Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Тақырыбы:«ТУМА ТАЛАНТ- ТҰҒЫРЛЫ АҚЫН ТУРАЛЫ БІР
ҮЗІК СЫР»
Мұқағали Мақатаевты еске алу
Математика пәнінің пактиканттары:
Сейтжанова М.Б. ,Білісбек О.Ұ.
Практика базасынан тағайындалған практика жетекшісі:
Батырбекова Канымай Абилхасимовиа
11A сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген
Іс-шарасы .
2025ж
Тума талант- тұғырлы ғалым туралы бір үзік сыр.
Мақсаты: Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны мен маңызын түсіндіру. Оның өлеңдері арқылы отансүйгіштік, адамгершілік, махаббат және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттырып, көркем сөйлеу дағдыларын дамыту.
Жоспары:
I бөлім
-
Таныстыру (диалогы)
-
Көрініс: Мұқағалидың дүниеге келуі
-
1941жыл түсіндірме (диалогы)
-
Домбырамен Ән
II бөлім
-
Балалық шақ (диалогы)
-
Көрініс: <Балалық шақ >
-
Көрініс+Ән : <Саржайлау>
-
Білім жолында (диалогы)
-
Би: Шұғыла
III бөлім
-
Махаббат (диалог)
-
Көрініс: <Мұқағали мен Лашын>+Мәнерлеп оқу:
-
Хат жазу
-
Ән: Мен деп ойла
IV бөлім
-
2 жүргізуші (диалог):
-
Кино үзінді монтаж көрсетіледі:
-
2 жүргізуші (диалог):
-
Көрініс : <мектеп >
I бөлім
-
2жүргізуші (диалогы) Таныстыру(Мұқағали фотосы)
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар!
Бүгін біз қазақ поэзиясының көгінде шоқтығы биік жұлдыздай жарқыраған, мәңгі өшпес із қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 94 жылдығына арналған іс-шарамызды бастауға жиналдық.
Мұқағали – халқымыздың алтын қазынасы, жыр әлемінің биік шыңына шыққан қайталанбас тұлға. Ақынның жүрекке жылы, жанға жақын жырлары туған жерге, табиғатқа, адамгершілікке және махаббатқа толы. Бүгін біз оның өмірі мен шығармашылығына тереңірек үңіліп, рухани мұрасын еске аламыз.
2-жүргізуші:
Иә, Мұқағали – қазақ әдебиетінің алтын қазынасына айналған тұлға. Бірақ мен ақынның шығармаларымен ғана таныс екенмін, оның өмірі туралы көп біле бермеймін. Қай жылы дүниеге келді? Қай жерде өскен?
1-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен, анасы Нағиман қарапайым ауыл адамдары болған. Әкесі – диқаншылықпен айналысқан, ал анасы – шаруашылық жұмыстарында жүріп, отбасына бар мейірімін төгіп, балаларының тәрбиесіне ерекше мән берген.
2-жүргізуші:
Шіркін, осындай ауылда өскен баланың өлеңге жақын болуы бекер емес шығар.
1-жүргізуші:
Айтпақшы, Мұқағалидың шын есімі тек “Мұқағали” емес екенін білесің бе ? Оның бірнеше есімі болған!
2-жүргізуші:
(таңырқап) Қалай, бірнеше есімі дейсіз бе? Оның бәрі қандай есімдер?
1-жүргізуші:
Иә, ең әуелі оның шын есімі. Кейін халық оны Мұқағали деп атап кетті. Ал тағы бір ерекше атағы бар – оны Мұзбалақ ақын деп атайды.
2-жүргізуші:
(күліп) Мұзбалақ? Ол мультфильмдегі бүркіттің аты ғой!
1-жүргізуші:
Дұрыс айтасың, бірақ Мұқағалиға бұл атау оның биік рухы мен поэзиядағы асқақ болмысы үшін берілген. Мұзбалақ – аспанмен тілдескен қыран бүркіттің баласы. Мұқағали да дәл сол сияқты жыр әлемінде еркін самғаған, ешкімнің қолы жетпес биікте болған тұлға.
2-жүргізуші:
Неткен қызық! екіншісі – Мұқағали, үшінші– Мұзбалақ. Сонда шын есімі қандай?
-жүргізуші:
Оны қазір көрініс арқылы білетін боламыз. Назарларыңызға Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келіп, ат қойылған сәтін сахналық қойылым арқылы ұсынамыз.
-
Көрініс: Мұқағалидың дүниеге келуі(аязды қыс видеосы)
Бала дауысы(Аудио1)
(Аязды қыс. Сахнаның сыртынан қар мен аяздың үні естіледі.
Сахнада отын жарып жүрген Сүлеймен бейнесі.)(Аудио2)
(Сахнаның сыртынан Қабылдың қуанышты даусы шығып, сахнаға жүгіріп кіреді.)
Қабыл (қуанып, даусын көтеріп):
– Сүйінші, сүйінші, Сүлеймен! Қуаныш хабармен келдім, досым!
(Құшақтасып амандасады)
Сүлеймен (отын жаруын тоқтатып, оған қарап):
– Сүйінші дейсің бе, Қабыл? Жүрегімді тулатып тұрсың ғой. Жақсы сөз айтарсың, айт, не жаңалық?
Қабыл (көзі жарқырап, қуанып):
– Ұлды болдың, досым! Ұлды ! Елден хабар келді. Шүкір, азан шақырып, атын да қойды: Мұхаммедқали депті!
(Сүлеймен қолындағы балтасын жерге қойып, қуанышпен күліп, терең ойға беріледі.)
Сүлеймен:
– Мұхаммедқали есімі Алланың сүйікті құлы! Пайғамбарымыздың құрметіне қойған екен ғой… Жақсы, жақсы… (Сәл үнсіздік, күрсініп.) Бірақ, досым, пайғамбар есімімен аталған баланың есімі қысқарып айтылса, оның қасиетіне нұқсан келмей ме? Есімнің қадірі үлкен.
Қабыл:
– Рас айтасың,(басын изеп) Сүлеймен. Ал енді не дейсің? Қалай болмақ?
Сүлеймен (ойланып):
– Біз ұлы есімге қиянат жасамаймыз. Бірақ… еркелетіп, әдемі нұсқасын табуымыз керек. Қасиетін де сақтап, әдемілігін де көрсететін ат қоямын. Құдайдың берген ұлына «Мұқағали» деп еркелетіп атайық! Бұл да ұлы есімнің жарасымды, қазақша әдемі нұсқасы болсын!
Қабыл (қуанып):
– Мұқағали! Иә, жарасады екен! Мұқағали дегенің әдемі ғой! Бұл бала да есімі сияқты қасиетті, ұлы адам болады деп сенемін!
Сүлеймен:(қолын жайып бата береді)
– Аллаға шүкір! Ұлымды ертең үлкен азамат болуға жеткізе көр!
(видео пректор қосылады1) Священная война (бастапқы 1:20 сек)
Сүлеймен мен Қабыл: 1:00 дейін тақырқап жаң жағына қарап тыңдайды
Cүлейман мен Қабыл: 1:20 қолдарына қару алып сақына сыртына кетеді(аудио3)
(оқ дыбысы)
(әкесінің қайтқаннының дыбысы)
-
2 жүргізуші (диалогы) 1941жыл түсіндірме(1941 жыл фотосы)
2-жүргізуші:
– Әкесі соғыста қаза тапты ма?
1-жүргізуші:
– Иә, Мұқағалидің әкесі Сүлеймен 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанып, 1943 жылы майданда ерлікпен қаза тапқан. Соғыс – адамзат тарихындағы ең ауыр сынақтардың бірі. 1941-1945 жылдар аралығында өткен Ұлы Отан соғысы біздің халқымыз үшін ауыр болса да, Жеңіс туын желбіреткен айтулы тарихи оқиға. Бұл жеңісте әрбір жанның, әрбір отбасының үлесі болды.
2-жүргізуші:
– Мұқағали соғыстан кейінгі ауыр жылдары, яғни әкесіз өсудің қиындығын қатты сезінген болар?
1-жүргізуші:
– Әрине, Мұқағали небәрі 10-12 жасында отбасының тірегіне айналды. Әкесіз өскен баланың өмірі жеңіл болмады. Оның балалық шағы ашаршылық пен жоқшылықтың сынақтарына толы еді. Осындай қиындықтарға қарамастан, ол өзінің жүрек тереңінен туған жырларында өмірді, адамгершілікті, туған жерді жырлай білді.
2-жүргізуші:
– Мұқағалидің әкесіне арнаған өлеңі бар деп естідім. Бұл оның бала жүрегінен шыққан сағыныш па?
1-жүргізуші:
– Иә, дұрыс айтасың. Әкесіне деген сағынышын ақын өзінің “Әкеме” атты өлеңінде толқып отырып жеткізген. Бұл өлеңде әкесін көрмеген, бірақ жүрегімен сезінген баланың мұңы бар. Мұқағали бұл өлеңді әкеге деген құрмет пен махаббаттың символы ретінде жазған.
2-жүргізуші:
– Ақынның жүрегінен шыққан жырлары әкесіз өткен қиын балалықты ғана емес, сонымен бірге жарқын болашаққа деген сенімін де көрсетеді екен.
1-жүргізуші:
– Иә, Мұқағалидің мұрасы бізге мәңгілік үміт пен рух береді. Енді назарларыңызға ақынның “Әкеме” атты өлеңін ұсынамыз.
-
Домбырамен Ән : (Әкесінің фотосы)
<Әкеме>
Сонымен құладың ба, тас қамалым,
Қалмады күйініштен басқа амалым.
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.
Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым.
Әке, сенің өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным
II бөлім
-
2 жүргізуші (диалогы)Балалық шақ(Мұқағали Мақатаев фотосы)
Жүргізуші 2:
– Сонда жартылай жетім Мұқағали ашаршылық пен жоқшылық заманында оның балалық шағы қалай өтті?
Жүргізуші 1:
– Әрине, оңай болған жоқ. Мұқағали анасы Нағиман мен әжесі Тиынның қолында тәрбиеленді, әсіресе әжесіне өте жақын болды. Оның анасы Нағиман өте мейірімді, еңбекқор адам еді. Мұқағали оны еркелетіп «Наха» деп атаған. Ал әжесі Тиын болса, Мұқағалидың жанына жақын болып, оған рухани тәрбие берген. Әжесі оның болмысын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған.Ол 12 жасынан бастап отбасы шаруасына көмектесіп, еңбекке ерте араласты және соған қарамастан, білім алуды жалғастырды.
Жүргізуші 2:
–Әжесінің баласы дейсіз бе? Ол қайда оқыды сонда, ауылда ма?
Жүргізуші 1:
– Ия, Мұқағали 1938 жылы, 7 жасында, туған жері Қарасаз ауылындағы бастауыш мектепке барды. Бастауыш білімді сол мектептен алды. Ал 1942 жылы, 11 жасында, Нарынқол ауылындағы орта мектепке ауысты. Ол мектепте 7-сыныпқа дейін оқыды. Кейін 1948 жылы Шибұт ауылындағы орта мектепті тәмамдады.
Жүргізуші 2:
– Бәрін де біледі екенсіз ғой! Қызық, сол мектеп кезінен-ақ өлең жаза бастаған ба?
Жүргізуші 1:
– Иә, өлеңге деген қызығушылығы ерте басталды. 13-14 жасында-ақ табиғатқа, туған жерге, анасына арналған алғашқы өлеңдерін жазды.
Жүргізуші 2:
– Қандай керемет! Бірақ оның өлеңдерінен тек табиғатты ғана емес, өмірдің қиындығы да байқалатын сияқты.
Жүргізуші 1:
– Дұрыс байқадың. Мұқағалидың өмірі қиыншылыққа толы болды. Бірақ ол сол қиындықтарды өлеңімен жеңе білді. Анасына арнап жазған “Анама” өлеңінде ананың мейірімін сипаттаса, “Қайран жеңгем” өлеңінде жақындарына деген сағынышын білдірген.
Жүргізуші 2:
– Ал “Саржайлау” өлеңі ше? Ол сол кезде жазылған ба?
Жүргізуші 1:
(күлімсіреп) – “Саржайлау” туралы сұрауыңды күткен едім! Бұл өлең туралы айтқанда, екі маңызды нәрсені ескерген жөн.
Жүргізуші 2:
– Қандай нәрселер?
Жүргізуші 1:
– Біріншіден, “Саржайлау” Мұқағалидың балалық шағындағы жайлауға деген сағынышын көрсетеді. Бұл өлең оның туған жерінің әсемдігін суреттеген ең танымал туындыларының бірі.
Екіншіден, бұл өлең оның туған жерге, ұлттық салт-дәстүрге, табиғатқа деген махаббатын білдіретін символикалық туынды ретінде кейін жазылды.
Жүргізуші 2:
– Сонда бұл өлең тек табиғатқа деген махаббат емес, туған жерге деген құрметтің көрінісі ғой?
Жүргізуші 1:
– Дәл солай. Мұқағали үшін туған жер – тек өскен жері ғана емес, бүкіл болмысының бір бөлігі. Сондықтан оның өлеңдерінен сағыныш, махаббат, өмірге деген құштарлық бәрі сезіледі.
Жүргізуші 2:
– Керемет түсіндірдің! Енді “Саржайлауды” оқығанда оны басқаша көзқараспен қабылдайтын болдым. Рақмет!
Жүргізуші 1:
– Рақмет, сенің қызығушылығың мен сұрақтарың көп нәрсені ашады! Енді, Мұқағали Мақатаевтың осы өлеңі жайлы терең түсінік алған соң, оның жырын әнге айналдырған туындыны көруге, тыңдауға шақырғым келеді.
-
Көрініс: <Балалық шақ >
Сахна ашылады:(Аудио4)(табиғат даусы+видео ауыл табиғаты)
(Анасы киіз үйдің сыртында тірлік істеп, күнделікті шаруалармен айналысып отыр. Әжесі дастархан басында, киіз үйдің төрінде кітәп оқып отыр, Мұқағалиді күтеді. )
Мұқағали кіреді:
Кенеттен Мұқағали (14- жаста) Сахна сыртынан кіреді.
Диалог:
Анасы (жұмысын тоқтатпай):
– Балам, аш емессің бе? Кел, астан ал.
Мұқағали (таңырқап):
– Жоқ, аш емеспін. Әжем қайда?
Анасы (баласының көзіне қарап,):
– Әжең киіз үйдің төрінде отыр, кел, кір ішке.
(Мұқағали киіз үй керегесінен басын иіп, оң аяғымен аттап, төрге қарай беттейді.)
Мұқағали:
– Ассалаумағалейкум, Әжеу! Халіңіз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма?
(Әжесі оқып отырған кітабын ақырын жауып, жүзінде мейірім нұры ойнап, қолын жайып бата қайырады.)
Әжесі:
– Уағалейкум ассалам, құлыным! Аллаға шүкір, шырағым, денім сау. Өзімнен бұрын, Өзін жол жүріп, шаршамадың ба?
Мұқағали:
– Жоға, әже, жаспын ғой, шаршау деген менде бола ма?
Әжесі:
– А, жарайды, қарағым. Жас жүрек жалын атып тұр ғой. Алла қуатыңды арттырсын!
(Осы сәтте анасы қолына ағаш тостағанға құйылған шұбатты көтеріп, керегеден басын иіп кіреді.)
Анасы:
– Сәлем бердік, асыл Апа! Денсаулығыңыз мықты болсын!
Әжесі:
– Бақытты бол, қарағым! Қосағыңмен қоса ағар, балаларыңның қызығын көр!
Анасы:
– Алдымен, ас алыңыздар, шұбаттың дәмін татып көріңіздер.
Әжесі:
– Дастарханның ырыс-берекесін берсін, әумин! Көпке бұйырған несібе болсын!
(Әжесі бата қайырып, бәрі дастархан басына жайғасып, шұбаттан ауыз тиеді. Мұқағали анасы құйып берген тостағанды қос қолдап ұстап, бір жұтып, басын шайқап қояды.)
Мұқағали:
– М-м-м, шұбатыңыз қандай керемет, Әже! Дәмі тіл үйіреді екен.
Әжесі: (немересін мейірлене басынан сипап)
– Құлыным, сенің бойыңда бір ерекше қасиет бар. Алла бұйырса, сенің даңқың алты алашқа жайылады. Менің жүрегім сезеді. Тума талантсың, балам! Сен бұл жалғанда көп нәрсені жасай аласың.
Мұқағали: (жанарына ұшқын ойнап, шабыттанған күйде)
– Бұйырса, әже!
(Осы сөзден кейін Мұқағали т қаламы мен қағазын алып, жанына қойып, терең ойға шомады да өлеңдерің жазады. Анасы бір қолына сүйеніп, сүйсіне қарап отырады.)
3)Көрініс+Ән: (Аудио4)(табиғат даусы+видео ауыл табиғаты)
<Саржайлау>
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
4) жүргізуші Білім жолында (Cлайд шоу Мұқағали фотосы)
Жүргізуші 2:
– Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын көп адамдар жоғары бағалайды, бірақ ол ауылда жүріп танылмады ғой, солай ма?
Жүргізуші 1:
– Иә, дәл солай. Ол ауылда өлең жазып жүргенімен, оның шығармашылығы қалаға барып білім алған соң ғана кеңінен танылды. Мұқағали ауылда өлең жазуды жалғастырды, бірақ танымал болу үшін Алматыға, үлкен қалаға баруға тура келді.
Жүргізуші 2:
– Қалаға келгенде қай жерде оқыды? Қандай мамандықты таңдаған екен?
Жүргізуші 1:
– Мұқағали 1950 жылы Алматыға барып, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, әдебиет саласында білім алды. Бұл кезең оның шығармашылық дамуына үлкен әсер етті. Кейін, 1960 жылдары, ол Шет тілдер институтында да оқыды, сол жерде ағылшын тілін меңгеруге тырысты.
Жүргізуші 2:
– Мұқағали білім алуды тоқтатқан жоқ па?
Жүргізуші 1:
– Иә, ол тек филология факультетінде ғана оқып қоймай, кейін ҚазМУ-дың заң факультетінде де білім алған. Бірақ, ол оқуын аяқтамады, 1973 жылы Мәскеу қаласындағы Максим Горький атындағы әдебиет институтының студенті атанғанымен, бір жылдан кейін оқуын аяқтамай елге оралды.
Жүргізуші 2:
– Қызық екен! Олай болса, Мұқағали оқуын бітірмей оралуына не себеп болған? Елін, туған жерін сағынғаны ма?
Жүргізуші 1:
– Дәл солай! Ол өзінің елін, балалары мен туған жерін қатты сағынған болатын. Ол өзі айтқандай, оқу бағдарламасына көңілі толмады және шығармашылық жолында елін сағынғандығы оның өлеңдерінен қандай көрініс алғандығын тамашалайық.
-
Би: Шұғыла(аудио би)(табиғат видеосы)
III бөлім
-
2 жүргізуші (диалог) Махаббат(Мұқағали фотосы)
Жүргізуші 2:
– Балаларын сағынып деп айттыңыз, бірақ біз тым алысқа секіріп кеттік-ау. Мен Мұқағалидың махаббат оқиғасын естігім келеді. Әйелі кім болған? Олар қанша жаста танысты? Ал Мұқағали сол кезде кім болып жүрген еді?
Жүргізуші 1:
– Иә, дұрыс айтасың. Мұқағали 17 жасында өзінің болашақ жары 21 жасында Лашын Әзімжанқызымен танысқан.Лашынның шын есімі — Ләзиман. Жақындарының айтуынша, ер мінезді болғаны үшін жұрт оны Лашын деп атап кеткен. Ол кезде Мұқағали ауылында ұстаздық қызмет атқарып жүрген.
Жүргізуші 2:
– Қызық, Лашын сол кезде кім болып жұмыс істеген? Ол неге ауылға барған екен?
Жүргізуші 1:
– Лашын Әзімжанқызы – ауылға медбике болып жұмыс істеуге келген жас маман еді. Оны Қарасазға жіберген. Лашын тек өз ісіне шебер маман ғана емес, сондай-ақ тәрбиесі мен көркем мінезімен де ерекше болған.
Жүргізуші 1:
(күлімсіреп) – Иә, махаббат туралы әңгіме менің де лирикалық өлеңдері жанымды қозғамай қоймайды! Олардың алғашқы кездесуінен бастап-ақ ерекше сезім байқалған. Бірақ ол оқиғаға қазір жетеміз, сабыр сақта. Алдымен олардың отбасы болып құрған өмірі жайлы айтайық.
Жүргізуші 2:
– Иә, дұрыс айтасыз. Ендеше, қашан шаңырақ көтерді?
Жүргізуші 1:
– Мұқағали мен Лашын 1949 жылы шаңырақ көтерді. Олар бірге бақытты отбасы болып, бірнеше баланы тәрбиелеп өсірді. Мұқағали шығармашылық жұмыстарының көп бөлігін Лашынға арнап жазып, оның пікірін бірінші болып тыңдайтын.
Жүргізуші 2:
– Сонда Мұқағали ең алғашқы өлеңдерін де Лашынға оқытқан ба?
Жүргізуші 1:
– Иә, дәл солай. Ол жазған әрбір жаңа өлеңін ең алдымен Лашынға оқып беріп, оның пікірін тыңдайтын. Лашын – ақынның шынайы сынышысы әрі шабыт берушісі еді.
Жүргізуші 2:
– Неткен ерекше байланыс! Ал енді олардың қалай танысқаны туралы айтып берсеңіз.
Жүргізуші 1:
(күлімдеп) – Оны сөзбен айтып жеткізу қиындау, бірақ тамашалауға болады. Қазір біз сіздерге Мұқағали мен Лашынның танысу сәтін сахна арқылы көрсетеміз.
-
Көрініс: <Мұқағали мен Лашын>+Мәнерлеп оқу: (табиғат фотосы түскі уақыт)
Қыздардың бас қосуы
(Жылқы тағасының дауысы естіледі.)
(Сахнада 4 қыз топталып отырады. Біреуі шашын өріп отыр, қалғандары күліп, сыбырласып әңгімелесуде.)
1-қыз: (шашын түзеп)
– Қыздар, осылай қақшиып отыра бергеннен не пайда? Дәл қазір бір ән шырқасақ, көңіліміз көтеріле түсер еді.
2-қыз: (қуана бас изейді)
– Дұрыс айтасың! Ән айтып, сергіп қалайық.
(Қыздар хормен «Балапан қыз» әнін орындайды.)
Ән:
Бұл өлке – біздің ауыл жайлаған жер-ау,
Жүрерге асыл құлын байлаған жер-ау.
Көзіме от жалындай көрінді-ай,
Айқасып, құлын-тайдай ойнаған жер-ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Бұл өлке – біздің ауыл күзеген жер-ау,
Қаракөз бойын сылап, түзеген жер-ау.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
(Ән аяқталған соң, қыздар күліп отырады.)
1-қыз: (күліп)
– Ай, Лашын, сен де бір жігітке көңілің түсетін кез келген шығар?
2-қыз:
– Иә, бірақ саған лайық жігітті табу оңай емес қой.
(Лашын сәл жымиып, бірақ ештеңе демейді. Көзін алыстағы көкжиекке салып, ойға батып қалады.)
Мұқағалидың келуі
(Сахна сыртынан жылқылардың пысқырған дауысы шығады. Арт жақтан Мұқағали мен екі досы күліп, сөйлесіп келеді. Олар сахнаның бір бұрышына жайғасып, өзара әңгімелесіп, қыздарға анда-санда қарап қояды.)
Мұқағали: (Лашынға назарын салып, даусын баяулай шығарып)
– Жігіттер, ана қызды көрдіңдер ме? Ұзын бұрымы желкілдеп, қара көздері терең сырды жасырғандай, жүзінде нәзіктік пен ақылдың белгісі бар.
1,2-дос:
– Иә, көрдік. Оған не болыпты?
Мұқағали:
– Мен осы қызға үйленемін!
1-дос: (күліп, досының иығынан қағып)
– Қайдағы, бауырым? Ол қызға жету оңай дейсің бе?
2-дос: (мысқылдап)
– Сенің жолыңды ашатын жырларың шығар, ия?
Мұқағали: (өз сенімін жоғалтпай, орнынан тұрып)
– Көресіңдер әлі! Мен айттым – солай болады.
(Достары күліп, бас шайқайды да, Мұқағалимен бірге сахна сыртына шығып кетеді. Бірақ Мұқағали артта қалып қойып, Лашынға бір рет ұрлана қарайды.)
Хат жазу (Табиғат бейнесі, кешкі уақыт)
(Қыздар отыра бергеннен жалығып бір-бірін итеріп ойнап қуаласпақ ойынына ұластырып жібереді артқы фон)
(Бірнеше уақыт өткен соң сахнаның ортасына Мұқағали жалғыз шығады. Қолында қағаз бен қалам бар. Ойға шомып, мазасызданып ары-бері теңселе жүріп, хат жазады.)
Мұқағали: (өзіне-өзі)
– Бұл сезімді ішімде сақтай алар емеспін… Бәлкім, хат арқылы айтқаным жөн болар.
Мәнерлеп оқу:
Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
(Осы сәтте Мұқағалидың 1-досы байқатпай келіп қалады.)
1-дос: (басын шайқап, күлімсіреп)
– Қаламыңнан төгілген тағы бір жыр ма, досым?
Мұқағали: (досының қолына қағазды ұстатып)
– Келгенің дұрыс болды. Мына хатты Лашынға жеткізесің бе?
1-дос: (жымия, хатты алып)
– О-о, міне, ақынның махаббаты!
(Мұқағали кетіп қалады. Досы хатты ашып, оқуға кірімеді.)
Мәнерлеп оқу: досы(сыбырлап оқиды)
“Ғашықпын.
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.”
– Ә-ә, Мұқағали!
(Досы хатты бүктеп, Лашынға апарып береді. Лашын жалғыз сахнада қыздарды іздеп жүрген кезіне тап келеді, хатты алады да, ұяла қарап оқиды.)
Мәнерлеп оқу:
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бұл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.
Лашынның әсері
(Лашын хатты оқып отыр. Беті қызарып, еріксіз жымиып қояды. Ойынға алаңсыз берілген қыздар жанына жиналып қалады.)
1-қыз: (сыбырлап)
– Не деп жазыпты?
2-қыз:(күлімсіреп)
-Ұялсаң етті ,көрініп тұр ғой. Махаббат хаты екені.
Лашын: (қысылып)
– Қойшы, сендерге қатысы жоқ…
(Лашын хатты бүктеп, жүрегіне жақын жерге қояды. Көрермен оның жымиғанынан жүрегінде сезім пайда болғанын байқайды.)
Сахна соңы
-
Ән: Мен деп ойла (видео)
Сағындым ғой дедің ау, жаным маған,
От көрдің бе таулардан мамырлаған,
Сол менің ақжарыңнан ақжалыны,
Аулақтап ауылыңнан дамылдаған.
Кайырмасы:
Мен деп ойла, самал боп есип өткен,
Мен деп ойла, нөсерді есі кеткен,
Мен деп ойла, өзіңді әр күн сайын,
Мен деп ойла, өзіңді мен ойла.
Естідіңбе аспанның күрсінгенін,
Сол менің саған деген тылсым демім,
Ұйықтап жатса оянсын, ояу болса,
Күңіренген жанымды білсін дедім.
IV бөлім
-
2 жүргізуші (диалог):
Жүргізуші 1:
– Біз жаңа ғана Мұқағалидың махаббаты жайлы әңгімеледік. Бірақ оның өмірі тек махаббатпен ғана шектелмейді. Ол – қазақтың ұлы ақыны, халықтың жүрегінен орын алған тұлға.
Жүргізуші 2:
– Дұрыс айтасыз. Ақынның шығармашылығы оның өмірінің айнасы іспеттес. Мұқағали мен Лашынның махаббаты мызғымас тірек болса, поэзиясы – оның жан дүниесінің сырласы болды.
Жүргізуші 1:
– Мұқағали үшін отбасы әрдайым бірінші орында тұрды. Ол өмірінің соңына дейін жары Лашынға, балаларына деген сүйіспеншілігін жырмен өрнектеп өтті. Ақын өз отбасын қандай қиындық болса да сақтап, сүйікті жар, асыл әке бола білді.
Жүргізуші 2:
– Бірақ ақын үшін бұл өмір оңай болмады. Ол шынайы талантын толық таныта алды ма? Қоғам оны қалай қабылдады? Оның тағдырындағы ең ауыр кезеңдер қандай болды?
Жүргізуші 1:
– Осы сұрақтардың жауабын біз қазір көреміз. Назарларыңызға Мұқағали Мақатаевтың ақындық жолы мен өмірінің соңғы сәттерін баяндайтын бейнематериалды ұсынамыз.
-
Кино үзінді монтаж көрсетіледі:
3)2 жүргізуші (диалог):
Жүргізуші 2:
– Мұқағали тек ақын ғана емес, қазақ руханиятының символы іспетті.
Жүргізуші 1:
– Дұрыс айтасың! Оның әр өлеңі – жүректің үні, әр шумағы – өмірдің шындығы. Мұқағалидың шығармашылығы – біздің рухани қазынамыз.
Жүргізуші 2:
– Ендеше, біз ақынның шығармаларын одан әрі зерттеп, келер ұрпаққа насихаттауымыз керек.
Жүргізуші 1:
– Мұқағалидың поэзиясы тек оқу үшін емес, оны сезіну үшін жазылған.
(Осы сәтте сахнаға қоңырау дауысы естіледі. Жүргізушілер , бір-біріне қарайды да сахна ішіне кіріп кетеді)
4)Көрініс : <мектеп >
Мұғалім:Қош келдіңдер балалар! Міне Мұқағали Мақатаев атамыздың өмір жолындағы бір үзік сырмен бөлістік!
Ал, енді өлеңдерін білетін оқушылар болса, сұрап көрейік!
Ернұр
Мадина
Ұлжан
Сымбат
Нұрай
Оқушы 1 : Үш бақытым (аудио7)
Ең бірінші
бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал
менен.
Оқушы 2: Қиын не бар?
Мың құбылған
қуаныштан, дерттерден,
Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?
Мен келемін өз жанымды зерттеумен,
Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.
Арзан не бар ойнау менен күлуден,
Қымбат не бар, адам сырын білуден?
Мен әуремін, өз сырымды білумен,
Кеше бұзып, өкінемін бүгін мен,
Жылдарымды еске аламын бүлінген.
Адамдардың жаны менен жүрегін,
Ойлайтын ем, бір кісідей білемін...
Ажырата алмай шуақ, түнегін,
Танығанға мәз болыппын іреңін.
Ертең басқа, бүгін жақсы көргенім,
Өз көзіме өзім,
Ғажап!
Сенбедім.
Кесерткідей ауыстырған ендерін,
Түсінбеймін қылығына пенденің.
Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген,
Жақыныңның жат боларын кім білген.
Адамдарды зерттей алмай жүрмін мен,
Оны зерттеу мүмкін емес, білдім
мен...
Оқушы 3: Елім барда
He сыйлайды,
не береді келер күн?!
Неде болса тірі тұрсам көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің,
Көгендегі қозысымын мен елдің.
He сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар - менің таусылмайтын баытым,
Ал ырысым - ұланғайыр кең далам.
He істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,
Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса екен
бақытты.
Оқушы 4: Бүгін менің туылған күнім
Бүгін менің
туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін»,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
...Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып
кетейін...
Оқушы 5: Шыда, шыда
Шыда,
шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек қула таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады,
алысуға...
Мұғалім : Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас өлеңді ешкім.
Өзі - уақыт биігінде!
2 ) Ән бәрі бірге: (видео+музыка) Есіңе мені алғайсың
Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Онаша жалгыз калганда
Есіңе мені алғайсың
Арманда жаным арманда
Жок деген созге алданба
Есіңе мені алғайсың
Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқағали Мақатаев Іс шара

шағым қалдыра аласыз