|
МАҚСАТЫ:
Білімділік: оқушыларды поэзияда өзіндік із
қалдырған ақиық ақын М. Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық
еңбегімен таныстыру; Дамытушылық: М. Мақатаев поэзиясының
халыққа кең таралуының сыры неде екенін таныту,
сезіндіру; Тәрбиелік: ақынның шығармалары арқылы
шындықты, сұлулықты қадірлей білуге үйрету,
тәрбиелеу. Көрнекілігі: бейнежазба, өлеңдер, ақын
туралы бейнебаян, көрініс,
өлеңдер.
Әдеби кештің өтілу
барысы
Жүргізуші
Армысыздар, өлеңсүйер,
өнерсүйер қауым! Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ
қарлы, Алатау жаққа шарқ ұрған, асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты
талмастан, биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевқа
арналған «Мұқағали поэзиясына
саяхат» атты әдеби-сазды кешімізді
ашық деп жариялаймыз!!!
Өлмеу үшін – құлқынды
жемдеу үшін,
Мен-дағы өлең жазбаймын
ермек үшін
«Жаздым үлгі жастарға
бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле
сөнбеу үшін», -деп ұлы Абайдан көп нәрсе
үйреніп, Абай салған соны соқпақ жолда әдеби ұлттық дәстүрді одан
әрі жалғастыру жолында Абайға көбірек үңілген, «ғасыр ақыны»
атанған М.Мақатаевтың бүгін туылған күні. Осыған орай ақынды 1
минут үнсіз еске алайық! (1 минут
үнсіздік)
Жүргізуші
Сырым да осы,
Жырым да осы,
Алдыңда.
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда
, - деп бір күндік сәуледей
ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали ақын ортамызда
болғанда «Арыз жазып кетейін»
өлеңін жырлар
еді.
Қуаныш «Арыз жазып
кетейін» өлеңі
Жүргізуші
«Кең дүние, аш төсіңді мен
келемін» - деп Бұқары мен Ақтамбердісі,
Махамбеті бар, Абайы мен Мағжаны, Қасымы бар киелі өлкеге балалық
еркелігі мен, азаматтық арыны мен келді.
«Менің
анкетам» өлеңіне
қойылған көрініс –
Қуаныш пен
Темірлан
Қазақ жері ұлылығымен
танылған. Туған жерін жырлаған ақын үнін
тыңдасақ Мұкағалидың өз
даусымен айткан өлеңін тыңдату.
(видео)
«Сәби болғым келеді» м.
Мақатаев (ВИДЕО)
Поэзия
- Нүкібаева Махаббат
(мәнерлеп
оқу)
Жүргізуші: Ендігі кезекте Мұқағали
поэзиясына саяхатқа шықсақ.
«Естеліктер»
аялдамасы
«Жазылар естеліктер мен
туралы…» деп ақынның өзі жырлағандай
Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында бүгінде ақынның
әр ісін аңыз қылып айтып, ақын жайлы естелік жазбағандары
кемде-кем. Сол естеліктердің бірнешеуіне көз
жүгіртсек…
1. Дильназ - Фариза
Оңғарсынова
2.Амина - Жары Лашын
Әзімжанова
3.Нұрлан - Ақынның ұлы Жұлдыз
Мұқағалиұлы
4.Алима - Бибігүл
Төлегенова:
5.Әділ - Нұрғиса
Тілендиев:
6.Досжан - Мұқағалиды зеттеуші
ақын Оразақын Асқар
7.Медет - нағашысы Әбіжан
Құтпанбаев мырза
«Есіңе мені алғайсың» әні
орындалады.
«Отаным –
отбасым»
аялдамасы
Мұқаңның 35 мың жолға жуық
өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын
өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. М.Мақатаев 10 жасқа
келгенде сұм соғыс басталып, 32-нің ашаршылығы мен 37-нің нәбетінен
халық есін енді жия бастағанда, қайтадан қара жамылды. Ақынның
балалық шағының нағыз қызық сәті ойын-күлкісіз өтеді.
Ер-азаматтардың орнын жұтатпай, бұғанасы бекіместен колхоздың
жұмысына араласады. Мектеп оқушысы Мұқағалидің алғашқы өлеңі де сол
соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған. Үш ай бойы хабарсыз
кеткен әкесін ойлап, жабырқап жүрген Мұқағали бір күні сабақтан
келісімен дәптерін аша салып, әжесі мен шешесіне сол өлеңін оқып
береді.
Әке аманаты –
Мақсат
Апырмай, Туған жер-ай! –
Амина
Қазақстаным –
Сая
Ей, Бауырым! –
Медеу
Майгүліме –
Аружан
Менің кішкентай күнім –
Айдос
Ғасырлар перзенті –
Шалқар
«Ана сен
бақыттысың» орындайтын 10 сынып оқушысы
Нығметова Аяужан.
«Жылатады, жұбатады
- Өмір»
аялдамасы
Жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия
– мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы.
Халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын,
өмір жұпарын жыр етеді.
-
Не сыйлайды, не береді келер
күн?!. – Медет
-
Ей өмір –
Айдос
-
Қызық өмір -
Алима
«Көнеміз
ғой» әні. Орындайтындар: Қуаныш пен
Темірлан
«Ғашықтың тілі – тілсіз
тіл»
АЯЛДАМАСЫ
Жүргізуші:
Мұқағали –адамдар арасындағы,
өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы. Ақын ұлы
сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен
суреттеген лирик ақын.
Махаббат диалогы - Зекенова Әмина мен Болатбеков
Рахат
Ғашықпын – Нұролдина
Балғын
Анашым өлеңі –
видео.
«О, Махаббат» ани
- Назарбеков
Досжан
Ақын шығармаларының үлкен бір
саласы- оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда».
Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында
жарияланды.
Аққулар ұйықтағанда
көрініс – Болатбеков Рахат – шал ,
Зейнуллина Аружан – ана, Назарбеков Нурлан – автор, Досжан -
әке
Гүлімнің орындауында Қазақ
биі
Табиғат
аялдамасы
Ақынның «Аманат» жыр жинағы
2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның
13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар. Соның бірнешеуі
табиғат лирикасы жайлы.
Айхай далам
-Ермек
Сап-сары жапырактар –
Ернар
Қыстың күні –
Аяужан
Жапырақ жүрек жас
қайың! (Видео).
Айгеримнің орындауына ән
жарығым-ай
Жүргізуші
Көп адам дүниеге бой
алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
-деп Абай атамыз жырлағандай,
45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр
ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине,
ақынның мол, таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу
мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын
таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали
Мақатаевқа арналған «Мұқағали поэзиясына саяхат» кешімізде өз
мәресіне жетті. Келесі кездескенше аман-саулықта
болыңыздар.
|