400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұқағали Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сезіммен өлең өрген жыр пырағы М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясы, композициясы туралы теориялық білім беру.Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету; оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Уақыты:14.02.2017

Пәні: Әдебиет Сыныбы:8ә Пән мұғалімі: А.Мұқанбетова

Сабақтың тақырыбы:

М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 2-сағаты

Мақсаты:

Сезіммен өлең өрген жыр пырағы М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясы, композициясы туралы теориялық білім беру.Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың  қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету;

оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Поэманы түсініп оқып, өз ойын ашық, еркін жеткізе алады. Сыныпта топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қарым-қатынас орнатады. Шығармашылық жұмысқа дағдыланады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, рөлдік ойын, кейіпкерге хат, дебат, талдау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, семантикалық карта

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, стикерлер, АКТ құралдары, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі, Табиғаттың, аққудың суреттері, бейнежазба

Жүру барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


Оқушыларды үш топқа бөлу.

1-топ - «Ғалымдар»

2-топ – «Суретшілер»

3-топ – «Әртістер»

Бағалау парақшалары беріледі.


Топ басшысы бағалап отырады.

Білу

Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс


Үй тапсырмасы Топтық жұмыс

1-топ «Ғалымдар»

«Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы» презентация қорғайды.

2-топ «Суретшілер»

«Жетімкөлдің суретін салу» және ақынның сөзбен салған суретін жатқа айту

3-топ «Әртістер» Қалаған эпизод бойынша көрініс көрсету


Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.

Түсіну

Жаңа сабақ





Композициялық жоспар құру

Оқиғаның басталуы: Жетімкөлдің сұлу табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: Көл еркесі – сұлу аққулар

Оқиғаның дамуы: Ауру бала мен шарасыз ана
Оқиғаның шиеленісуі: Тәуіп шалдың сәуегейлігі мен сорлы ананың шешімі

Оқиғаның шарықтау шегі: Киелі аққуға оқ ату
Оқиғаның шешімі:. Аққуынан айырылған «Жетімкөл»



Сөздік жұмыс:

Қасиет – айрықша ерекшелік, жақсы белгі.

Қасірет – басқа түскен уайым-қайғы

Сызат – болар-болмас сызықтың ізі, жарықшақ

Тегеш – ас-су құюға арналған шұңғыл үлкен ыдыс.

Қаныпезер – жауыз, қанішер

Желік – бір нәрсеге елігіп құмарлану

Кәззап – жексұрын, алаяқ, оңбаған

Аракідік – анда-санда

Жалбыз – сулы жерде, бұлақ басында өсетін хош иісті, көпжылдық дәрілік өсімдік.



Тақтаға жеке-жеке шығып орындайды.











Сөздік жұмысты дәптерге жазып алады.

Қолдану

Топтық жұмыс

Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдау


Балалар, Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не? Идеясы қандай?

Тақырыбы: Сұлулық, Махаббат, Зұлымдық

1-топ Аққу қандай құс?Аққу құс туралы не білеміз?

2-топ Ананың адам өміріндегі орны қандай?

3-топ Табиғаттың адам өміріндегі орны қандай?

Оқушылар бірлесе отырып, постер дайындайды, қорғайды.Бірін-бірі критерилер арқылы бағалайды.

Талдау


1.Поэмадағы табиғат әсемдігін, көл сұлулығын, құс төресі – аққудың сұлулығын суреттейтін үзінділерді тауып, көркемдегіш құралдарға талдау.

Теңеулер: Жаңбырдың тамшысындай, қарақшыдай, шашымдай ма ең...

Сарқытындай өлімнің қалған қарға...


Эпитеттер: тәкаппар құс, мөлтілдеген көз жасы, ақ қанатын сабалап, ортаймаған, қара орман, сүмбіл шаш.

Метафора: Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын...

Тауың анау – шымылдық салбыраған... аққу мойын, аққу бала...

2.Жеке оқушылармен жұмыс

Семантикалық карта

Кейіпкер сөзі

Ана

Әке

Жылқышы

Тәуіп шал

-Мана күндіз тәуіп шал не деп кетті?!

+




-Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?


+



«Аққуменен баланы аластаңдар»




+

«Жалғыз ұлдан артық па жалған бәрі»

+




-Ей, кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма?



+


3.Проблемалық сұрақ:

Ананың әретіне көзқарасың қандай?

1-Жақтаушы топ –Ұстанымы «Аққуды атуға болмайды?»

2-Даттаушы топ – Ұстанымы «Аққуды атуға болады?»

Өлеңнен үзінділерді оқып, мысалдар келтіреді, талдайды.

3 оқушы тақтаға мысалдар жазады.











Жеке оқушылар орындарынан белгілейді. Көшбасшы тексеріп бағалайды.












Пікірталас (дебат)

Спикерлер өз пікірлерін айтады.

Формативті бағалау(смайлик, жүректер арқылы)

Жинақтау

«Кейіпкерге хат»

Ойларын жинақтайды, қалаған кейіпкерге хат жазады.


Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу. Бір-бірін бағалайды.

Бағалау

«Автор орындығы»

Мен автор болсам, поэманы қалай аяқтар едім?

Оқушылар жеке орындыққа отырып, өз ойларын айтады.

Бағалау


Бағалау парақтары бойынша ұпай сандарын есептеу

Топ басшылары бағалау парақшасы бойынша есептейді.

Жиынтық баға шығару

Рефлекция

«Табиғатқа аялы көзқарас»

Көкте ұшқан аққу суреттерін алып, жақсы тілектерін айтып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, «Жетімкөлге» қондыру.

Аққу суреттеріне рефлекция жазып көлге жапсырады.

Үйге тапсырма:

Үйге тапсырма:
«Аққу – көлдің еркесі» эссе жазу.


Үй тапсырмасын алады.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1016
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі