400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мұқағали Мақатаев - 21 ғасыр ақыны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шал ақын ауданының Жалтыр негізгі мектебі» КММ

















Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев – ХХІ ғасыр ақыны»


Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Б.Қозкенов



















2017-2018 оқу жылы
















































Тәрбие сағат тақырыбы:

«Мұқағали Мақатаев – ХХІ ғасыр ақыны»

Білімділік: Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс,зерттеушілік сабағы,”өрмекші торы” ойыны,шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті, шығармалар көрмесі,слайдтар,Мұқағалидың жанды дауысы жазылған бейнежазбалар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих,музыка,сурет.

Сабақтың эпиграфы: «Өзге емес, өзі айтады, өз жайында»:

“Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де“

І.Ұйымдастыру кезеңі.Сергіту сәті.”Өрмекші торы” ойыны.

Оқушылар жіпті кезекпен бір-біріне ұсына отырып,Мұқағали өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап береді.

1.Мұқағалидың шын есімі?

2.Мұқағали дүниеге келген ауыл?

3. Мұқағалидың анасының есімі?

4.Мұқағалидың қандай әндерін білесің?

5.Мұқағали өмір сүрген жылдар?

6.Мұқағалидың қандай өлеңі саған ұнайды?

7.Мұқағалидың туған күні?

8.Мұқағалидың туған жері?

9.Мұқағалидың әкесінің есімі?

10.Мұқағалидың балаларының есімі?

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік. 


Аяулым:
- Туған жерің? 
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. 
- Туған жылың? 
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің. 
- Жынысың кім? 
- Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін... 
- Партияда барсын, ба? 
- Жоқпын. 
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. 
- Шыққан тегің? 
- Шаруамын. 
Бар тірліктен бағалы оны санаймын. 
- Білімің ше? 
- Орташа ғой. 
Алайда өзім жоғарыға балаймын. 
- Ана тілің? 
- Қазақша. 
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. 
- Қайда істедің? 
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. 
Оқымаған, дипломсыз демесең, 
Бір басымнан бар мамандық табылар. 
- Міндеттісің бе әскерге? 
- Міндеттімін. 
Біздің әлі жас кеуде. 
Жауынгердің ұлымын ғой, 
Жанын қиған Мәскеуге. 
- Сөгіс алып көрдің бе? 
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын 
Мен мүлде. 
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету, 
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... 
- Шетелдерде болдың ба? 
- Болғамын жоқ. 
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. 
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, 
Осы отырған орнымда-ақ. 
- Мекен-жәйің? 
- Мекен-жәйім - жер менің. 
Жерде жүрген ақын деген пендемін. 
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, 
Мен өмірді жырлау үшін келгемін! 


Ү.Мағынаны тану: 1-оқушы:Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: “Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз”

Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты – Мұхаметқали.

Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады(“Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?”). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.


2-оқушы: 1948 – 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті

1948 – оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

1949 – көктемде жары Лашынмен отау құрады;

1949 – “Советтік шекара” газеті ақынның “Қырман басында”, “Қойшы бала – Әкітай” деген өлеңдірін жариялады;

1950 – Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі.

1954 – Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі “Әдебиет және искусство” журналында жарияланды;

1957 – Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

1960-62 – “Советтік шекара” газетінің бөлім меңгерушісі;

1963-1965 – “Мәдениет және тұрмыс” журналында жұмыс істейді;

1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.

3-оқушы:Поэзиядағы алғашқы қадамдары.

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

Шығармалары мен аудармалары.

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

4-оқушы:Поэмалары:

Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар.

Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын.Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім… Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады.


5-оқушы:Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын.

ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді.

Ақ ұлпа жерді жапқанда, 
Ағаштар сырға таққанда. 
Бозарып атқан ақ таңда, 
Бозарып тұрып ақпанда 
Есіңе мені алғайсың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті ақынның өз орындауындағы «Пай! Пай! Өмір!» өлеңіне берейік. 
(Интерактивті тақтада слайд жүріп тұрады)

ҮІ. Ой толғау.Топтық шығармашылық жұмыс.

Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығы туралы плакатқа постер құрады.

ҮІІ. “Жазылар естеліктер мен туралы…”

Тұманбай Молдағалиев, Қазақстанның Халық жазушысы:

«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған».

Қадыр Мырзалиев, Қазақстанның Халық жазушысы:

“Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат,көк тіреген күмбез,сұлулық сарайы деп есептесек,сен соның таланттытас қалаушыларының бірі едің”.

ҮІІ.Сен қазақтың қазақтығын жырладың,

Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.

Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген

Қара өлеңнің – жалындаған жырларың.

Зулап күндер, жылдар аунап барады,

Жырларыңнан қазақ бақыт табады.

Қадіріңді сәл кешірек білсек те,

Мәңгі есімің жадымызда қалады.

(«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады)

Қорытынды.

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.

Осымен кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош, сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1838
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі