ақ болады. Келесі кезекте өз
туындысымен Кенжебекова
Бануды ортаға
шақырсақ: «Ерім дейтін, ел болмаса, елім дейтін ер
қайдан болсын», қабыл
алыңыздар:
Жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыртойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халықпен бірге тойланатын болды. Бүгін де сіз - біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырған жайымыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері. Ақынның келесі шығармасы – “Сәлемдеме”, Орындайтын:_______
Жүргізуші:
- Тірісінде сый көрмей қайран ақын.
Тек өлген соң атағын жайған ақын,
Ежелден қазақтың бұл қасіреті –
Бармағын тістеп кейін ойланатын.
Күн сүйіп кереқарыс маңдайынан,
Лағыл жырлар төгілген таңдайынан.
Барында бағаламай, білдік кейін
Қазақтың айрылғанын қандай ұлдан.
Хантәңірінің бауырында қазақ поэзиясының ақтаңгері Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы дүркіретіп тойлануда. Осыдан 90 жыл бұрын қара өлеңнің бағы үшін туған тұлғаның өзі бұл күндері поэзия әлемінің Хантәңіріне айналып кетті.
Дүниеден өтер алдында жазған толғау өлеңі: «Моцарт. Жан азасы» реквиемі
Орындайтын(дар):
Жүргізуші:
Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдері қандай уақытта болсын халық есінде. Ұрпақтары Мұқағалиды ешқашан да ұмытпақ емес, ұлы ойшыл кереметтей көркем өлеңдерімен мәңгі жасай бермек.
Келесі кезекті Молдахан Еркежанға берсек, “Менің ғасырым”
Жүргізуші:
Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жок десек
артық айтқандық емес. Ақын М.Мақатаев махаббат, екі жас арасындағы сүйіспеншілік, асқақ сезім туралы аз жырламағаны мәлім. Махаббат тақырыбына арналған жырларында екі ғашықтың бір – біріне деген іңкәрлікті айқын көрсете білген ақындардың бірі. Ақын махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сүйе білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. Сондай махаббат тақырыбындағы ең тамаша туындысы «Есіңе мені алғайсың», Орындайтын: Нұритденов Нұрберген
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқағали Мақатаев 90 жылдық сценарий
Мақатаев 90 жылдық
Басында Мұқағали Мақатаевтың (менің анкетам) өлеңін оқып шығады. Атабай Ғалымжан ҚТӘ-11
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар! бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.
Жүргізуші:
Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған.Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған ғажап дүние “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын қарсы алыңыздар.
Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыған жазушы Ғ.Мүсірепов ақынға қатты қатты риза болып, алтын қаламсабын сыйға тартқан екен.
«Аққулар ұйықтағанда» орындайтын: Ғалымжан, Еркежан,Мадина,Нұрберген.
Жүргізуші:
Отан!
Отан!
Сен болмасаң не
етер ем?
Мәңгілікке
бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл
өксуменен өтер ем.
Жалғыз
мекен-Отаным!,-деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары,
бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді
әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп
тақса, елім дейтін азаматтар
сөнбейді. «Ерім дейтін,
ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» осы нақыл сөздің
мән-мағынасын ұғына отырып, келешекте жастар ел қамын ойлар ер
болуы үшін де, оларға мемлекет тарапынан белгілі бір қолдау
көрсетілуі қажет. Ертеңгі күні Ұлы Абай айтқандай, «қолымды
мезгілінен кеш сермедім» демес үшін, ертерек бір игі бастама
көтергеніміз жөн шығар. Сонда ғана ақын атамыз армандаған жастар
біздей-ақ болады. Келесі кезекте өз
туындысымен Кенжебекова
Бануды ортаға
шақырсақ: «Ерім дейтін, ел болмаса, елім дейтін ер
қайдан болсын», қабыл
алыңыздар:
Жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыртойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халықпен бірге тойланатын болды. Бүгін де сіз - біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырған жайымыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері. Ақынның келесі шығармасы – “Сәлемдеме”, Орындайтын:_______
Жүргізуші:
- Тірісінде сый көрмей қайран ақын.
Тек өлген соң атағын жайған ақын,
Ежелден қазақтың бұл қасіреті –
Бармағын тістеп кейін ойланатын.
Күн сүйіп кереқарыс маңдайынан,
Лағыл жырлар төгілген таңдайынан.
Барында бағаламай, білдік кейін
Қазақтың айрылғанын қандай ұлдан.
Хантәңірінің бауырында қазақ поэзиясының ақтаңгері Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы дүркіретіп тойлануда. Осыдан 90 жыл бұрын қара өлеңнің бағы үшін туған тұлғаның өзі бұл күндері поэзия әлемінің Хантәңіріне айналып кетті.
Дүниеден өтер алдында жазған толғау өлеңі: «Моцарт. Жан азасы» реквиемі
Орындайтын(дар):
Жүргізуші:
Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдері қандай уақытта болсын халық есінде. Ұрпақтары Мұқағалиды ешқашан да ұмытпақ емес, ұлы ойшыл кереметтей көркем өлеңдерімен мәңгі жасай бермек.
Келесі кезекті Молдахан Еркежанға берсек, “Менің ғасырым”
Жүргізуші:
Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жок десек
артық айтқандық емес. Ақын М.Мақатаев махаббат, екі жас арасындағы сүйіспеншілік, асқақ сезім туралы аз жырламағаны мәлім. Махаббат тақырыбына арналған жырларында екі ғашықтың бір – біріне деген іңкәрлікті айқын көрсете білген ақындардың бірі. Ақын махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сүйе білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. Сондай махаббат тақырыбындағы ең тамаша туындысы «Есіңе мені алғайсың», Орындайтын: Нұритденов Нұрберген
шағым қалдыра аласыз


