Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№104 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Байгалиева Багдат Мукатаевна
Күні: 28.01.2021. Сыныбы: 6 ә
Сынып жетекші: Байгалиева Багдат Мукатаевна
«Бұлқынып жатыр» Мұқағалидың өз даусы
/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңінің желісімен
«Бақыт деген – сенің бала күндерің...» атты танымдық шығармашылық сабақ.
Сабақтың мақсаты: «Бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік», «мейірімділік» сияқты құндылықтарының мағынасына түсінік бере отырып, оқушылардың ойын ұштап, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанының патриот азаматы болуға, еліне, халқына деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі. Шығармашылық сабақ
Көрнекі құралдар: слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі – оқушылармен амандасу, түгендеу;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Балалар, мейірімділік тақырыбында суреттер салып, бақыт сөзінің қыры мен сырын түсініп, талдауға дайындық, ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысып келу тапсырылған. Ізденіс жұмыстары берілген. Орындап келдіңіздер ме? (оқушылардан үй тапсырмасы сұралады)
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
1.Балалар, бақыт деген не өзі?
2.Бақытты болу үшін адам не істеу керек?
3.Өмірдегі әр қуанышты сәттің мәні неде?
4.Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек деп ойлайсыздар?
5.Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айтуға болады?
6.Бақыт туралы қандай мақал- мәтел айта аласыздар?
7.«Бақытың өз қолыңда» (оқушылар өз ойларын ортаға салады)
ІV. Жаңа сабақ
-
Жазылар естеліктер мен туралы...(Ақын М. Мақатаев рухымен сырласу)
-
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңінің желісімен алынып отырған
«Бақыт деген – сенің бала күндерің...» танымдық сабақта оқушыларға «Бақыт» сөзінің сырын ашу,сырласу,түсіну.
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн кұрметті ұстаздар, қонақтар, жыр әлемін қадір тұтатын сүйікті шәкірттер! Бүгінгі танымдық тәрбие сабағымыз жыр дүлдүлі, Мұзарт жырдың мұзбалағы, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналады.
Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінің желісімен алынған «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолынан алынған естеліктерге де назар аудара отырайық., қымбатты оқушылар.
1-жүргізуші:
- О, тәңірім!
Дүниеге келді бір сәби, іңгалап үні жағымды,
Бұл не, ғажап жыр-әуен, тыншытпай тұрған жанымды?!
Беймезгіл шақта безілдеп, жылауы тегін емес қой,
Ұл туды бүгін байқаймын, жалынды, нұрлы, дарынды –
демекші, қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының Алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күні бүгінде бүкіл қазақ даласында тойлануда.
2-жүргізуші:
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.
Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық - шынымен бақытты халық.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» (слайд)
Ең бірінші бақытым – Халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
1-жүргізуші:
Ақын Фариза Оңғарсынова: «Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол - ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті», - дейді.
М.Мақатаев «Фаризаға» өлеңі.
Мұғалім сөзі: Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Әл Фараби
Әр адам өз өмірінің бақытты болуын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рақатқа бөленеді. Сол себепті де арман-тілегі орындалған адамның бойына өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілік мол болады. Әр ісінің нәтижесінде қуана білген адамның бағы арта түседі. Бағы жанған адам таусылмас дәулетке, зор байлыққа кенеліп, сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады.
Адамдар арасындағы қарым - қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір пейілі тар, ниеті жаман адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бәсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақталастықтан сақ болу керек. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен әрбір батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.
Мұғалім: М. Шаханов « Бақыт геометриясы» өлеңі
Солай, солай... Енді, ақыным, мұнда бұрыл,-деп мені
Шындықтағы ертіп барды жұпыны үйге шеткері:
-Терезеден қара, — деді, жақын тұрып қарадым,
Төрде отырған қос жұбайға түсті кенет жанарым.
Бөлме іші тым қарапайым, ортада ақ дастарқан,
Дастарқанда тек қара нан, қос түйір қант тасталған...
Күйеуі айтты: "Жалақы алдым, ертең базар баралық,
Саған, жаным, ерекше әсем көйлек іздеп табалық!
- Көйлегім бар,- деді әйелі(қабағына мұң қонды),
Бір бешпетпен жүрсің өзің, міне, қанша жыл болды...
Екеуі де менен бұрын оған шаттық қонса деп,
Алдыменен ол қуансын, оның көңілі толса деп,
Бір-біріне сый ұсынып, бірін-бірі жақтады,
Бірін-бірі ардақ тұта ортақ ойға тоқтады.
Көрші аулада баласы өлген жалғыз кемпір бар екен,
Шетсіз, шексіз кең дүние ол сорлыға тар екен.
Бұлар қатар шуақ төге ізетті іске өрісті
Сол кемпірге қыстық киім әперуге келісті.
"Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене,
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?
Деп қиялдап әр биіктен көрсетіппіз бекер бой,
Қымбаттым-ау, сөйтсек бақыт қанағатта екен ғой.
Егер бүгін аласарса мекеніңнің шоқтығы,
Оған себеп - қанағатсыз адамдардың көптігі...
О, тәңірім,
Қанағатпен басар болса аптығын,
Мүмкіндік бер қадірлеуге жауымның да шаттығын!
Сахналық көрініс. «Бақыт деген не?»
V. Сұрақтар топтамасы:

3.Бақытты болу дегенді қалай түсінесіздер?
4.Өмірдегі әр қуанышты сәттің мәні неде?

6. Бақыт туралы қандай мақал- мәтел айта аласыздар?
7. «Бақытың өз қолыңда»
(балалардың өз ойлары тыңдалады, мұғалім қорытындылап шығады)
2-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны. Ол «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» деген өлеңінде: «Мен өзім жайында мынаны айтам: мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ...» деп жазған екен.
Шыбықтарым кешегі шынар болып өседі.
Көктемдегі көйлегін күзде ағаштар шешеді.
Тоңбау үшін ақ қарда, тоң киеді ақпанда,
Қарайды кеп қара ағаш қайың сырға таққанда.
Жалғасы бар,
Жырымның жалғасы бар.
Жырларым жылдарменен
Жалғасыңдар, – деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, оның үні мәңгілік жалғасуда. Олай болса, "Поэзия-жүрек кілті" Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу үшін оқушыларды ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші:
«Бақыт деген – бақ құсы»
Бақыт жайлы өмірде
Талайлар пікір таласқан.
Шын бақыт, ол адамның
Рухымен ішкі санасқан.
Бақыт деген – денсаулық,
Тіршілігің жарасқан.
Бақыт деген – уақыт,
Тағдырыңмен санасқан.
2-жүргізуші:
Бақыт деген – адал жар
Көңілге қаяу салмайтын.
Бақыт деген – ұрпағың
Өміріңді жалғайтын.
Бақыт деген – қуаныш
Көңілің көкке жететін.
Бақыт деген – жұбаныш
Барға шүкір ететін.
1-жүргізуші:
Бақыт деген – арманың
Қиял қуып өтетін.
Бақыт деген – ақиқат
Иманды жан ететін.
Бақыт деген – тазалық
Тән рақатын табатын.
Бақыт деген – байлығың
Жоқшылықты жабатын.
Бақыт деген – бақ құсы
Сан сынаққа салатын.
Қонғаның да ұшқанын
Білмей өзі қалатын.
Ән . (әнді қосу)
«Бақыт деген – сенің бала күндерің!» Айжан Нұрмағанбетова (тыңдау)
Бақыт деген – сенің бала күндерің. Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
Бақытсыз – ақ бақытты боп жүргенің. Сол арманның шыққан жері құмардан.
Бақытын да, басқасын да білмеуің, Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –
Бақытсыз – ақ ойнағаның, күлгенің. Бақыт деген жаза алмаған шығармаң.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім. Бақыт іздеп, мал бақ, мейлі тас қала,
Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң. Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыты сол – тәрік етіп түндерін, Бақыттысың, бақыт іздеп сорласаң,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде – кім. Бақытты боп сорлап жүрген масқара!
Бақытың – мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім –
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім.
VI. Қорытынды. «Бақыт қайда барасың?» Қаблиса (Қабан жырау) толғауынан үзінді.
1-жүргізуші:
- Бақыт қайда барасың?
- Ата-анасын сыйлаған,
Ұйымшылдық ойлаған,
Тату жанға барамын.
2-жүргізуші:
- Бақыт қайда барасың?
- Өсірген жақсы баласын,
Сыйлаған ата-анасын,
Көргенді ұлға барамын.
1-жүргізуші:
- Бақыт қайда барасың?
- Балбұл жанған көрікті,
Ұл мен қызы серікті,
Берекелі үйге барамын.
2-жүргізуші:
- Бақыт қайда барасың?
- Ұлы, қызы есейген,
Ауызбірлік күшейген,
Әдепті үйге барамын.
1-жүргізуші:
- Бақыт қайда барасың?
- Балбыраған бесікте,
Қайыры бар есікте,
Балалы үйге барамын.
Мұғалім:
VII. Қорытындылау. Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер.
Мұқағали поэзиясы - әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге.
Бүгінгі сабақта біз бақыт дегеніміз - ой - арманның орындалуы, қуанышты сәттің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы екенін білдік.
VIIІ. Үйге тапсырма
«Армансыз адам –қанатсыз құспен тең!» тақырыбына ой толғау жазып келіңіздер.
Балалар, бүгінгі сабақтағы жұмыстарың туралы ойларыңды, орындаған тапсырмаларыңды «WhatsApp» мобильді қосымшасына жіберіңдер.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңінің желісімен «Бақыт деген – сенің бала күндерің...»

шағым қалдыра аласыз