жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқағали Мақатаев апталығы
Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі – Мұқағали Мақатаев

Таза мінсіз асыл
сөз,
Ой түбінде
жатады.
Таза мінсіз асыл
тас,
Су түбінде
жатады.
Асан қайғы
Биыл Алатаудан арындап ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев 90 жасқа толып отыр. Ақпанның алғашқы күнінен бастап Алматы облысы, Талғар қаласы, № 4 орта мектеп-лицейінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын тойлау айлығы ресми түрде басталып кетті. Бірқатар шаралар жоспары бекітіліп, түрлі бағыттар бойынша танымдық-тәрбиелік бағдарламалар әзірленді. Мерейтой айлығына «Өз ұлтының тәуелсіздігін аңсаған азаттықтың ақыны – Мұқағали Мақатаев» тақырыбы берілді. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, дәріптеу мүмкіндігі біздің мектепке де бұйырған болатын. Ақынның мерейтойы пандемияға қарамастан барлық крантиндік талаптар қадағаланып, сақтық шараларды қолдана отырып, жер-жерде аталып өтті. Еліміздің барлық жерінде ақынды еске алу кештері, позия кештері, мүшайралар өтіп жатты. Сондай кештердің бірі біздің мектебімізде болды. Мұғалімдер мен оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, баяндамалар жасады. Ашық сабақтар өткізілді. Оқушылардың барлығы өткізілген шаралардан өте үлкен әсер алып, рухани байыды.
Іс-шараның мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру, ақынның өлеңдерінен жыр шашу арқылы балаларға әсерлі етіп жеткізу. Тәрбиелік іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, ақынның шығармашылығынан сыр шертіп, өнерлерін ортаға салды. Ақын өлеңдерін таныстыру арқылы оқушылардың Отанға, тілге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін оята алды. Ақын өлеңдерін мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері мәнерлеп, жарыса оқыды. Атап айтсақ, Ұстаздар қауымы бастаған Қонысбаева Мадина Талапбайқызы «Соқпақ», Байболатова Тамара Ерсайымқызы «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», Нүсіпалиева Жанар Бекмұхаметбетқызы «Жоқ дәрігер» өлеңдерін оқыса, оқушылардан 11 «А» сынып оқушысы Далибаева Гауһар, «Туған жер», 9 «А» сынып оқушысы Азизова Аделя «Бүгін менің туған күнім», 5 «Б» сынып оқушысы Байбузова Дарья «Отан», 5 «Б» сынып оқушысы Леонтьева Дарья «Ана, сен бақыттысың», 6 «Б» сынып оқушысы Оспанова Жанна «Анау – аспан, мынау - бақ», 10 «А» сынып оқушылары Косенкова Алина «Ақпан», Амангелді Ақжібек «Ғашықпын», Рашитова Дильнас «Қыз сыры», Заирова Малика «Наурыз», 8 «А» сынып оқушысы Покутняя Дарья «Біздің көктем», 5 «А» сынып оқушылары Имирова Карина «Наурыз», Коренченко Лера «Мектебіме», 7 «А» сынып оқушысы Жақсылыкова Адема «Отан», 7 «Б» сынып оқушылары Акимбекова Нурия «Шыда», Сулейменова Эльмина «Бозқараған» сондай ақ, 1 «А» сыныбы«Қарасаз», «Анау – аспан, мынау - бақ», 1 «Б» сыныбы «Қарасаз», 2 «А», «Б» сынптары «Әке», «Үш бақытым» өлеңдерін оқыса, 2 «В» сыныбы «Анашым» өлеңдерін жатқа айтты. Аталған өлеңдерді shkola_4_talgar инстаграм әлеуметтік желісінен көре аласыздар.

Сонымен қатар,
ел Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Твиттердегі» парақшасында атап
өткеніндей, «Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен
тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі
той...» деп,
ақынның 90 жылдық мерейтойы туған жері,
аспантаулар аясындағы Райымбек ауданында да кең көлемде аталып
өтілетінін айта кетті. Нарынқол өңірінде екі шағын саябақ салынып,
оның біріне жыр дүлдүлінің ескерткіші орнатылады. Бұл мақсатқа
жергілікті бюджеттен 147 миллион теңгеге жуық қаржы қаралған.
Сонымен қатар Мұқағали мұражайына виртуалды саяхат ұйымдастырылып,
ақынның туған ауылы Қарасаз бен Сарыжаз ауылындағы орталық көшелер
абаттандырылады. «Райымбек баба» ескерткішін ағымдағы жөндеуден
өткізу жұмыстары да жоспарланып отырғанын
мәлімдеді.
Поэзия әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашып айрықша із қалдырған Мұқағали – күллі қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да "Өлсе өлер Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім" - деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімін, оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері - мәңгілік қазына...
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Рахымжанова Баян Досымбекқызы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген