400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай өткен сайыс сабақ "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыстың тақырыбы: «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, шығармашылығымен кеңінен таныстыру, насихаттау;

Көрнекілігі: слайд, портреті, өлеңдер жинақтары, нақыл сөздер.

Сайыстың барысы:

(Слайд қосылып, Мұқағалидың «Құмған алған» әні орындалып тұрады

Мұғалім:Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағалидың өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, айшықтала түсуде.Ол өмірде көп қиындық көрді, жалғыздықтан жапа шекті,төңірегіндегілердің түсінбеушілігінен қажыды, өмірінің қуаты аз болды. Бірақ шындап ұққан адамғаМұқағали – өмірдің шын рахатын мейлінше сезініп өткен аса бақытты адам.

-О, Мұқа, сезесің бе, сезесің бе,

Еліңді аралап жүр елесің де.

Әндерің шырқалады әр ауылда,

Сөздерің әр қазақтың өресінде.

Халқыңның ақыны боп жаралғансың,

Қарасаз топырағынан нәр алғансың.

Қазақтың қара өлеңін шекпен жауып,

Қайтарып, аңыз болып таралғансың,-

дей келе бүгінгі ақиық ақынның 90 жылдық мерейтойына арналған сайысымызға хош келдіңіздер демекпін.

1-топ: 9-сынып оқушылары

2-топ: 10-сынып оқушылары

3-топ: 11-сынып оқушылары

Сайыстың жоспарымен таныстыра кетсем: Сайыс сегіз кезеңнен тұрады

1. Таныстыру.

2. «Поэзия, менімен егіз бе едің?!».

3. «Мен қаншалықты білемін?» сұрақ-жауап.

4. «Ән - көңілдің ажары».

5. «Жырлайды жүрек».

6. «Айтылар естеліктер мен туралы...».

7. «Аққудың қанатына жазылған жыр».

8. «Жүрегімді менің өлеңдерімнен ізде».

І кезең: «Таныстыру» - әр топ таныстыруға арнап дайындаған буклеттерін әділқазылар алқасына тапсырады (жоғарғы ұпай саны – 5 балл)

ІІ кезең: «Поэзия! Менімен егіз бе едің ...» - топтың бір мүшесі ақынның 1 өлеңін мәнерлеп, жатқа оқиды

ІІІ кезең: «Сұрақ-жауап» - Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар ( Әр топ кезекпен бір-бір сұрақтан, барлығы төрт сұраққа жауап береді, әрбір дұрыс жауапқа

1 ұпай беріледі, топ жауап бере алмаса жауап беру мүмкіндігі келесі топқа беріледі))

1. Мұқағалидың шын аты кім? (Мұқаметқали)

2.Мұқағалидың әкесінің аты? (Сүлеймен)

3.Мұқағалидың әжесінің аты? (Тиын)

4. Мұқағалидың ұрпақтары? (Екі ұлы - Айбар, Жұлдыз. Қыздары - Алмагүл, Шолпан, Майгүл, Ләззат )

5.Мұқағали қай жерлерде білім алған? (Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі,

Қаз МҰУ-дың филологоия факультетінде, Мәскеуде М.Горкий атындағы Әлем әдебиеті институтында)

6.Қай жерде дүниеге келген? (Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген)

7. Қай ақын қызға арнап өлең жазды? («Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» өлеңі, Фариза Оңғарсынова )

8. Қандай аудармалары бар? (Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімі; Шекспирдің «Сонеттері»; Уолт Уитменнің өлеңдері)

9. Қандай кітаптары бар? («Аппосионата», «Ильич», «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің»)

10. Қандай поэмалары бар? («Жан азасы», «Райымбек, Райымбек!», «Ару-ана», «Бала шақтан болашаққа», «Ақ қайың әні», «Мұзбалақ», «Аққулар ұйықтағанда» )

11. Қандай баспасөз орындарында жұмыс істеген? («Социалистік Қазақстан», «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналында қызмет етті

12. «Мұқағалидың жары кім? (Лашын Әзімбаева)

ІҮ кезең «Ән-көңілдің ажары». Әр топтан бір қатысушы ақынның бір өлеңін әуенімен орындайды.

V кезең - «Жырлайды жүрек» Топ мүшелері ақиық ақынға арнаған жүрек жарды өлеңдерін оқиды. Сонымен қатар еркін тақырыпта ақын туралы ойтолғау жазу.

VІ кезең «Айтылар естеліктер мен туралы» - Ақын жайында жазылған естеліктерден шағын үзінді оқиды. (Авторына сілтеме жасау міндетті)

VІІ кезең - «Аққудың қанатына жазылған жыр» - поэма желісі бойынша тест сұрақтарына жауап береді. Жауап парағын әділқазылар алқасына тапсырады. (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

1. Поэмада қай таудың аты аталған?

а) Алатау; ә) Қаратау;

б) Тянь- Шянь; в) Ұлытау;

2. Тәуіп шалдың балаға емі?
а) көлдің суымен емдеу;
б)ішірткімен емдеу;

ә) аққудың қанатымен емдеу
в)аққумен аластау.

3. Аққуды атуға кім барады?
а)Анасы; б)Тәуіп шал;
ә)Әкесі; в)Көршісі

4.Поэмада жырланған көлдің аты?

а)Жетімкөл; б)Алакөл;

ә)Марқакөл; в)Балқаш.

5.Халқымыз қандай аң-құстарды киелі деп санаған?
а)Сұңқар; б)Аққу;
ә)Бүркіт; в)Шағала.

6. Анасын оқ атуға итермелеген қандай күш?
а)Балаға деген сүйіспеншілік;
б)Аққумен баланы аластау;
ә)Пайда көру;
в)Құсты жек көру.

7.-Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?

Аққуға кезендерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба? - деген өлең жолы кімнің сөзі?

а)Көршінің сөзі; б)Жылқышынікі;

ә)Тәуіп шалдікі; в)Ананың сөзі.

8. Поэмада кездесетін құстардың аты?
а)көкқұтан, шүрегей;
ә)бозторғай, қараторғай;
б)аққу; шағала:
в)сұңқар; бүркіт.

9. Ауру баланың әкесі неге қарсы оқ атуға жүрегі дауламады?
а)Аққуға
ә)Қасиетке
б)Киеге
в)Тыныштыққа

10. Аққулар кеткеннен кейінгі Жетімкөл жағдайы?
а)Ортайды
ә)Толыпты

б)Жоғалыпты
в)Жағасын жалбыз жауыпты

VІІІ кезең - «Жүрегімді менің өлеңдерімнен ізде». Көп нүктенің орнына қажет сөзді тауып қойып, орысшаға, кейін ағылшыншаға аудару

1..Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ-құшақ ... шоқтарын лақтырып,

Мынау шапан, мынау атың мін демей. (Гүл-цветок-flower)

2.Жігітінен қазақтың ... таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. (Дос-друг-friend)

3.Аспаныңдай кей сәтте күрсінемін,

Жас талыңдай жауқазын бүршік едім.

Кең дүние, керемет қалпыңменен

... болып кеудеме кірші менің. (Жүрек-сердце-heart)

4.Ең ... бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтың кенін. (Бірінші-первый-first)

5.Жапырақ жүрек, жас қайың,

Жанымды айырбастайын.

Сен ... бола бастасаң,

Мен қайың бола бастайын (Адам-Человек-man)

6.Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,
Қарт қалғымай күзетші боп бекінді.
Сәл ұйықтаса ... немере төрт жаққа
Көзден ғайып болатұғын секілді. (Төрт-четыре-four)

7.Мен ... болсам, сен таң болдың жаңа атқан,

Мен - ашу да, сен - ақылсың нәрі аққан. (Түн-ночь-night)

8.Өкінбе, ... отың бар сөңбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным. (Әке-отец-father)



- Жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған, жұртым, елеңдестің,

Өлсе – өлер Мұқағали Мақатаев,

\ Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-

деген ақын сөзін еске ала отырып, назарларыңызға мектебіміздің 2016 жылғы түлектері дайындаған видеороликті ұсынғым келеді. Біз видеороликті тамашалап болғанша әділқазылар өз шешімдерін жариялауға дайын болады деп ойлаймын. Дипломдармен жеңген топты марапаттау.





Осымен 9-10-11 сыныптар арасында өткен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты сайысымыз тамамдалды. Топтардың жүлдесін анықтау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
2284
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі