Материалдар / Мұқағали Мақатаев 90жылдық мерей тойын орай ұйымдастырылған әдеби сазды кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқағали Мақатаев 90жылдық мерей тойын орай ұйымдастырылған әдеби сазды кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Мұғалімдеріне,сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
791
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш сценарийі

Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)

Ақынның өз даусымен оқылған өлеңі қойылады

«Аққу» күйіне би билеп, ақынның «Аққулар ұйықтағанда » атты поэмадан үзінді қойылымымен жалғасады

1-жүргізуші:

Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали  – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.

2-жүргізуші:

Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, қадірменді қауым!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.  Шындығында, Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнаған.

2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.

 Екі жүргізуші бірге: Ендеше, ақын шығармашылығына арналған «Мен өлеңді жырлау үшін келгенмін» атты   әдеби-сазды кешке қош  келдіңіздер!!!

2-жүргізуші: Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын.

1-жүргізуші:  Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып,  бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды  ақын емес деп көріңіз..!

                                        Көркес сөз оқу

1.Керимбай Толқын

2.Алпысбай Аяулым

3.Жанизак Жанелья

4.Алибай Мадина

5.Қуаныш Ақдидар

6.Саят «Бақыт деген не өзі?»


Ән. «Бақыт деген» орындайтындар: бастауыш сынып оқушылары

1-жүргізуші:

Мұқағали:

Ақынмын деп  мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,– десе,

2-жүргізуші: замандасы, әріптесі  рухани достарының бірі –  Жұмекен Нәжімединов:

Күпі киген ақынның
Костюмді ойы – тамаша,
Киіндірген Абай тек
, қара өлеңді жаңаша.
Қағып-сілкіп күпіні – шекпен алған сол ақын –
Шекпен киген кешегі Мұқағали болат
!-

деп оны жылы қабылдайды, мойындайды.
1-жүргізуші

Ендеше, Мұхаңның әлеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясынан Бір туындысының қалай туғандығын тарихын, тамашаласақ:


(слайдттан Мұқағалидің есіңе мені алғайсың өлеңінің қалай дүниеге келгені туралы дерек қойылады)

Деректі таныстыратын: 9 «Г» сынып оқушысы Агибаева Хадиша


«Есіңе мені алғайсың»......1975ж композитор Нұрғиса Тілендиев пен ақын Мұқағали Мақатаев бірігіп жұмыс істей бастады.Бір-бірін көптен бері танмағанымен ,бірігіп жұмыс істей бастағаны осы еді.Сол кезде Мұқағали ақын отыз күндей әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің үйінде тұрады.Отыз күннің ішінде екеуі бірталай ән шығарады,солардың көбісі елге танымал болды.Мұқағали ақын бауыр ауыруымен ұзақ ауырады,1976жылы 45 жасында өмірден озады,оған Нұрғиса ағамыз қатты күйзеледі.Жүрегі ауырып,екі айға жуық емханада жатты.Арада екі ай өткен соң,жұмысқа киетін бешпенттің қалтасынан хат шықты.

Мұқағалидің жазуы.... «Аға,мен ғой.....дертім қозып барады,не боларын білмеймін мынаған назар аударып көрерсіз»соңында «Есіңе мені алғайсың» өлеңі жазылған еді.Ақын оны ең алғаш 1966 жылы шығарған ,бірақ 1975ж музыкаға бейімдеп өзгерткен.Емханада қатты ауырып жатқанда жіберген хаты еді.Нұрғиса Тілендиев бұл өлеңге музыка шығарды.Оның бұл екеуінің соңғы шығармасы еді.Ендеше, қысқаша ақынның өз дауысын тыңдайық

Ән. «Есіңе мені алғайсың» 5 сынып оқушысы Сүттібай Нұргүл

2-жүргізуші

Құрметті бүгінгі әдеби кешіміздің қонақтары,көрермендеріміз өздеріңіз байқаған боларсыздар,сіздер жайғасқан орындықта сіздерге арналған бүгінгі ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев атамыздың еске алу кешінен дайындалған бізге сарқыт болса,яғни Мұқаңның жалпы өмірі мен шығармашылығына қатысты және біршама ойларыңызбен бөлісіп кетсеңіздер

(Көрермендер: орындықтарына алдын-ала жайғастырылған ақынның шығармашылығына байланысты дайындалған тапсырмаларды оқып,өз ойларымен көрермендер кешке қатысушылармен бөлісіп,сыр шертеді)

1-жүргізуші

Ақынның мерей тойына шашу .Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дана Абиллақызы өз қызы Бөлекбай Сафиямен «Перзент парызы» әнімен қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші

Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.

1-жүргізуші: Лирик ақын Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздарының арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» -дейді.

2-жүргізуші:  Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова: «Мақатаев бұл жалғанға қалдырған жарық сәуле – жырлары халқының басын құрап, елдік пен бірліктің, рухани тұтастықтың байрағына айналып отыр» деген екен.

Көркем сөз оқу

Назым,Мериянна,Алина


  1. жүргізуші:  Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен ,буырқана ағылған жыр жанартаулары, өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

«Үш бақытым» өлеңі 1-шумақ Бірінші жүргізуші 2-шумақ екінші жүргізуші,3-шумақ Қазақ ілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі кешті ұйымдастырушы Ақмарал Нұрмаханбетқызы


 2-жүргізуші:

Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің

1-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын таба береді


М.Мақатаевтың«Туған өлке» әнімен аяқтау (қатысушылар түгел сахнаға шығып,әнді қосыла орындайды)

1,2 -жүргізуші

Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.!!!























«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кешінің бағдарламасы


1.Би «Аққу»

2.Көрініс «Аққулар ұйықтағанда»

3.Көркем сөз оқу

1.Керимбай Толқын

2.Алпысбай Аяулым

3.Жанизак Жанелья

4.Алибай Мадина

5.Қуаныш Ақдидар

6.Саят «Бақыт деген не өзі?»


4.Ән «Бақыт деген»

Нұргүл,Бекасыл,

5. «Бір туыынды тарихы» таныстырылым Асан Милана

6.Ән. «Есіңе мені алғайсың» Сүттібай Нұргүл

7. Көрермендерден сарқыт Жүргізушілер

8. Ән. «Перзент парызы» Дана Абдиллақызы,Булекбай Сафия

9.Көркем сөз оқу (Алина,мериянна,Назым)

10. «Үш бақытым» өлеңі (Жүргізушілер,Ақмарал Нұрмаханбетқызы)

11.Ән. Хор (барлық қатысушылар сахнаға шығады)






















«Аль-Фараби атындағы мектебі»

Shape1

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!




Елбасымыздың «Болашаққа бағдар,рухани жаңғыру»мақаласы аясында Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!»атты әдеби кешінің сценарийі





Өтілетін күні: 22.02.2021ж

Өтілетін орны: Мәжіліс залы

Өтілетін уақыты: 1300-де

Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі :

А.Байханова




2020-2021ж
























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!