400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұқағали Мақатаев әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш өткізу.Ақын өлеңдерін оқыту арқылы өнерге,өлеңге деген ықыластарын ояту.Жас дарындарды шығармашылыққа баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі

Сатканова З.С________ Исабеков А.С________










"Мұқағали-жыр алыбы"

атты әдеби кештің

жоспары








Өткізгендер: Шакимардан Нұрболат

Аманжолова Айдана






2017 жыл


"Мұқағали-жыр алыбы"

әдеби кеш







Тақырыбы: "Мұқағали-жыр алыбы"

Мақсаты: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізу. Ақынның шығармаларыан өзінше ой түюге, шығармашылыққа баулу. Елжандылыққа, туған жердің қадірін ұғынуға, өлең құдіретін сезінуге тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби кеш




Жоспар:


І. Ақын келбеті

ІІ. Мұқағали өлеңдерін жатқа оқу

ІІІ.Ақын сөзіне жазылған әндер

IV. Мұқағали жайлы естеліктер

V. Марапаттау












"Мұқағали-жыр алыбы"

әдеби кеш


1 – жүргізуші: Кеш жарық, құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар! Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген "Мұқағали-жыр алыбы" атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық!

2 – жүргізуші: Құрметті бүгінгі өнер кешіне,өлең кешіне жиналған қауым, бүгін біз қазақ поэзиясының өткір де тұщымды тіл құралының құндылығы мен өзектілігіне мән бере отырып, қалам шеберінің туындыларының «Менің жүрегімдегі орны мен тұлғалық болмысының қалыптасуындағы ықпалы қандай?» деген сұрақтарға бүгінгі кеш жауап табуға мүмкіндік жасайды. М.Мақатаев ең алдымен халық ақыны, қазақ жырының шоқ жұлдызы, сұлулық сарайының шебер тасқалаушысы.

Сырым да – осы,

Жырым да – осы

Алдыңда

Байқалып бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

... Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

1-жүршізуші: Ендеше, ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері мен өмірінен сыр шертетін слайдты назарларығызға ұсынамыз!

2-жүргізуші: Бүгінгі "Мұқағали-жыр алыбы" атты мәнерлеп оқу сайысына төрелік ететін әділ қазылармен таныстыра кетсек.


1 – жүргізуші: Жалғасы бар

Жырымның жалғасы бар.

Жырларым жылдарменен

Жалғасыңдар – деп Мұқағали

айтқандай оның үні мәңгілік жалғасуда. Олай болса, "Поэзия-жүрек кілті" Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу үшін оқушыларды ортаға шақырамыз!


1. Абдрахманов Дидар "Поэзия"

2 . Сапина Алия "Елім барда"

3. Сатканова Гульдана "Өмір жайлы"

4 .Смағүлов Мади. "Барлығы да сендердікі"




2 – жүргізуші: Домбырам жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң

Өнердің не екенін білмес едім-


деп ақын өзі айтқандай келесі кезекте Нұрболат Шакимарданның орындауындағы" Сәби болғым келеді" әніне кезек берсек.


1-жүргізушы:

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді деу де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы, Мұқағали Мақатаев жайлы естеліктерге құлақ салсақ.


2-жүргізуші:

Мұхаммеджан Каратаев

(...Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ астынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді. Аңғармаппыз... )


1-жүргізуші:

Әбділдә Тәжібаев:

(Мұқағали Мақатаев-адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттығы жастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан шың сағыныштан туған.)


2-жүргізуші:

Айналайын атамекен ақ мекен,

Қандай қазақ сені іздеп тапты екен.

Айналайын,атамекен ақ мекен,

Туған өлке тәтті екен ғой, тәтті екен!

Олай болса, ақын сөзіне жазылған "Саржайлау"әнін 6 сыныптың қыздарының орындауында тыңдасақ.

1-жүргізуші:

Ақынмын деп мен қалай айта аламын.

Халқымының өз айтқанын қайталадым

Күпі күйген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-тағы да Мұқағали жырлармен сусындау үшін өлең оқушыларға кезек берсек.

1. Аманжолов Азамат "Фантазия"

2.Оспанов Данияр "Шыда,шыда"

3. Мұхтарова Дильназ " Нені аңсаймын"

4. Ахметова Айдана "Хат "

5. Оспанова Карина "Қайырлы түн"


2-жүргізуші: Фариза, Фаризажан,Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер.

Шаң басқан архивтерден табылармыз-деп ақын айтқандай келесі кезекте"Фариза"әнімен Нұрболат Шакимарданға кезек берсек.

1-жүргізуші:

Сая болып жаныңа емен,терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек,ұрпаққа өлең керек. Тағы да өлең оқушыларды ортаға шақырамыз!

1.Сатканова Зайда "Қара өлең"

2. Алигазина Альфия "Не сыйлайды,не береді келер күн!"

3. Сапаров Жаңылхан "Өмір деген біреу бар"

4. Абдрахманова Мадина " Анау- аспан, мынау бақ"

2-жүргізуші:

«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса М.Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда. Әне ол мұзбалық қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жалтырап жыр оқып тұр!...»деп Әбіш Кекілбаев айтқандай Мұқағали өлмек емес.

1-жүргізуші:

"Мұқағали-жыр алыбы" атты әдеби кешімізді қорытындылау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.

2-жүргізуші:

Осымен біздің "Мұқағали-жыр алыбы" атты әдеби кешімізге келгендеріңізге рахмет! Өнер кешінде, өлең кешінде жолыққанша сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі