Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1. Ақын шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу. 2. Өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байыту, ойды қозғау, шығармашылық қабілетін дамыту. 3. Туған жердің қасиетін сезіндіру, оқушының бойында оған деген сүйіспеншілік пен махаббатты ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Сабақтың мақсаты: 
1. Ақын шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу.
2. Өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байыту, ойды қозғау, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Туған жердің қасиетін сезіндіру, оқушының бойында оған деген сүйіспеншілік пен махаббатты ояту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ - жауап, суреттерді пайдалану, салыстыру жұмыстарын жүргізу, ой қорытындысын жасау.
Сабақтың түрі: Интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.

а) Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Интерактивті тақтадан М. Мақатаевтың портретін көрсету.
ә) М. Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылығынан мәліметтер беру.

Мұқағали Мақатаев өмір жолы 

б) Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдңрінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдердің бірі – «Сүйемін, өскен Отаным» – дей келе интерактивті тақтадан табиғат көріністерін көрсете отырып, өлеңді оқу мәнері жақсы оқушыларға оқытамын.
в) Оқушылар іштерінен өлеңді тағы да оқып шығады.
г) Балалардың алдына ағаштың суретін таратамын.
Олар ағаштың әр бұтағына М. Мақатаев өз өлеңінде нені сүйетінін жазып, толтырады.
д) Екі өлеңдегі төрт тармақты екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін интерактивті тақтадағы сызбаға қарап салыстырамыз.
е) Балалар сендер осы М. Мақатаевтың өлеңдерінен нені байқадыңдар?


Балалар:
- М. Мақатаев аға дарынды ақын екендігін байқадық.
- Сөздерінің сұлулығын байқадық.
- Туған жерін өте қатты сүйетінін байқадық.
- Ойының асқақтығын байқадық.
М. Мақатаев өлеңінің соңында туған жерге қарыздармын, сондықтан да беремін талай жырымды дейді.
- Ал, сендер туған жерлеріңді сүйесіңдер ме?
- Өздерің туған жерге не берсем деп ойлайсыңдар? – деген сұрақтарға жауап алынады.
Балалар туған жер туралы өте көп мақал - мәтелдер бар. Сендер мына мақалдардың жалғасын табыңдаршы:
1. Туған елдей ел болмас,
.............
2. Кісі елінде сұлтан болғанша,
.............
3.
4.
Балалар туған жер туралы тағы қандай ақын - жазушылардың шығармаларын білесіңдер? Оларды жатқа айтатындарың бар ма? Өздерің туған жер туралы өлең жазып көрдіңдер ме? – деген сұрақтар беріледі және жауап алынады.
М. Мақатаевтың өлеңдеріне көп әндер жазылған. Соның бірі «Саржайлау» өлеңі. Сендер осы әнді тыңдай отырып, «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңінің мазмұнына сәйкес сурет салып көріңдерші, - деген тапсырма беріледі.

Қорытындылау: Ақын күнделігінен

14 ақпан 1976 жыл

«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.»

 «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы



5. Үйге тапсырма:
1. «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Суретті аяқтау.
3. Өлеңдегі сөздерді пайдаланып, сөзжұмбақ құрастыру.
4. Бір шумақ өлең жазу.
6. Білімдерін бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі