400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағали Мақатаевтың махаббат лирикасы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы:10

Тақырыбы: М.Мақатаевтың махаббат лирикасы

Мақсаты:

а) Білімділік.Ақынның өміріне қысқаша шолу, махаббат лирикасына талдау жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру;

ә) Дамытушылық.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ақыл-ойын, саутты оқып, қатасіз жазуға дағдыландыру. Ақиық ақынның жырларымен таныстырып, оқушылардың махаббат лирикасы туралы туралы түсініктерін дамыту;

б) Тәрбиелік.Оқушыларға махаббат лирикасын оқи отырып сұлулық пен махаббатты тануға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік әдіс – баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, «Мұқағали» Республикалық әдеби-мәдени, танымдық журналының жинақтары, «Мұқағали шығармалары», «Жүрек арызы» сынды өлеңдер жинағы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушызейінін сабаққа аудару.

2.Сабақтың мақсатымен,тақырыбымен таныстыру.

2. Мақсат қою кезеңі:Ақынның өміріне қысқаша шолу, махаббат лирикасына талдау жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

3. Жаңа материалды меңгерту кезеңі:

Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.Анасы Нағиман батанқызының айтуынша: «Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді. ... Тиын деген енем бар еді ...

Мұқағали бастауыш сыныптарды Қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып,үлкен мектепті аудан орталаығы – Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты.Ауқаттлардың балалары Алматы аып,үлкен оқу іздеп жатқанда,ол ауылдық кеңесте хатшы болып қызметке тұрды.Он төрт-он бес жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ.Төбесі аласа үйге қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап,бірінен кейін бірін оқитын да жататын.Ауылдың атқамінерлері сол кезде-ақ таңданатын: «нағиман шеше,сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр» - дейтін... Сөйтсем,өзін-өзі оқытыпты ғой, шырағым».

М.Мақатаевтың ақындық қабілеті бала кезінде-ақ белгі берген. Бала кезінен көптің назарына ілікен Мұқағали ауыл арасындағы қағыс-айтыстарға да түсіп,әріптестеріне алдырмайды екен.1962жылы Алматыға көшеді.Қазақ радиосында директор, «қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болады.

Өлеңдері: «Отыздан асып барамын», «Дариға,домбырамды берші маған», «Фариза», «Бір бала», «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!», «Көңілім», Күміс жалды үн дейтін көлікпенен. «Тұрсын солай, болсын солай бәрі», «Самұрыққа мідім бе?», «Жүрегімде жүрген-ай бір қауіптің» де т.б.

Поэмалары: «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек»

Кітаппен жұмыс: Кітаптан Мұқағалидың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба?

О, тәңірім! Неткен жан қайырылмайтын!

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!



Ғашықпын.

Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.

М.Мақатаев лирикасының ірі саласының бірі – махаббат лирикасы. Олай болса Мұқағалидің өзіне сөз берейік «Өмірдің өзі тұнып тұрған поэзия дейміз, алайда, сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, танитын талант сезінетін сезім керек. Әрине, есі дұрыс, басы жұмыр пенденің бәрінде де сезім бар, сезнбеуі мүмкін емес. Себебі, қуанады, шаттанады, мұңайады дегендей... Алайда сезіну бар да, сезімдерге айтып жеткізу, мойындату да бар ғой. Міне осы тұста адамдар дараланады. Әр халық өзінің сезім енші бөліп, сеніп тапсырып, дүниеге өзінің сезімтал елшілерін жібереді. Оның аты – Ақын. Адамның сезімі алынбас қамал. Аумалы да төкпелі, құпиясы тереңде жатқан алуан сырлы адам сезіміне сезім ғана тебірентіп, сезім ғана өктемдік ете алады. «Жүрекке әмір жүрмейді» деп айтатынымыз да сондықтан » деп жазады ақын.

4. Түсінігін тексеру кезеңі:

«Ғашықпын! Шын ғашықпын,сол адамға», «О, махаббат, сен әлі тірі ме едің», «Арулар», «Махаббатым өзімде», «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», «Махаббат диалогы», «Хат», Байқалмайтын махаббат, «Мен сені ұнатамын...», «Махаббат па?»

М. Мақатаевтың лирикалық өлеңдерін оқушыларға тапқызып, 3 қатарға 3 түрлі өлеңді мәнерлеп оқыту, талдату.

5. Бекіту кезеңі:

  • Жастар,қазіргі кезде шынайы махаббат бар деп ойлайсыңдар ма?

Оқушылар: Әрине,бар деп ойлаймыз.Әрбір адамның өмірінде махаббат сезімі кездеседі ...

Махаббат – мәңгілік,ешқашан өлмейтін сезім деп ұғатындарын айтты.

  • Тойға шақыру билеттерінде қос аққу салынады.Неге деп ойлайсыдар?

Оқушылар:Аққу – махаббаттың рәмізі ... Аққулар бір-бірінен айырылмайды.Біреуі өлсе,екіншісіде өледі.Жастардың махаббатын осы аққулардың махаббатына теңеген ғой.

Оқушылар «Арулар» атты өлеңін оқиды.Бұл өлеңде арулардың қоғамдағы рөлі,әйел есімі,ең алдымен адамды жаратушы ,отау иесі,бала тәрбиешісі, аруларға деген махаббат сүйіспеншілігі талданып,өлеңнің көркемдігіне ерекше мән берілді.

«Топтастыру» әдісі бойынша «Мұқағали қандай?» екендігі толтырылды.



Поэзияның асқар шыңы







қара өлеңнің шебері



лирик ақын





Shape1

Мұқағали







қайта туған ақын

патриот ақын





сыршыл ақын





- О, махаббат! Сен әлі тірі ма едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің,

Елтіген түнім едің.

О, махаббат сен әлі тірі ма едің?

О, махаббат, сен әлі тірі ма едің?

Мен де енді тірілемін,

Алдыңда ақ періштем жүгінемін,

Қолдай гөр ғашықтықтың пірі мені! – деп Мұқағалидің өзі тебіренгендей жер бетінде махаббат барда Мұқағалидің өлеңдері өлмей, оның есімін тірілтіп – жасай береді!

6. Бағалау кезеңі:

(Оқушыларды әділ бағалауға тырысамын)

7. Үйге тапсырма беру кезеңі:

1. Ақиық ақын – Мұқағалидің махаббат туралы кез-келген өлеңін жатқа оқу, талдау.

2. «Мақатаев – лирик ақын» тақырыбында шығарма жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
2658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі